15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ халқының қолданбалы өнері
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ: |
Мектеп: Бозтал орта мектебі |
||||||
Күні: 04.02 |
Мұғалім: Қолғанат Ақгүл |
||||||
Сынып: 3 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар:
|
|||||
Бөлім: |
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының қолданбалы өнері |
||||||
Оқу мақсат: |
3.1.2.2 Қазақ халқының және әлем халықтарының қолданбалы өнерінің ұлттық ерекшеліктерін анықтау және суреттеу |
||||||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар орындай алады: Көпшілік алдында сөйлеуге қойылатын талаптарды біледі; Көпшілігі орындай алады: Мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды; Кейбір оқушылар орындай алады: Қазақ халқының ұлттық оюларының түрлерін ажырата алады |
||||||
Ойлау дағдылары |
Айтылым |
||||||
Бағалау критерийлері |
Әртүрлі ұлттық қолөнер бұйымдарына тәң ерекшеліктерін анықтайды; Ұлттық қолөнер бұйымының суретін салады. |
||||||
Құндылықтарды игерту: |
Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік |
||||||
Пәнаралық байланыс: |
Әдебиетті оқу, математика
|
||||||
Тілдік мақсаттар: |
Әртүрлі ұлттық қолөнер бұйымдарының өздеріне тән ерекшеліктерін сипаттайды. Оқушылар келесі сұраққа жауап береді:
Ұлттық қолөнер бұйымдарын безендіруде шеберлер қандай ою-өрнектерді қолданады? |
||||||
Осыған дейін меңгерілген білім |
Өнер түрлерімен танысуды жалғастырады, көркем материалдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларың жетілдіреді. |
||||||
Жоспар |
|||||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
|||||
Сабақ басы
10 мин
|
Сәлемдесу Ұлттық қолөнер бұйымдарын (жиһаз, ертоқым, ыдыстар және т.б.) көрсетіңіз (бейне ролик, презентация және т.б.).
Алдынғы сабақтарда музыка өнерімен таныстыңыздар, музыкалық аспаптарды талдадыңыздар, бүгінгі сабақта ұлттық қолданбалы өнерімен танысасыздар. Оқушыларды
бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу
мақсаттары және сабақ мақсаттарымен
таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін
нәтижеге назар аудару қажет. |
Миға шабуыл әдісі
Қағаздар,қорап
оқулық |
|||||
Сабақ ортасы
25 мин
|
Сыныпқа арналған сұрақтар:
Оқушылардың қаралатың тақырып аясындағы білімін тексеріп алыныз. Қолөнер, қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Қолөнер бұйымдарын талдау Оқушылармен бірге ұлттық қолөнер бұйымдарын (мысалы, теріден жасалған торсықты, күмістен жасалған зергерлік бұйымдарды, киізден жасалған текеметті және т.б.).қарастырыңыз, олардың ерекшеліктерін талдаңыздар. Оқушыларды топқа бөліңіз, тапсырманы түсіндіріңіз. Оқушылар өз топтарында белгілі бір ұлттық қолөнер бұйымын жан-жақты қарастырады, оларды жасауда қолданылған материалдарды, безендіруде қолданылған ою-өрнектерді талқылайды, бұйымның ерекшеліктерімен танысады. Оқушылар жинаған ақпараттарын постер ретінде визуациялап сынып алдында таныстырады. Топтарда берілген сұрақтарды талқылаңыз: 1. Сіздер қандай бұйым қарастырып отырсыздар? 2. Көрсетілген бұйым қалай безендірілген? 3. Қандай материалдан және қалай жасалған? Сипаттап беріңіз? Оқушылар жасаған постерлерімен басқа топтарды таныстырады, өз ойларын ортаға салады, бірге талқылайды, әр ұлттың ою-өрнектерінің ерекшеліктерімен танысып, оларға сипаттама береді. Тәжірибелік жұмыс Оқушылар өздеріне ұнайтын ұлттық қолөнер бұйымын және оны безендіру стилін таңдайды. Оларды безендіру үшін қолданатың ою-өрнектерді анықтайды. Оқушылар А4 форматы көлеміндегі қағазға ұлттық қолөнер бұйымының суретің салады (мысалы, торсық, тостаған, зергерлік бұйым, музыкалық аспап және т.б.). Дайын суретті оқушылар ұлттық ою-өрнектермен безендіреді. Тәжірибелік жұмысты орындау алдында оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертіңіз. Оқушыларды орындалатын жұмысқа қойылатын талаптармен және бағалау дескрипторларымен алдын ала таныстырыңыз. Оқушылармен барлық орындалған жұмыстарды жинап алыңыздар. Ортақ фонға жабыстыра отырып, сәндік композиция құрастырыңыздар. |
Ойлан, жұптас, бөліс әдісі
карточкалар
Дерексөздер тәсілі
|
|||||
Сабақ соңы 5 мин
Үй тапсырмасы |
Бағалау Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз. Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды Рефлексия: Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? |
Карточка |
|||||
Қосымша ақпарат |
|||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен
байланыс |
|||||
|
|
|
|||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
|
||||||
Жалпы баға Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады. Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2.. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
|
|||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген