Түркістан
облысының адами әлеуетті дамыту
басқармасының «Мүмкіндіктері
шектеулі балаларға
арналған
мектеп-интернаты»
коммуналдық
мемлекеттік мекемесі тарих пәні
мұғалімі Айытбаева Айгул Абдыкеримовна
8
"Ә" сынып оқушысы Үсетай Оралбек
Керей
хан Керей хан Кирай, Гирей (туған, өлген
жылы белгісіз – 1473) – Қазақ хандығының
негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның
бірі, алғашқы қазақ ханы. Ақ
Орданың ханы Ұрыстың ұрпағы. Ұрыс ханнан
Тоқтақия, одан Болат, одан Керей хан
тараған. «Тауарих-и Гузида-йи Нусратнаме»
дерегі бойынша, Керей хан – Болаттың
жалғыз баласы. 15 ғасырдың ортасына
дейінгі тарихи оқиғаларда Керей хан
туралы мәліметтер кездеспейді. Мұхаммед
Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» атты
еңбегінде Керей хан туысы Жәнібек ханмен
бірге 15 ғасырдың 50-жылдарының аяғында
Қазақ хандығының құрылуына қатысты
оқиғаларда алғаш рет атала бастайды.
Онда Керей хан мен Жәнібек ханның
Әбілхайыр хандығынан бөлініп, Моғолстанның
батысындағы Шу бойы мен Қозыбасы өңірі
аралығына келіп қоныстанғаны туралы
баяндалады. Бұл аймақ – сол жылдардағы
Моғолстан билеушісі Есенбұға хан мен
оның туған ағасы Жүніс хан иеліктерінің
арасы болды. Соңғы жылдары ғылыми
айналымға енгізілген аңыз мәліметтері
бойынша, Керей хан мен Жәнібек хан қол
астындағы ру-тайпалармен 1457 жылдың
күзінде Шу өңіріне көшіп келген. Ал 1458
жылдың көктемінде Керейді хан етіп
көтерді. Аз уақыт ішінде Қазақ хандығындағы
халықтың саны 200 мыңнан асып кетеді.
Керей хан мен Жәнібек ханның арқасында
Есенбұға хан ағасы Жүніске қарсы күресте
сенімді, әрі мықты одақтас табады.
Жүніс
1461–62 жылы Есенбұға хан қайтыс болғанға
дейін Моғолстан тағына қарсы ешқандай
әрекет жасай алмайды. 1461/62–1469
жылдары Моғолстан ханы Досмұхаммедтің
мәнсіз, мағынасыз жүргізген саясаты
салдарынан Керей хан Жүніске қолдау
көрсете бастайды. Ақыры, 1469 жылы
Досмұхаммед хан қайтыс болғаннан кейін,
Моғолстандағы билік басына еш қиындықсыз
Жүніс хан келеді. Керей хан тұсында
негізі қаланған Қазақ-Моғолстан қатынасы
16 ғасырдың 30-жылдарына дейін достық,
бейбіт сипатта болады. Әбілхайыр хан
Керей хан мен Жәнібек хан ықпалының
күшейе бастағанынан қауіптеніп, оларды
дер кезінде талқандау мақсатымен 1468/69
жылы жорық ұйымдастырады. Жорық кезінде
Әбілхайыр хан ауырып, қайтыс болады да,
әскері кейін оралады. Көп ұзамай Көшпелі
өзбектер мемлекетінде билік үшін
талас-тартыс басталып кетеді. Кешегі
Әбілхайыр ханның қарсыластары – Ахмет
пен Махмұт хандар, ноғай мырзалары Мұса
мен Жаңбырлы, Сібір ханы Ибақ, шайбанилық
Берке сұлтан және қазақ хандары Әбілхайыр
ханның мұрагері Шайх Хайдар ханға қарсы
шығады. “Тауарих-и гузида-йи нусратнаме”
дерегінде қазақ хандары ретінде Керей
хан мен Жәнібектің есімдері аталса,
“Фатхнама”, “Шайбанинаме” деректерінде
тек қана Жәнібек ханның есімі кездеседі.
Дегенмен Керей хан есімі тарихи деректерде
соңғы рет 1472–73 жылдары, Жүніс хан
ордасына Бұрыш оғлан деген сұлтанның
шабуыл жасауына байланысты аталады.
Соған қарағанда Керей хан 1470 жылдың бас
кезінде қайтыс болған. Аңыз бойынша,
Керей хан Қазақ хандығын 10 жылдай билеген
және Хан тауы етегінде жерленген. Жәнібек
хан Әз-Жәнібек хан, Жәнібек Әбусаид
(туған жылы белгісіз – 1480) — Қазақ
хандығы мен қазақ хандары әулетінің
негізін қалаушы, Барақ ханның ұлы, Ұрыс
ханның шөбересі. 15 ғасырда өмір сүрген.
1450 жылға дейінгі өмірі мен қызметі
туралы нақты деректер жоқ. Әбілқайыр
хан өлімінен кейін хан тағы үшін болған
өзара қырқысулар Дешті-Қыпшақта өрши
түсті, оған туған жерге оралуды көздеп
жүрген Жәнібек хан мен Керей хан да
араласып кетті. Олар Әбілқайыр мұрагері
Шейх-Хайдар ханмен кескілескен шайқасқа
түсті. Өз әміршілері тарапынан ешқандай
көмек ала алмаған Шейх-Хайдар билік
үшін күресте жеңіліске ұшырады. Бұдан
кейін Дешті-Қыпшақтағы билік Орыс ханның
тұқымдары — Жәнібек хан мен Керей
ханның қолдарына өтті. Олар тағы да отыз
жыл бойы шайбанилықтармен табан тіресе
шайқасты. Биліктің Орыс хан тұқымдарының
қолына өтуі де «Көшпелі өзбектер
мемлекетіндегі» саяси жағдайды өзгерткен
жоқ. Дегенмен, бұл оқиға «Көшпелі өзбектер
мемлекеті» атының Дешті-Қыпшақ болып
өзгеруіне ықпал етті. Бір кездері
Моғолстанға қоныс аударған адамдар
Өзбек ұлысында «қазақтар» деп атала
бастады және бұл атау бүкіл хандыққа
тарай бастады. Билік үшін күрес Жәнібек
хан мен оның үзеңгілестері қазақтардың
бірігуі мен Қазақ хандығының құрылуына
үлес қосты. 15 ғасыр орта шанінде ежелден
Жетісу өңірін мекендеген түркі тайпалары
бір этникалық топқа біріге келе, қазақ
халқын құрады. Жәнібек хан мен Керей
хан Жетісу өңірі, Шу мен Талас өзендерінің
бойын мекендеген қазақтардың басын
қосуда көп еңбек сіңірді. Бұл мақсатпен
олар өзара қырқысуларды басып, ірі
феодалдарды маңайына топтастырды.
Жәнібек ханның Дешті-Қыпшаққа оралғаннан
кейін билігін күшейткені туралы, өмірінің
соңғы жылдары мен өлімі туралы деректер
жоқ. Оның есімі тарихи деректерде соңғы
рет 1473 жылы кездеседі. Бұдан кейінгі
жылдары Керей хан туралы ғана айтылған.
Жәнібек хан жиі болатын шайқастардың
бірінде қаза тапқан деп болжауға болады.
Сақталып қалған халық аңыздары мен
өлеңдерінде Жәнібек ханды Әз Жәнібек
деп атаған.