400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ хандығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ хандығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дәрежесі бейге хат

Ер болып өссін балақан

Ат қой десе балаға,

Есімі болсын Иманжан.

Жігіт болсын өнерлі,

Ел жұртына беделді.

Қамқоры болсын халқының,

Ақылға диқан кемелді.

Сөзімнің жоқ дүр қатасы,

Ғұмырлы бол ботасы.

Қабыл болар, әлеумет,

Ердің біздей батасы.

Отырып тойда көңіл шат,

Тумаға арнап қойдым ат,

Тіледің- бата берейін,

Жиналған көп азаиат.

Ашып бөбек ұйқысын,

Тілегіме ұйысын,

Айтылған бата сөздерім,

Құлағыңа құйылсын.

Асанқайғы бабадай саналы бол,

Ғаріпке әз Жәнібектей паналы бол,

Керейде Дәстем салдай саналы бол,

Атақты Келден бидей балалы бол,



Ер Дәулендей халқыңның батыры бол,

Махамбеттей жұртыңның ақыны бол,

Дау- жанжал болдырмасқа ат салысқан,

Қараменде шешндей мақұлды бол.

Қожаберген бабадай киелі бол,

Көшебе Итемірдей биелі бол.

Базар сайын бес жүзден атан сатқан,

Байұлы Наурызбайдай түйелі бол.

Маралдай көпке тисін шапағатың,

Шөңкедей арта берсін шапағатың,

Жетім- жесір жарлыға пана болған,

Жолндай елге тисін шапағатың.

Тобықты Әнет бидей баталы бол,

Кіші жүз Әйтекедей аталы бол,

Бектердей қамқа киген оқалатып,

Еменәлі Жабайдай опалы бол.



Балтада Итікелей қарулы бол,

Қанжығалы Жантайдай азулы бол.

Кіші Арғын Жәнібектей ер атанып,

Өлеңде, дастанда да жазулы бол.

Қазыбектей халқыңның данасы бол,

Қарабастай жұртыңның бабсы бол.

Үш жүздің Бөгенбайдай панасы бол,

Қазақта әз Тәукедей тақытты бол,

Керейде Есенейдей бақытты бол.

Топ болса қобыз тартып, өлең айтып,

Ән шырқап Салқарадай шабытты бол.

Үш жүздің Абылайдай тірегі бол,

Марабайдай ақыны- жүрегі бол.

Еліңе Жанатайдай айтулы бол,

Қобыланды батырдай білегі бол.

Қыпшақта Қойлыбайдай аруақты бол

Таузарда Алдабектей ардақты бол

Төре-биге тізгінін бермей өткен,

Найманда Барлыбайдай салмақты бол.



Сүйіндік, Олжабайдай келбетті бол,

Тәттіқара жыраудай зейнетті бол.

Сыбан,Шоедай еліңнің сен ұйытқысы,

Тәттімбеттей халқыңның күйшісі бол.

Белгібай, Күлекейдей білікті бол,

Беріште Исатайдай жүректі бол,

Халқыңның қамын жеген ертелі кш

Қарауыл Қандай бидей тілекті бол.

Ақыл-ой мен түр-сымбат бірдей келген

Аулабайдай ажарды, ретті бол.



Тоқсан бидей көп жасап, жүзге келіп,

Зілқарадай мал-басың өсіп-өніп,

Кетпес байлық, таусылмас қажырлы өтер

Түсіңде көмек берсін Қадір келіп,

Жыраудың Бұқар сынды өрені бол,

Сансызбайдың ғаскердің керегі бол

Алд- артын ойлай кесіп- пішетұғын,

Адамның Қарабидей зерегі бол .



Көшебеде Тәбейдей беделді бол,

Сүйіндікте Көтештей өнерлі бол

Кіші арғында Жанақтай жауырынды,

Үмбетейдей жырға бай, кемелді бол.

Өз туысың Шоң бидей қадірлі бол,

Сәтбай атаң секілді сабырды бол.

Ел жауының қамалын талай бұзған

Балтада Тұрсынбайдай жалынды бол.



Нашандай қан майданда айбарлы бол,

Ер Асхаттай шайқаста қайратты бол.

Қабанбайдай жігіттің берені бол,

Сардардың Ертарғындай өрені бол.

Ерсары мен Баяндай әулетті бол,

Едіге би бабаңдай сәулетті бол.

Ғаскерді ат-түйемен жабдықтаған,

Керейде Тұрыпбердідей дәулетті бол.

Орынбайдай еліңнің шешені бол,

Ер Сырымдай халқыңның көсемі бол.

Көшебе Майлы бидей тым көреген

Даулы істе сөзге ұста, көшелі бол.

Кіші Арғын, Шоқай бидейамалды бол,

Атығай Шал ақындай шалымды бол.

Шектіде Арыстандай биазы бол,

Таузарда Жанкісідей дарынды юол.

Құрсары Әлдибектей шешімді бол,

Ашамайлы Тіленшідей кесімді бол,

Құйса толмай, толғанда аспайтұғын,

Жаңбыршы Малдыбайдай өсімді бол.

Көрсеткен бұқараға үлгілі жол,

Толыбай сыншылдайын жолбасшы бол

Жауларға қарсы шығып бастайтын қол

Керейде Ақпанбеттей қолбасшы бол.



Ұлы жүз Төле билей айлалы бол,

Кіші Арғын Бөгенбайдай пайдалы бол

Қиын қыстау кезеңде қоршау бұзған,

Тарақты Байқозыдай айбарлы бол.

Керейде Тұрлыбектей табанды бол,

Шәукерде Байдалыдай амалды бол,

Қиналғанда ерлерге қайрат берген,

Малайсары батырдай жайдары бол.

Төле би бабаңдай зейнетті бол,

Тамада ер Еметтей келбетті бол

Бикеде Манақадай аяулы бол

Мәуелі бәйтеректей саялы бол

Тіліне әзәзілдің ермейтін бол,

Дұшпанға тізгіеіңді бермейтін бол

Өнеоге өсе келе құштарланып,

Қияға құлашыңды сермейтін бол.



Имантай, айналайын талапты бол,

Мұсыманша, орысша сауатты бол,

Болашақтан әрдайым үмітті бол,

Қозғанда Тайкедей білікті бол.



Ер есімдей бойлы бол,

Жиреншедей ойлы бол,

Маманайдай силы бол,

Жараспайдай қойлы бол,



Бақыт құс қонып басыңа,

Дәулет құс келіп орнасын,

Өзіңдей өндір асылға,

Еш жамандық болмасын.

Ісіңді тағдыр оңдасын,

Хызыр болсын жолдасың,

Қас ойлаған дұшпанның,

Тілегі қабыл болмасын.

Әулие мен әнбие

Адастырмай қолдасын.

Көре алмаған жауларың,

Бақытсыз болсын, обасын.



Жазып алған

Қаратай Биғожин

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
471
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі