15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ хандығы қалай құрылды?
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ: |
Мектеп: Бозтал орта мектебі |
||||||
Күні: 21.02 |
Мұғалім: |
||||||
Сынып: 3 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар:
|
|||||
Бөлім: |
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығы қалай құрылды? |
||||||
Оқу мақсат: |
3.3.3.1 Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіру |
||||||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар орындай алады: Қазақ хандығының негізін қалаушылар Жәнібек пен Керей хандарымен танысады; Көпшілігі орындай алады: Өз сөздерінде мәтіндегі ақпаратты пайдаланады. Кейбір оқушылар орындай алады: Қорытынды ойды таба алады. |
||||||
Ойлау дағдылары |
Айтылым |
||||||
Бағалау критерийлері |
- Қазақ хандығы қалай құрылғанын әңгімелейді; -Қазақ хандығының негізін қалаушыларды біледі; - Қазақ хандығының құрылуының 3 себебін түсіндіреді; -Қазақ хандығы мен қазіргі Қазақстан аумағын салыстырады; |
||||||
Құндылықтарды игерту: |
Патриотизмді дамыту қазақ халқының көрнекті тұлғаларымен: Жәнібек пен Керей хандарымен танысу және олардың Қазақстан тарихындағы рөлін түсіну арқылы жүзеге асырылады. |
||||||
Пәнаралық байланыс: |
Математика: Қазақ хандығы құрылғаннан бері неше жыл өткенін санайды. Қазақ тілі: диалог құрады. Жаратылыстану: «Құс базары» ұғымы. |
||||||
Тілдік мақсаттар: |
Оқушылар: - Қазақ хандығы қалай құрылғанын түсіндіреді. Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: - Қазақтардың алғашқы мемлекеті қалай аталды? - Жәнібек хан мен Керей ханға ескерткіш неге салынды? |
||||||
Осыған дейін меңгерілген білім |
1 сыныпта «Саяхат» тарауында оқушылар Ботай мәдениетінің ерекшелігін суреттеп,түрлі дереккөздер негізінде Тұмар патшайым туралы түсінік алған . Оқушылар 3 сыныптың «Уақыт» тарауында ежелгі түркілердің өмір сүру салты туралы мағлұматтар алған. |
||||||
Жоспар |
|||||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
|||||
Сабақ басы
10 мин
|
Қазақ хандығының құрылуы туралы бейнежазбаны көру «Қазақ хандығына 550 жыл». Ұзақтығы: 3 мин 37 сек
Талқылауға арналған сұрақтар: - "Мың өліп, мың тірілдік"сөзі нені білдіреді? - Жәнібек пен Керей сұлтандар несімен танымал? - Қазақ хандығының 550 жылдығы қашан атап өтілді? - Бұл оқиға біздің еліміз үшін неге маңызды?
Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіреді. |
Интербелсенді тақта
карточка
|
|||||
Сабақ ортасы
25мин
|
Оқушыларға Қазақ хандығының пайда болуы туралы мәтін таратылады. Барлық оқушылар орындарынан тұрып, сыныпта серуендеп мәтінді дауыстап оқиды (Құс базары сияқты). Ары қарай мұғалім белгісі бойынша оқушылар бір-біріне жұп таңдап алып, нақтылаушы сұрақтар қоя отырып, бір-біріне дауыстап оқып береді. Бағалау критерийі: - Қазақ хандығы қалай құрылғанын әңгімелейді.
- Оқушылар Жәнібек пен Керейдің суреттері және мәтін негізінде жұпта рөлдерді бөліп, бір-бірімен әңімелеседі. Талқылауға арналған сұрақтар: Жәнібек пен Керей халыққа бас болып, қоныс аудара бастады. Қалай ойлайсың, олар не туралы әңгімелесуі мүмкін? Жұптасып, олардың сұхбатын өз қиялдарыңмен құрастырып көріңдер. - Оқушыларға болжам жасау ұсынылады: бұдан ары қарай не болады? Оларды жат елде қандай кездесу күтіп тұр? - Болжамнан кейін оқушылар жұппен қазақ хандығының құрылуы туралы мәтінді оқып, өз болжамдарымен салыстырады. Бағалау критерийі: - Қазақ хандығының негізін қалаушыларды біледі; - Қазақ хандығының құрылуының 3 себебін түсіндіреді.
Оқушылар Қазақ хандығының құрылған уақытынан бастап қанша жыл өткенін санайды. Бірінші және дұрыс жауап берген оқушыға көтермелеу мақсатында медаль беріледі. Мұғалім барлық ел болып тойлаған Қазақ хандығының 550 жылдығы туралы әңгімелейді.
Оқушылар топтарға бөлінеді. Әр топқа 2 карта таратылады: қазіргі Қазақстанның кескін картасы және Қазақ хандығының картасы. Оқушылар топта қазақ хандығының аумағын салыстыра отырып, кескін картада белгілеулер жасап, қорытындылайды. Өзін-өзі бағалау мұғалімнің дұрыс нұсқасымен салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Бағалау критерийі:
Топта оқушылар Қазақ хандығының құрылуы туралы бейне клиптің сценарийін құрастырады.
Талаптар:
Бағалау «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы бағаланады. Бағалау критерийі: Қазақ хандығы құрылуындағы барлық маңызды оқиғаларды атап шығады. |
Интербелсенді тақта
Сурет қиындылары мен интербелсенді тақта
суретттер
|
|||||
Сабақ соңы 5 мин
Үй тапсырмасы |
Рефлексия (жеке): «3 сәт» стратегиясы Оқушылар сабақ барысында есте жақсы сақталып қалған 3 сәтті атайды немесе жазады (егер уақыт аз болса, жазбаша тапсырады). Мазмұндау |
Карточка |
|||||
Қосымша ақпарат |
|||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен
байланыс |
|||||
|
|
|
|||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
|
||||||
Жалпы баға Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады. Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2.. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
|||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген