15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ хандығының құрылуы
Күні: 16. 02. 2015
Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы
Сыныбы: 4 «А»
Мақсаты: Қазақ халқының қалыпасуныың маңызын түсіну, құрамын білу, Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын түсініп, хандардың ерлік істерін үлгі ету.
Міндеттері:
-
Білімділік: Қазақ хандығының қалыптасуы, Қазақ хандығының құрылуы туралы түсінік беру.
-
Дамытушылық: Оқушылардың ізденімпаздық, Құбылыстарды салыстыра білу, өз ойларын еркін жеткізе алу дағдыларын дамыту.
-
Тәрбиелік: Қазақ хандығының ерлік істеріне тоқталу арқылы елжандылыққа, ерлікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Қазақ Хандығының және Қазақстан Республикасының карталары, Жәнібек – Керей портреттері, түрлі кестелер, карточкалар.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ – жауап, ойын элементтері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды 5 топқа бөлу
-
Хандар
-
Билер
-
Шешендер
-
Рулар
-
Тайпалар
ІІ. Кіріспе сөз
Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан территориясында XIV-XVғ. Болып өткен әлеуметтік – экономикалық және этникалық – саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешешуі роль атқарды. 1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап маңызды тарихи оқиға болды. Өкімет үшін күрес барысында Дешті – Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері- Керей мен Жәнібек XV ғ. 50 жылдары орта шенінде карамағындағы ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мәжбүр болды. Нәтижесінде Керей мен Жәнібек мен Жәнібек Моғолстанға көшіп барады. Олар барып орналасқан соң Әбәлқайыр (1468ж.) дүние салды да, Өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Крей мен Жәнібекке көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңынан жиналғңандардың саны 200 мыға жетті. Оларды өзбектер - «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466жж.) билей бастады. Сөйтіп, 1465-1466 жылдары Шу мен Талас өзенерінің алқабында Қазақ мемлекетінің негізін қалаған дербес қазақ хандығы құрылды. Осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолданыфла бастады.
Міне, биыл қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толды.
ІІІ. «Алтын қақпа» ойыны
Үш қақпа тұрады:
-
Тас қақпа
-
Күміс қақпа
-
Алтын қақпа
Тас қақпа ашылады. Тас қақапдаа тапсырмалар берілген.
-
«Анаграмма»
Анх, баыалй, натсұл, кейер, рқуа, кәжебін
-
Венн диаграмма
-
Хандар
-
Билер
-
Шешендер
Қазақстан Республикасы
Қазақ хандығы
-
Рулар
-
Тайпалар
Н.Ә.Назарбаев
Керей мен Жәнібек
«Егер мен хан болсам....» деген тақырыпта ой толғау жазу
-
Математикалық ойын
728*2+0= (Қазақ хандығының құрылған жылы)
9800/2-91=(ҚР-ның тәуелсіздік алған жылы)
4000/2-200+215=(Қазіргі таңдағы жылы)
IV. Қорытынды
Біз үшін қандай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметтіғ әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңыздлы оқиға. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымызи айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз.
V. Рефлексия
Тақырыпты қалай меңгергендерін білу үшін, шығу парағын қолданамыз. Әр оқушыға шығ,у парағы таратылады, сол параққа олар бүгінгі тақырыптан не түсінді, барлығын стикерлерге жазып, тақтадағы ілініп тұрған конвертке апарып салады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген