400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Қазақ халқының қалыптасуы үдерісінің аяқталуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының қалыптасуына алғышарттар қалыптасқаны туралы түсінік беріледі
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:


7.3A XIII – XV ғғ. Қазақстан

Мектеп: Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебі


Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Якубова Амангул Жумабаевна


Сынып:

7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қазақ халқының қалыптасуы үдерісінің аяқталуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

 7.1.1.3 ежелгі және ортағасырлар тарихының оқиғалары арасында байланыс орнату арқылы қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерін анықтау


Сабақ мақсаттары

7.1.1.4 «қазақ» этнонимінің мағынасын түсіндіру

Бағалау критерийлері

Білу мен түсіну:

- халық болып қалыптасуы үшін қажетті бірнеше белгілерді кластер түрінде беру арқылы қазақ халқының қалыптасуына алғышарттар қалыптасқанын түсінеді

Қолдану:

- мәтіндегі ақпаратты оқып, кілтті сөздердің негізінде тірек-сызба жасайды.

Білу мен түсіну:

«Ұлы Дала елі» ұғымының мағынасын түсінеді.

Қолдану:

- кескін картаға үш жүздің аумағын және өз руының қай жүзге кіретінін белгілейді.


Дескриптор

  1. халық болып қалыптасуы үшін қажетті кем дегенде 3 шартты атайды.

  2. «Қазақ» атауының шығуы жөнінде 2-ден кем емес пікірді атайды.

  3. Дерек негізінде қазақ халқының қалыптасуына әсер еткен ру-тайпаларды анықтайды және мағынасын ашады.

  4. Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз аумағын картада белгілейді , жүздерді басқарған хандарды атайды.

  5. Өз руының қай жүзге жататынын анықтайды.

Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология:

Халық, «қазақ» атауы, қазақ жүздері

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті шарттар ...

Жүздердің пайда болу себептері ...

Құндылықтарды

дарыту

Қазақстандық патриотизм

Құрмет

Ынтымақтастық

Академиялық шындық

Ашықтық

Жаһандық азаматтықты тәрбиелеу

Моңғол шапқыншылығынан кейін құрылған мемлекеттер қазіргі таңдағы қазақ ұлтының қалыптасуына әсер еткенін түсінеді.

АКТ

қолдану дағдылары

Интерактивті тақтадан бейнематериал қарайды

Оқытудың түпнұсқалылығы

Қазіргі таңда Еуразия аумағындағы бірнеше мемлекеттің тарихы моңғолдармен байланысты және олардың келбетінен монголоидтық белгіні байқауға болатынын түсінеді.

Пәнаралық

байланыстар

Дүниежүзі тарихы, қазақ әдебиеті , география

Бастапқы білім

Қазақстан жерінде моңғол экспансиясына дейін түркі тілдес тайпалардың этносаяси бірлестігі қалыптасқанын және олардың әлеуметтік – экономикалық, саяси, мәдени жағдайын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут









4 минут




3 минут










(М) Ұйымдастыру кезеңі (Оқушыларды түгендеу, қолайлы атмосфера қалыптастыру)

Берілген суртеттер негізінде жаңа тақырыпқа шығу.

Көрсетілген суреттерде не бейнеленген?

Суреттердің арасында қандай байланыстар болуы мүмкін?

Бүгінгі сабағымызға қандай қатысы болуы мүмкін?


Сабақ мақсаты, критерийлермен таныстыру.


(Б) Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қандай шарттар болуы қажет деп ойлайсыз?

Оқушылар берілген сұрақ шеңберінде өз пікірлерін ортаға салады. Жалпы сыныптық талқылау ұйымдастырылады.


Кейін оқушыларға халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті шарттар таныстырылады:

1. халықтың өзіне тән мәдениетінің қалыптасуы;

2. халық мекендеген аумағының қалыптасуы;

3. өзін бір халықтың өкілі санайтын елдік, халықтық сананың орнығуы;

4. халықтың тілінің қалыптасуы;

5. халықтың ортақ атауының қалыптасуы;

6. халықтың өзіне тән антропологиялық бет пішінінің қалыптасуы.


Презентация




Сабақтың ортасы


7 минут







15 минут


5 минут


(Б) Бейнематериалмен жұмыс

«Қазақ» атауының шығуы жөнінде қандай пікірлер бар?

Бейнематериал қарап шыққаннан кейін берілген сұрақ төңірегінде оқушылар өз пікірлерімен бөліседі.

(Б) Қазақ атауының қалыптасуы жөніндегі пікірлермен танысады.

  • Академик В. В. Радлов «Қазақ» сөзінің мағынасы тәуелсіз, ерікті адамдар деп жазады.

  • Ш. Ш. Уалиханов «қазақ» өте қадірлі сөз, күшті, мықты, шабытты дегенді білдіреді дейді.

  • 1871 жылы В.И.Григорьев сақтардың өмір сүруі, күн көрісі қазақтарға өте ұқсас екендігін айта келіп: «Біздіңше «сақ» деген атау «қыпчақ» және «қазақ» (қассақ) деген сөздердің морфемаларында сақталған» деп жазады

  • А. Н. Бернштам: «қазақ» сөзі кас - пи мен сақ тайпасының бірігуінен пайда болған деп тұжырымдайды.

  • Зерттеуші А. Әбдірахманов: «қазақ» сөзінің төркіні қаз және оғ (оқ) деген екі сөздің қосылуынан жазылған: оғ - көне түркі тілінде ру, тайпа дегенді білдіреді. Қазоғ (оқ)- қаз тайпалары деген ұғымды білдіреді.


(Д) Мәтінмен жұмыс.


Оқушылар мәтінді оқып шығып, кілтті сөздердің негізінде тірек-сызба жасайды.


Қорытынды талқылау жұмысы. Өзара бағалау.




https://www.youtube.com/watch?v=Oo6w1AK6x7w





Дерек



http://lms.nci.kz/history

Сабақтың соңы

3 минут


Презентация

Сабақтың басы

3 минут

Қолайлы атмосфера қалыптастыру

Сабақ мақсаты, критерийлерін еске түсіріп өту.


Сабақтың ортасы

5 минут









3 минут







10 минут







10 минут


(Б) Берілген ұғымды қалай түсінесіздер?

«Ұлы Дала елі» - Тәуелсіздігінің айнымас символикаcы, мемлекеттік күш-қуаты, Отанымыздың көп этникалық халқының бесігі, айрықша мәртебесі, халқымыздың кеңпейіл дархандығы.


М) «Қазақ жүздерінің пайда болуы» бойынша шағын шолу жасау. Берілген тұжырымға тоқталу.

Ш.Уәлихановтың зерттеулері бойынша «Қазақ жүздерінің құрылу себебі, олар көшіп қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрған. Ол одақ -қазақ жүздері».


Б) Картамен жұмыс. Кескін картаға үш жүздің аумағын және өз руының қай жүзге кіретінін белгілейді.

Дескриптор: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз аумағын картада белгілейді

Өз руының қай жүзге жататынын анықтайды.


Ж) Өз отбасының шежіре ағашын жаса





http://e-history.kz/kz/scorm

7 минут

2 минут

Қорытынды жұмыс: Ақиқат/Жалған

Рефлексия

Білемін...

Есте сақтадым...

Істей аламын...


Үй жұмысы

Мәтіндермен қосымша жұмыс жасау


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабілетті жоғары оқушы берілген тапсырмамен шектелмей, көбірек орындайды.

Оқушылар жетістік критерийлері және дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалайды. Сонымен қатар мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.


Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеге ноқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
398
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі