Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ хандығы немесе тарих тағылымы (Шығарма)

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың өз тарихы туралы терең білу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ хандығы немесе тарих тағылымы (Шығарма)

Ия, біз – тарих пен тағдырдың ауыр соққысы мен ғасырларға созылған ұзақ уақыттағы қиыншылықтардың барлығын басымыздан өткеріп, көріп келген елміз. Біздің қазақ халқы өте төзімді, шыдамды, қайсар, батыр, ер халық деп ойлаймын. Себебі, тарих беттерін парақтап қарасам, қатыгез толқындар біржолата жойып жіберетіндей азапты жылдарда тарыдай шашырап кетсе де, қазақ халқы қабырғасы қайыспай, аман қалып отырыпты. Осындай тарихи оқиғалардың куәгері болған біздің бабаларымыз нағыз мәртебеге лайық, олар біз үшін патриоттықтың, батырлықтың үлгісін көрсетті.«Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» демекші бүгінгі таңда тәуелсіз елім Қазақ хандығының құрылғандығына 550 жыл толуына орай тарихи жадымызды жаңғырту мақсатында түрлі іс-шараларды қуана-қуана өткізіп жатыр. Осыдан 550 жыл бұрын, яғни бұдан бес жарым ғасыр бұрын қазақтың Қозыбасы деген жерінде қазақтың маңдайына біткен ержүрек ерлеріміз Керей мен Жәнібектің бастамасымен Қазақ хандығы құрылды.  Бұл ұлы хандық қазақ халқының өз алдына діні бар, тілі бар, халқы бар тұтас бір ел екенін көрсетті. Хандық  күшейген сайын  халықтың саны артып, жер көлемі де ұлғая бастады. Ұлы хандықтың қалыптасу жолында түбегейлі өзгерістерге ұшырап, елеулі оқиғаларды басынан өткерді. Ұлы дала мемлекетінің ірге тасы мықтап қалануына Абылай мен Әбілқайыр хандарымыз, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батырларымыздың ерен ерліктері тарих сахынасында алтын әріптермен қалды. Ал біз үшін бабаларымыздың әрбір жүріп өткен даңғыл жолы ұрпаққа үлгі, шежіреге толы, тағдыры-тарих деп есептеймін.Туымызда бейнеленген қыран құстай еркіндікті аңсаған азат халқымның тәуелсіз ел болғанына биыл 24 жыл толды. Бұл күнде Мәңгілік ел – Қазақ елі тәуелсіз мемлекет ретінде әлемге әйгілі болды. Ал ата-бабамыздың туған жері болашаққа, яғни бізге қалдырған аманаты, мұрасы емес пе?! Менің елім мол табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен  бейбітшілігімен бай да байқуатты ел. Осындай ғұламадай елімді, жерімді шексіз сүйемін, туған атамекеніме адал еңбек етемін деп нық басып айта аламын.Мен осындай батырлардың, ақындардың, даналардың ұрпағы болғанына қуанамын. Қазақ баласы болып дүниеге келгендіктен өз жерімнің тарихын білуге міндеттімін деп есептеймін. Мен ғана емес, әрбір қазақ баласы өз ұлтымен, өзінің төл тарихымен мақтана алуы қажет. Ол үшін біз үзбей білімімізді жетілдіріп, биікке ұмтылуымыз керек. Оның куәсі ретінде мен оқитын Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің бірнеше пәндері ағылшын тілінде жүргізіледі. Жас қанатымыздың қатаюына, талапты талпынысымызға жол ашып, сапалы білім, саналы тәрбие беріп отырған өз мектебіммен шын жүрегіммен мақтанамын. Ата-бабам аңсаған Қазақстанның тәуелсіздігінің тамырын тереңдететін, көк туын биікке желбірететін, Қазақ елінің – Мәңгілік елге айналуына барын салатын болашақ азат ойлы, алып ұландары болуға біз бар күшімізді саламыз. Сөз соңында айтарым, көк күмбезді аспаны бар, бетегелі боз даламызды біз ешкімге ешқашан бермейміз.

Авторы:Маманова Бағила Сәнддібекқызы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2021
659
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12