400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ халқынық киелі үйі

Материал туралы қысқаша түсінік
Киіз үй қаңқасын немесе киіз үй сүйегін атадан балаға мирас болып келе жатқан шеберлік кәсіпті меңгерген, өнер қонған шаңырақтар дайындайды.киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:Қазақ тілі Пән мұғалімі: Рахмиденова Майбирям Усупжанқызы

Сабақтың тақырыбы: Киіз үй Сабақтың мақсаты: Балаларды киіз үй құрлысымен таныстыру.Баланың сөздік қорын молайту арқылы, салт – дәстүр туралы ұғымдарын қалыптастыр Балалардың бойына ата – мұра құндылықтарын қастерлеуге салт – дәстүрді біліп – үйренуге тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Түсіндіру, әңгімелеу, ойын сұрақ – жауап, жұмбақ шешу. Сабақ барысы: Шаттық шеңбер
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз. Киіз үй - қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп - қонғанда тез жиып, шапшаң тігуге ыңғайлы.Біздің қазақ халқы ертеде қыста қыстауға, жазда жайлауға көшіп жүрген. Көшіп қонуға ыңғайлы болсын деп осындай киіз үйлер дайындаған. Бұл киіз үй қыста жылы, жазда салқын болған. Киіз үй негізінен ағаштан жасалып, киізбен жабылған. Сондықтан киіз үй деп аталған. Қане айтып көріңдерші – киіз үй. Біздің орыс тілінде - Юрта деп атайды.Қане балалар юрта деп айтып көрейікшіЖарайсыңдар балалар, киіз үй негізі төрт бөліктен тұрады.Кереге, уық, шаңырақ және есігі сықырлауық деген бөліктерден тұрады екен.Қазақта керегең кең болсын, шаңырағың биік болсын, уықтай көп болыңдар, есігің достарыңа әрқашан ашық болсын деген осы. Қане қайталап айтып көрейік: Дидактикалық ойын «Киіз үй» ойнатылады.
Көтеріліп шаңырақ (қолдарын жоғары көтереді)
Уықтары шаншылып (қолдарын жоғары көтереді)
Керегелер керіліп (алақандарын ашады )
Өрім дей болып өрілер (қолдарын белге қояды)
Бәріміз бірге жүрсек айналып, киіз үй болып көрінер. Киіз үй құрлысын атап береді.
- Кереге, шаңырақ ,,уық,,
босаға, сықырлауық,
табалдырық, маңдайша.
Киіз үй жабдықтарын атап береді.
- Іргелік, туырлық, үзік, түндік, ши, есік. Қабырғасы тор көз,
Төбесінде зор көз. (Кереге, Шаңырақ)
Тұмсығын тесіп.
Жүннен бұйда есіп
Қазыққа байлады. (Уық )


Төбедегі көзінен.
Күн сәулесі түседі.
Бұрышы жоқ төрінен.
Самал еркін еседі. (Киіз үй )


Жетпіс екі найзасы.
Біріктіріп тұрады. (Шаңырақ) Сергіту сәті: Кел балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Шаңырақты көтеріп,
Керегені құрайық.
Уықтарша иіліп,
Шаңыраққа қосылып.
Қазақ үйді құрайық.. Сабақты қорытындылау: Киіз үйдің қандай бөліктері бар екен? - Киіз үйдің құрылысы қалай аталады екен? жұмбақ жасырып сабақты қорытындылайды:
Төбедегі көзінен.
Күн сәулесі түседі.
Бұрышы жоқ төрінен.
Самал еркін еседі. (Киіз үй)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
535
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі