Материалдар / Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы

Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ортағасырлық тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси идеяларының ерекшеліктері... Орта ғасырлық ғалымдардың қоғамдық-саяси ойларының бүгінгі күнгі маңыздылығы...деп санаймын. «Зар-заман» өкілдерінің шығармаларының идеологиялық құндылықтары.. «Алаш» ұлттық иедясының тарихи негіздері... «Мәңгілік Ел» идеясының біріктіруші құндылықтарының маңыздылығы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Маусым 2022
2446
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Сабақ №37

КМҚК «Көлік Колледжі

Пән аты

Қазақстан тарихы

Күні:

Оқытушының аты-жөні: Ораз А.Ә

Топ: 11 Эак. 12 ТРЭк

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Қоғамдық-саяси ойдың дамуы

Сабақтың тақырыбы

Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.1.3 - Қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси идеяларын анықтау;

11.3.1.2Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалау

Сабақтың

мақсаты

Барлығы: Қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси идеяларымен танысады;

Басым бөлігі: Қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси идеяларын анықтайды

Кейбірі: Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалайды

Бағалау критерийі

Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы жайлы білім алады

Ойлау дағдысы

Білу, түсіну

Тілдік

мақсаттар


Тақырыптың арнайы лексикасы мен терминалогиясы: Идеология,идея, Ежелгі және ортағасырлық Қазақстанның тарихи тұлғаларының қоғамдық-саяси идеялары, «Зар-заман» өкілдерінің идеялары, Алаш» ұлттық идеясы, «Мәңгілік Ел» идеясы

Жазылым мен диалогқа қажетті сөйлем құрылымдары: Ортағасырлық тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси идеяларының ерекшеліктері... Орта ғасырлық ғалымдардың қоғамдық-саяси ойларының бүгінгі күнгі маңыздылығы...деп санаймын. «Зар-заман» өкілдерінің шығармаларының идеологиялық құндылықтары.. «Алаш» ұлттық иедясының тарихи негіздері... «Мәңгілік Ел» идеясының біріктіруші құндылықтарының маңыздылығы.

Құндылықтарға баулу

Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау

Пәнаралық

байланыс

Дүние жүзі тарихы, Мәдениеттану

Алдыңғы білім

Қоғамдық-саяси ойдың дамуы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин









Сабақтың ортасы

25 мин


Сандар сөйлейді әдісі арқылы топтастыру

Үй тапсырмасын сұрау.

БЫМ. Тарихи тұлғалардың портреттері ұсынылып, Бұл портреттер негізінде, қандай ой туындайды? Бұл адамдардың ортақ байланысы неде? Сізде қандай сұрақтар туындады? -деген сұрақ төңірегінде оқушылардың ой-пікірлері сұралып, сабақ тақырыбына болжам жасалады.

Бұхар жырау Төле би Қазыбек би Әйтеке би

Ж. №1 тапсырма: Оқушылар Қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи тұлғалар туралы мәтінді жеке оқып, жұпта сұрақтар төңірегінде талдау жасайды. 1-жұп Бұхар Жыраудың қоғамдық-саяси идеяларына төменде берілген сұрақтар бойынша талдау жасайды. • Неліктен Бұхар Жырау Абылай ханның Ресей мемлекетін қолдау саясатын мақұлдады? Неліктен Бұхар жыраудың шығармалары XVIII ғасырдағы қазақтардың қоғамдық сана-сезіміне оң әсерін тигізген қуатты идеологиялық күш болып саналды? Бұқар жырау өз заманының тұрақсыз және құбылмалы сипатын толық заңды құбылыс ретінде қабылдайды. Ол әлемде мәңгі ештеңе жоқ, адамзат өмірі ғана емес, сонымен бірге табиғаттың өзі де өзгерістерге ұшырайды дейді.Өзінің толғауларында ол өз заманының барлық маңызды мәселелерін қозғады және оларға жауап беруге тырысты. Бұқар жырау бір орталығы бар бірыңғай мықты мемлекеттің бастауымен қазақ халқының үш жүзін біріктіру туралы армандады. Сондықтан, Абылай ханды осы арманды іске асыруға қабілетті деп санап, Бұқар жырау оны өзінің әрекеттері мен өлеңдерінде барлық жағынан қолдайды, хандық биліктің дамуы және нығаюы үшін аянбай күреседі. Бұқар жырау орыс халқымен достық қатынастарды орнатудың қазақ халқының өмірлік мүдделеріне жауап беретінін түсінеді. Бұқар жырау қазақтардың Ресеймен бейбітшілікте өмір сүруге тырысуын жақтайды және ханды өз халқының еркіне қарсы шықпауға шақырады. Өз заманының аса маңызды проблемаларын қозғап, Бұқар жырау адамдарды бірлікке, достыққа және батырлыққа шақырған. Түсіпбеков Ж.А. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, Бұқар жырау – философ, кеңесші, ақын. 2,3,4-жұп Төле, Қазыбек,Әйтеке, билердің қоғамдық-саяси идеяларына төменде берілген сұрақ бойынша талдау жасайды. • Қазақтың танымал билері шешендік сөздері арқылы халыққа қандай идеяларды жеткізгісі келді? • Өзінен гөрі елдің мүддесін жоғары қойған төбе билердің төте шешімінің маңыздылығы неде? Төле би: Төле бидің халықты егіншілікпен айналысуға, мал өсіруді қала өмірінің тәртібімен үйлестіріп, көшпенділіктен отырықшылыққа өтуге, болашақ ұрпақ жайындағы қамқорлық мақсатында көрші халықтардан жақсы өнеге алуға шақыруына байланысты оның беделі жоғарылады. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», - деген Төле. Төлехалықты шыдамдылық пен табандылыққа шақырған. «Шешендер және өздерін көсем санағандар көп болды, - деген Төле би, бірақ олар қазақтарды бір жерге жинай алмады, міне осыдан олар сыртқы зорлықзомбылықтан зардап шегеді, бір-бірінен шеттейді, тіпті саны аз жаулардан да жеңіліске ұшырайды. Егер халық бірлігімен, бауырлық ынтымақтастығымен күшті болса, онда ол кейінгі ұрпақтар үшін үлгі болады.» Әйтеке би жылдар арқылы Тәуке ханнан Абылайға дейін қазақ мемлекеттілігінің эстафетасын алып өткендей болды. Ол қазақ мемлекетінің барлық үш жүзінің бірлікте, татулықта және келісімде болуы туралы ойлады және қам жеді. Әйтеке би ішкі және халықаралық проблемаларды шешу кезінде дана, әділ би, мықты ой адамы, жоңғар басқыншыларына тойтарысты ұйымдастыруға үлкен үлес қосқан, дарынды әскери қайраткер ретінде көрсетті. Сондай-ақ ол шешендік өнердің үлкен талантын иеленді, адамдарды сендіре білетін адам болды. Қазыбек би:Үш жүз бірлестігінің бастамашысы, Тәуке хан қабылдаған «Жетi жарғы» заңдар жинағы авторларының бірі ретінде Қазыбек би Төле бимен және Әйтеке бимен бірге тарихта қалды. Онда жерге, мүліктік қатынастарға, отбасына, қылмыстар үшін жаза тағайындауға, халықаралық қатынастарға, құда түсуге, ажырасуға, жесірлер жағдайына байланысты проблемаларға конституциялық пысықтау тапты. Қазыбек би өмір бойы қажымай-талмай рулар мен хандар арасындағы билік үшін күресте туған жанжалдарды тоқтатуға, сондай-ақ көршілес елдермен өркениетті қатынастарды сақтаудың лайықты жолын табуға ұмтылып, халықты бірлікке, пікірлестікке шақырды. Сүлейменова М.Ж Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, тарих ғ.к., Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би – қазақ даласының ұлы билері Т. Жұптардың жариялаған ақпараттарын топтастыру үшін оқушылар топта «Үш жақты күнделік» толтырады.

Тарихи тұлғалар

Қоғам туралы көзқарасы Топтың қорытынды ойы

Б: /(Қалыптастырушы бағалау) стикер арқылы бағалау



Ғ. Есім «Қазақ философиясы «Сарыарқадағы пирамида, немесе махаббат философиясы» кітабында: «Бұқардан кейін де ұлы жыршылар, жыраулар болған, Абылай ханның артынан да қазақ хандары пайда болған, бірақ бүкіл қазақтың мүддесін білдірген, Абылай хан сияқты хан және Бұқар жырау сияқты жырау болмаған. Егер Қазақ хандығының соңғы ханы Абылай болса,

онда соңғы жырауы Бұқар жырау болған». Түсіпбеков Ж.А. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Әлеуметтікгуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, Бұқар жырау – философ, кеңесші, ақын.

Академик С. Зиманов: «Төле би өзі және балалары туралы: «Мен болсам халық үшін жүрген адаммын»,-деп ой түйеді. Әкесінің еркі бойынша бала Төле бес жасынан бастап оқуын бастады, 9 жасынан бастап әкесінің басшылығымен сот талқылауларына және сот шешімдерін шығаруға қатысқан, ал 15 жасында Төле дана ақсақалдардан, атап айтқанда, 100-ге келген Сарыарқадағы атақты Әнет бабаданбата алып, сынақтар мен өзіндік аккредиттеуден сәтті өтіп, дербес қазы жолына түседі». Академик С. Зиманов: «Орта Жүзде Қазыбек биді үнемі және күнде дерлік Әбілмәмбет ханның өзі де, Абылай хан да, және басқа ұлыстардың сұлтандары, ақсүйек старшиналар да әр түрлі кеңес сұрап келетін, және оның келісімінсіз ешқандай ақсүйекті қабылдамайтын, басты қазы ретінде құрметтейді».

Академик С. Зиманов: « Әйтеке би өзі жөнінде: «Өмірім өзгенікі, өлім ғана өзімдікі»,- деп тұжырымдайды. Әйтеке бидің идеялық мақсаттары бастапқыда Төле би мен Қазыбек би


Сабақтың соңы

10 мин


Интерпретация: Т. №2 тапсырма: Оқушылар Қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи тұлғаларға берген ғалымдардың пікірін оқып, төменде берілген сұрақтарға «Ротация әдісі» бойынша жауап береді. 1. Қазақ хандығы дәуіріндегі ғалымдардың қоғамдық-саяси ойларының бүгінгі күнгі маңыздылығы неде? 2. Орта ғасырлық тұлғалар туралы сіздің пікіріңіз қандай? Қай ғалымның пікірімен сіздің пікіріңіз сәйкес келеді? 3. Неліктен бұл пікірді қолдайсыз? Ойыңызды дәйекті түрде дәлелдеңіз

ҚБ:/ Смайлик арқылы бағалау

Рефлексия

Стикер, флипчарт, маркеры

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтуы мүмкін (Гарднер бойынша көптік зият теориясы).

Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.


Бұл бөлімде оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдерді жазыңыз.

Смайлик, стикер, бағдаршам әдістері

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтарын сақттау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ