400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қазақ халқының ұлттық ойындары" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
ойынның түрі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс жұмыс Тақырыбы: «Кім көп біледі?»

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың сабақтан алған білімдерін пысықтау.

2. Оқушылардың өз білімдерін жеткізе білу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Ортада өзін ұстауға, сабырлылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Плакаттар, шарлар

Түрі: Жарыс сабақ

Әдісі: Сұрақ - жауап

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Құрметті ұстаздар,тәрбиешілер, оқушылар бүгінгі оқушылар арасындағы «Кім көп біледі?» атты сыныптан тыс сабағымызға қош келдіңіздер.

Сайыс 6 бөлімнен тұрады

1. Таныстыру

2. Топ сайысы (әр топқа 6 сұрақ қойылады)

3. Естімеген елде көп (логикалық сұрақтар )

4. Жалғасын тап (мақал - мәтелдерден жарыс)

5. Жеті жұрттың тілін біл (жұмбақтар шешу; қазақша, орысша жауабын айту)

6. Топ басшылар сайысы (3 сұрақтан беріледі)

1 - жүргізуші:

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздей өренді

Білімнің нәрлі сырына

2 - жүргізуші:

Ал келіңдер, келіңдер,

Бір - біріңе еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Бәйгеге қатысып көріңдер.

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма.

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие – тәлім табар ма.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға сол алда - дей отырып сайысымызды бастаймыз.

Бірінші бөлім бойынша топтар өздерін таныстырады.

1 – топ: Қыран тобы

Ұраны: Біз қыранбыз, қыранбыз

Бәйгеде біз алдамыз

2 - топ : Жасұлан тобы

Ұраны: Бұл айтыста болма бос

Біліміңе білім қос

Екінші бөлімі бойынша әр топқа 6 сұрақ беріледі.

1 топ: Қыран тобы

1. Білім күні (1 қыркүйек)

2. Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра)

3. Республика күні қай күн?(25 қазан)

4. Ұя салмайтын құс (көкек)

5. 1 жұмыртқа пісіру үшін 5 минут қажет 4 жұмыртқа пісіру үшін неше

минут қажет?

6. Қазақтың тұңғыш ғарышкері (Тоқтар)

2 топ: Жасұлан тобы

1. . Елтаңба авторлары кім? (Шота Аман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков)

2. Бір сыйлықты орау үшін 30см жылтыр қағаз керек, 7 сыйлыққа қанша см керек?(2м 10см)

3. Қазақстан халқы өзінің тұңғыш президентін қашан сайлады? 1991ж 1.12

4. Қазақстан туының авторы? Ш. Ниязбеков

5. 1 кг мақта ауыр ма 1 кг темір ауыр ма?

6. ҚР - ның Ата заңы қай жылы қабылданды? (30 тамыз 1995ж)

Үшінші бөлім « Естімеген елде көп» логикалық тапсырмалар

1- топ: Қыран тобы

1. Су астында сіріңке жағуға бола ма? (болады егер сүңгуір қайықта болсаң)

2. Қандай сұраққа иә деп жауап бере алмайсың? (Ұйықтап жатырсың ба?)

3. Қандай ыдыстан тамақ жеуге болмайды? (бос)

2-топ: Жасұлан тобы

1. Жұмылған көзбен не көруге болады? (түс)

2. Адам үйден биік секіре ала ма? (үй секірмейді)

3. Шайды қай қолмен араластырған дұрыс? (қасықпен)

Төртінші бөлім «Жалғасын тап» мақал - мәтелдер жарысы

1-топ: Қыран тобы

1. Арқанды ат... (қазығына оралар)

2. Жылы - жылы сөйлесең,... (жылан інінен шығар)

3. Ұстазы талантты болса,

Шәкірті... (талапты болар)

4. Ертеңгі асты тастама,.... (кешкі асқа қарама)

5. Ас атасы - ......../нан/

6. Өз елім -........................../өлең төсегім/

2-топ: Жасұлан тобы

1. Оқу білім бұлағы,............. /білім өмір шырағы/

2. Әдептілік белгісі,................./иіліп сәлем бергені/

3. Кітап білім................. /бұлағы/

4. Тіл қылыштан да......................../өткір/

5.Отан үшін отқа түс................../күймейсің/

6.Отан ........................../оттан да /ыстық

Бесінші бөлім «Жеті жұрттың тілін біл» жұмбақтар шешу,қазақша,орысша жауабын айту

1-топ: Қыран тобы

1. Жүз теңгең болғанша жүз....... болсын (дос друг)

2. Футболшының алаңдағы ойын заты (доп - мяч)

3. Қабат – қабат қаттама, ақылың болса аттама (кітап - книга)

4. Жеті қазынаның бірі (ит - собака)

5. Ұшқан.... жүгірген аң бәрі тамақ (құс - птица)

6. Сағат сайын қағылады

Тек мектептен табылады. (Қоңырау - звонок)

2-топ: Жасұлан тобы

1. Бірінші байлық (денсаулық - здоровье)

2. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі (көктем - весна)

3. 5 пен бестің қосындысы (он - десять)

4. Мені жұтсаң қуанып,

Тыныс алып тұрасың (ауа - воздух)

5. Ең қымбат адам (ана - мать)

6. Қалқиып екі құлағы

Елеңдеп қорқып тұрады (қоян - заяц)

Алтыншы бөлім топ басшылар сайысы

1-топ: Қыран тобы

Метаграммалар

1. Ж - дан басталса жыл мезгілі

Қ - дан басталса ол құс белгілі (жаз , қаз)

2. Егер т - дан бастасаң –

Биіктердің биігі.

Егер д - бастасаң.

Қиындардың қиыны.

Екеуің де алып тастасаң.

Балықшының бұйымы.

/тау, дау, ау/

2-топ: Жасұлан тобы

1. Г - ден баста, мен кілең.

Ажарымын өмірдің.

К - ден баста, мен енді

Қалдығымын көмірдің.

/гүл, күл/

2. К - ден егер бастасаң –

Шомыласың суына

Ш - дан егер бастасаң –

Жазда аунайсың құмына.

/көл, шөл/

1- жүргізуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл мықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

2-жүргізуші:

- Міне балалар сайысымыз өз мәресіне жетті. Енді сөзді әділ қазылар алқасына береміз. сайыс болған жерде жеңімпаз болу керек. Ендеше жеңімпаз қай топ екенін білейік.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
1241
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі