Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы 8 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Жаратылыстану
1-сынып
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Ж
инақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
2
Мазмұны
1-тоқсан «Өзім туралы», «Менің мектебім» ортақ тақырыптары аясында ....................... 4
Бөлім: «Мен – зерттеушімін» ........................................................................................................ 5
Бөлім: «Тірі табиғат» ..................................................................................................................... 9
2-тоқсан «Мен және менің отбасым»,«Бізді қоршаған әлем"
ортақ тақырыптары
аясында ........................................................................................................................................... 28
Бөлім «Тірі табиғат» .................................................................................................................... 29
Бөлім «Табиғат физикасы» .......................................................................................................... 24
Бөлім«Мен – зерттеушімін» ........................................................................................................ 39
3-тоқсан «Саяхат», «Салт -дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыптары аясында . 31
Бөлім: «Жер және ғарыш» ........................................................................................................... 31
Бөлім: «Табиғат физикасы» ......................................................................................................... 32
4-тоқсан «Тағам және сусындар », «Дені саудың – жаны сау»
ортақ тақырыптары
аясында ............................................................................................................................................ 41
Бөлім:«Табиғат физикасы» .......................................................................................................... 59
Бөлім:«Мен – зерттеушімін» ....................................................................................................... 46
3
1-тоқсан
Бөлім: «Мен – зерттеушімін»
Бөлімше 1.1. «Ғылым мен зерттеушілердің рөлі»
Оқу мақсаты 1.1.1.1.Қоршаған әлем құбылыстары,үдерістері мен
нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
•Қоршаған ортаны зерттеудің маңыздылығын
түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Адамдар қоршаған ортадағы құбылыстарды, өзгерістерді қалай таниды? Суреттерді
пайдалана отырып, түсіндір.
•Қоршаған ортаны зерттеу не үшін қажет?
Дескриптор Білім алушы
-
қоршаған ортаны тану тәсілдерін атайды (бақылау, зерттеу,
тәжірибе жасау);
- қоршаған ортаны тану үшін зерттеудің маңыздылығы туралы
айтады.
4
Бөлімше 1.2. «Табиғатты тану әдістері»
Оқу мақсаты
1.1.2.1. Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау
жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суреттерг е мұқият қара. Суреттерді табиғи құбылыстардың атауымен сәйкестендір.
• Оларды жылдың қай мезгілінде көруге болады? Бұл табиғи құбылыстарды бақылап
көрдің бе? Әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
- табиғи құбылыстарды ажыратады ;
- табиғи құбылыстардың бір-екеуін сипаттайды.
5
Бөлімше 1.2. «Табиғатты тану әдістері»
Оқу мақсаты
1.1.2.2. Көрсетілген экспериментті түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жүргізілген эксперименттің нәтижесін
қорытындылайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жұптық жұмыс
Әр түрлі заттарды қолданып, сыныптасыңның бойын өлше.
Тәжірибе:
1. Бойды өлшейтін екі түрлі зат таңдап ал (мысалы: таяқша, қарындаш, дәптер т.б.)
2. Оларды қолданып, жұбыңның бойын өлше.
3. Нәтижесін кестеге жаз.
4. Өлшеулердің нәтижесін салыстыр. Не байқадың?
Өлшеу құралы Нәтижесі
1.
2.
• Сыныптағы басқа оқушымен жұп құр. Оған тәжірибені қалай жасағаның туралы
айтып бер. Тәжірибе нәтижесінің әртүрлі болу себебін түсіндір.
Дескриптор Білім алушы
- нұсқаулық бойынша тәжірибе жасайды;
- тәжірибенің нәтижелерін кестеге түсіреді;
- тәжірибе нәтижесін салыстыра отырып, қорытынды жасайды;
- тәжірибе нәтижесінің әр түрлі болу себебін түсіндіреді.
6
Бөлім: «Тірі табиғат»
Бөлімше 2.1. «Өсімдіктер»
Оқу мақсаты
1.2.1.1.Ө сімдіктердің негізгі сипаттамаларын және
олардың тіршілік формаларын анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Өсімдіктерді топтарға (ағаш, бұта, шөп) жіктейді
және негізгі белгілері бойынша сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
1-тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Ағаштарды- жасыл, бұталарды- қызыл, шөптерді көк түсті
қарындашпен қоршап сыз.
Дескриптор Білім алушы
- өсімдіктерді топтарға (ағаш, бұта, шөп) бөледі;
- өсімдіктердің түрлерін сәйкес түспен белгілейді.
2-тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Әр топтағы артық өсімдікті анықтап, белгіле (). Басқа
өсімдіктердің ортақ атауын жаз.
Бұлар - _____________________
7
Бұлар - ______________________
Бұлар - ______________________
Дескриптор Білім алушы
- қатардағы артық өсімдікті анықтайды;
- өсімдіктердің ортақ атауын жазады.
8
Бөлімше: 2.1. «Өсімдіктер»
Оқу мақсаты
1.2.1.2.Ө сімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өсімдіктердің негізгі мүшелерін (тамыр, сабақ,
жапырақ, гүл, жеміс) атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Өсімдік мүшелерінің атауын сөздің бастапқы әріптерімен
жазып көрсет:
Үлгі: тамыр – Т, сабақ –С, жапырақ –Ж , гүл – Г, Жеміс –ж.
Дескриптор Білім алушы
- өсімдіктің негізгі мүшелерін анықтайды және әріптермен
белгілейді.
9
Бөлімше 2.1.«Өсімдіктер»
Оқу мақсаты
1.2.1.3. Ж абайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді
ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жабайы және мәдени өсімдіктерді ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
1-тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Мәдени өсімдіктерді тауып, боя.
• Тағы қандай мәдени өсімдіктерді білесің? Бос орынға суретін сал.
Дескриптор Білім алушы
- мәдени өсімдіктерді анықтайды және бояйды;
- өзі білетін мәдени өсімдіктің суретін салады.
2-тапсырма
Суреттерді тиісті атаулармен байланыстырып сыз.
Дескриптор Білім алушы
- жабайы өсімдіктерді анықтайды;
- мәдени өсімдіктерді анықтайды.
10
Бөлімше 2.1.«Өсімдіктер
Оқу мақсаты
1.2.1.4. Ө сімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды
зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды (ауа,
су, жарық, жылу,қорек) а нықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Ұзақ мерзімді жұмыс
Өсімдіктердің тіршілігіне не қажет? Оны анықтау үшін қарапайым тәжірибе жасап
көр.
Ол үшін:
1. Үш түрлі бөлме өсімдігін таңдап ал.
2. Олардың екеуін жарық жерге, үшіншісін қараңғы жерге қой.
3. Жарық жерде тұрған өсімдіктердің біреуін мүлдем суарма.
4. Қараңғы жерде тұрған өсімдікке күтім жасап жүр.
5. Оларды бірнеше күннен кейін салыстырып көр.
6. Тәжірибенің нәтижесін сипаттап айт.
• Жасаған тәжірибенің негізінде өсімдіктердің өсуіне қажетті жағдайларды
анықта. Қажетті сөздерді қоршап сыз.
СУ ЖАПЫРАҚ АУА ҚОРЕК ЖЫЛУ КӨЛЕҢКЕ ЖАРЫҚ ТОПЫРАҚ
Дескриптор Білім алушы
- бөлме өсімдіктерімен қарапайым тәжірибе жасайды;
- тәжірибенің нәтижесін салыстыра отырып, сипаттайды;
- өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды анықтайды.
11
Бөлімше 2.1. «Өсімдіктер»
Оқу мақсаты
1.2.1.5. М әдени өсімдіктерге күтім жасау жолдарын
сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәдени өсімдіктерге күтім жасау тәсілдері туралы
әңгімелейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
1-тапсырма
Бөлме өсімдіктерін қалай күту керек? Қандай құралдарды қолдануға болады? Сурет
бойынша бөлме өсімдіктеріне күтім жасау туралы әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
- бөлме өсімдіктеріне күтім жасауға қажетті құралдарды атайды;
- бөлме өсімдіктеріне күтім жасаудың тәсілдерін сипаттайды.
2-тапсырма
Суреттерді берілген сөздермен сәйкестендір. Өсімдіктерге күтім жасау туралы
әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
- сөздерді суреттермен дұрыс сәйкестендіреді;
- өсімдіктерге күтім жасау туралы әңгімелейді.
12
Бөлімше 2.2.«Жануарлар»
Оқу мақсаты
1.2.2.1. Ж ануарлар мен өсімдіктерді салыстыру,
олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жануарлар мен өсімдіктердің ұқсастығы мен
айырмашылығын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігінде қандай ұқсастық бар? Төменде берілген
сөздердің арасынан олардың ұқсастығын білдіретін сөздерді тауып, ортадағы шеңберге
сызықпен қосып жинақта.
Дескриптор Білім алушы
- өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі ұқсастықтарды
анықтайды;
- өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі айырмашылықтарды
сипаттайды.
13
Бөлімше 2.2. «Жануарлар»
Оқу мақсаты
1.2.2.2. Ж абайы және үй жануарларын ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жануарларды жабайы және үй жануарларына
топтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Олардың қайсысы өз бетінше тіршілік етеді? Қайсысы на
адамдар қамқорлық жасайды? Оларды ата.
_________________ жануарлар. ______________ жануарлары.
Дескриптор Білім алушы
- жабайы жануарларды атайды;
- үй жануарларын атайды.
14
2-тапсырма
Жану арларды тиісті бағанға орналастыр.
Жабайы жануарлар Үй жануарлары
Дескриптор Білім алушы
- жабайы жануарларды анықтайды және сәйкес бағанға орналастырады;
- үй жануарларын анықтайды және сәйкес бағанға орналастырады.
3-тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Әр қатардағы жануарлар тобын ата. Бос орынға сол
топқа жататын жануардың суретін сал.
Дескриптор Білім алушы
- суреттегі жануарлар тобын атайды;
- бірінші қатарға жабайы жануардың суретін салады;
- екінші қатарға үй жануарының суретін салады.
15
Бөлімше 2.2. «Жануарлар»
Оқу мақсаты
1.2.2.3 Жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың
бейімделуін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жануарлардың жыл мезгілдерінің ауысуына бейімделу
жағдайларын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
1-тапсырма
Жыл мезгілдеріне байланысты суреттегі жануарлардың тіршілігінде қандай
өзгерістер болады? Суреттерді сөздермен сәйкестендір және әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
-сөздерді суреттермен дұрыс сәйкестендіреді;
-жыл мезгілдерінің ауысуына қатысты тиіннің тіршілігін әңгімелейді ;
-жыл мезгілдерінің ауысуына қатысты жыл құстарының тіршілігін
сипаттайды;
-жыл мезгілдерінің ауысуына қатысты аюдың тіршілігін сипаттайды.
2-тапсырма
Дұрыс жауапты белгіле ( ) .
1. Қыста ұйқыға кететін жануар:
2. Күзде терісінің түсін өзгертетін жануар:
16
3. Қысқа қорек жинайтын жануар:
Дескриптор Білім алушы
- қысқы ұйқыға кететін жануарды анықтайды;
- қыста терісінің түсін өзгертетін жануарды анықтайды;
- қысқа қорек жинайтын жануарды анықтайды.
17
Бөлім: «Мен – зерттеушімін»
Бөлімше 1.2.«Табиғатты тану әдістері»
Оқу мақсаты
1.1.2.1. Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қоршаған ортадағы құбылыстарды бақылайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
1-тапсырма
Суретке мұқият қара.
• Суретте қандай табиғат құбылыстары бейнеленген?
• Балалар не істеп жүр? Неліктен?
• Жазғы жаңбырды, кемпірқосақты бақылап көргенің бар ма? Жұпта әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
- суреттегі көріністі сипаттайды;
- табиғат құбылыстарына жасаған бақылауы туралы әңгімелейді.
2-тапсырма
Ұзақ мерзімді жұмыс
Асбұршақтың өсіп-өнуін бақыла.
• Асбұршақты екі күн суға салып, жібітіп қой.
• Екі күннен кейін топырағы бар ыдысқа отырғыз.
• Күнара суарып тұр.
18
• Нәтижесін бақылау күнделігіне жаз (сөзбен, суретпен)
Мерзімі Байқалған өзгерістер
• Бақылау нәтижесін сипаттап айт.
Дескриптор Білім алушы
- нұсқаулық бойынша ұсынылған әрекеттерді орындайды;
- бақылаудың нәтижесін бақылау күнделігіне түсіреді;
- кестеге сүйеніп, бақылау нәтижесін сипаттайды.
19
Бөлімше 1.2.«Табиғатты тану әдістері»
Оқу мақсаты 1.1.2.2. Көрсетілген экспериментті түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жүргізілген эксперименттің нәтижесін
қорытындылайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Өсімдіктер өсуіне қажетті суды қалай алады? Қарапайым тәжірибе жасау арқылы
бақыла және әңгімеле.
Тәжірибе жасау
1. Керекті құралдарды (пластикалық стакан, қайшы, түрлі -түсті фломастер,
майлық қағаз) дайындап ал.
2. Майлық қағазды ортасынан бірнеше рет бүкте.
3. Оның шетінен жуандығы 2- 3 см жолақша қиып ал.
4. Жолақшаның төменгі жағына әртүрлі фломастермен қою нүктелер белгіле.
5. Стаканға жартысынан төмен деңгейде су құй.
6. Қағаз жолақшаны белгіленген нүктелері суға тимейтіндей етіп стаканның ішіне
сал.
7. Нәтижесін бақыла және әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
- нұсқаулыққа сүйене отырып, тәжірибе жасайды;
- қағаздың бойында жүріп жатқан әрекетті бақылайды және
сипаттайды;
- тәжірибенің нәтижесі бойынша қорытынды жасайды.
20
2-тоқсан
Бөлім:«Тірі табиғат »
Бөлімше 2.3.«Адам»
Оқу мақсаты 1.2.3.1 Адам денесінің негізгі мүшелерін және олардың
қызметтерін атау
Бағалау критерийі Білім алушы
•Адам денесінің негізгі мүшелерін атайды және
олардың қызметін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
1-тапсырма
Адам денесінің негізгі мүшелерін атауларымен байланыстырып сыз.
•Өз денеңнің негізгі бөліктерін көрсет және ата. Олардың атқаратын қызметін
түсіндір.
Дескриптор Білім алушы
- дене мүшелерін атауымен сәйкестендіреді;
- өз денесінің негізгі бөліктерін көрсетеді және атайды.
- дене мүшелерінің қызметін сипаттайды.
2-тапсырма
Суретке мұқият қара. Қолмен орындалып тұрған әрекеттерді ата.
•Аяқтың атқаратын қызметі қандай? Мысал келтір.
Дескриптор Білім алушы
- суретке сүйеніп, қолмен орындалған әрекеттерді әңгімелейді; - аяқтың атқаратын қызметіне мысалдар келтіреді.
21
Бөлімше 2.3.«Адам»
Оқу мақсаты 1.2.3.2 Адам өмірінің кезеңдерін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
•Адам өмірінің жас кезеңдерін атайды және сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
1-тапсырма
Су реттерді адамның жас кезеңдерімен сәйкестендір. Адамның жас кезеңдерінің
ерекшелігі туралы әңгімел е.
Дескриптор Білім алушы
- адам өмірінің жас кезеңдерін анықтайды;
- адамның жас кезеңдерінің ерекшелігі туралы әңгімелейді.
2-тапсырма
Адам өмірінің кезеңдерін өсу ретімен белгіле (цифрмен жаз)
Жұптық жұмыс
Жұбыңа кішкентай кезіңнен есіңде қалған оқиғаны айтып бер.
- Мен кішкентай кезімде .....
Дескриптор Білім алушы
- адам өмірі кезеңдерінің ретін белгілейді;
- өзінің сәби кезіндегі әрекеттері туралы әңгімелейді.
сәби азамат қарт
22
Бөлімше 2.3. «Адам»
Оқу мақсаты 1.2.3.3 Адамның өсу және даму қажеттіліктерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
•Адамның өсіп-дамуына қажетті жағдайларды
атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
1-тапсырма
П айдалы тағамдардың тұсына «+» таңбасын, зиянды тағамдардың тұсына «-»
таңбасын қой.
•Адамның өсуі үшін тамақтанудың пайдасы туралы әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
- адам ағзасына пайдалы тағамдарды белгілейді;
- адам ағзасына зиянды тағамдарды анықтайды;
- адам үшін тамақтанудың пайдасын түсіндіреді.
2-тапсырма
Сурет бойынша адамның өсуі мен дамуына әсер ететін қажеттіліктер туралы
әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
- адамның өсуі мен дамуы үшін керекті қажеттіліктерді атайды;
- адамның өсуі мен дамуына қажетті жағдайлар туралы әңгімелейді.
23
Бөлім:«Табиғат физикасы »
Бөлімше 5.1. «Күштер және қозғалыс»
Оқу мақсаты 1.5.1.1 Түрлі денелердің қозғалуына мысал келтіру
Бағалау критерийі Білім алушы
•Қозғалысқа түсетін денелерге мысалдар келтіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
1-тапсырма
Суреттегі денелер қалай қозғалады? Тағы қандай денелер қозғалысқа түседі?
Екі-үш мысал келтір.
Дескриптор Білім алушы
- суреттегі денелердің қозғалысын сипаттайды;
- қозғалысқа түсетін денелерге мысал келтіреді.
2-тапсырма
Берілген суреттерді қиып ал. Жануарларды ата. Оларды қозғалысын сипаттайтын ұяшыққа орналастыр.
ӨРМЕЛЕЙДІ СЕКІРЕДІ
ҰШАДЫ ЖҮГІРЕДІ
ШАБАДЫ ЖҮЗЕДІ
Дескриптор Білім алушы
-суреттегі жануарларды атайды;
-жануарларды қозғалысына қарай сәйкес ұяшыққа орналастырады.
24
Бөлімше 5.1. «Күштер және қозғалыс»
Оқу мақсаты 1.5.1.2 Қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы
маңыздылығын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
•Қозғалыстың адамдар мен жануарлар
өміріндегі маңызы туралы әңгімелейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
1-тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Жануарлар үшін қозғалудың қандай маңызы бар? Сөйлемдерді аяқта. Мысал келтір.
1.Аю қозғалу арқылы __________________________
2.Жолбарыс қозғалу арқылы ___________________________
3.Құстар қозғалу арқылы _______________________________
Дескриптор Білім алушы
- жануарлардың қозғалыс жасау себептерін нақтылайды;
- жануарлар тіршілігі үшін қозғалыстың маңыздылығына мысал
келтіреді.
2-тапсырма
Суреттерге сүйеніп, қозғалыстың адам өміріндегі маңызы туралы әңгімеле.
•Адамдар не үшін жаттығу жасайды?
•Таза ауада серуендеудің қандай пайдасы бар?
25
•Еңбек етудің ше?
•Адамдар не үшін қозғалады?
Дескриптор Білім алушы
- сұрақтарға жауап береді;
- қозғалыстың адам өмірі үшін маңыздылығы туралы әңгімелейді.
26
Бөлімше 5.1.«Күштер және қозғалыс»
Оқу мақсаты 1.5.1.3 Қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу,
оларды сурет түрінде көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
•Қозғалыстағы денелердің траекториясын
сипаттайды
•Денелердің қозғалыс траекториясын бейнелеп
көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Суретке мұқият қара. Күркетауықтың жемге жетуге дейінгі қозғалыс траекториясын
сипатта.
•Суреттегі денелердің қозғалыс траекториясын сызықпен бейнелеп көрсет.
Дескриптор Білім алушы
- суреттегі дененің қозғалыс траекториясын сипаттайды;
- берілген денелердің қозғалыс траекториясын сызықпен бейнелеп
көрсетеді.
27
2-тапсырма
Тәжірибе жасау
Текшені үстелдің шеткі жағына қой. Оны ақырын және қатты итеріп, жерге құлат.
Текшенің қозғалыс траекториясын сыз. Траекторияның әртүрлі болу себебін түсіндір.
Дескриптор Білім алушы
- текшенің қозғалысының әр түрлі траекториясын сызып көрсетеді;
- траекторияның әр түрлі болу себебін түсіндіреді.
28
Бөлім:«Мен – зерттеушімін»
Бөлімше 1.2.«Табиғатты тану әдістері»
Оқу мақсаты 1.1.2.1 Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу
Бағалау критерийі Білім алушы
•Қоршаған ортадағы құбылыстарды бақылайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Ұзақ мерзімді жұптық жұмыс
Ағаштардың тіршілігін бақылау.
1.Мектеп ауласында өсіп тұрған бір ағашты таңдап ал .
2.Ағашты ай сайын суретке түсір немесе суретін сал (4-5 ай көлемінде).
3.Ағаштың бойындағы өзгерістерді сипаттап айт.
№ Ай атауы Нәтижесі
(ағаштың суреттері)
Дескриптор Білім алушы
- бақылау жүргізу үдерісін кестеде бейнелеп көрсетеді;
- бақылау нәтижесін салыстыра отырып, сипаттайды.
2-тапсырма
Денелер қалай қозғалады? Мектептің айналасына шығып, қозғалысқа түскен
денелерді бақыла. Олар ненің әсерінен қозғалады? Кестеге қозғалысқа түскен денелердің
атауын жаз немесе суретін сал.
Итеру арқылы қозғалады Тарту арқылы қозғалады
Дескриптор Білім алушы
- анықталған денелерді қозғалысына қарай жіктейді;
- қозғалысқа түскен денелерді кестеге жазады.
29
Бөлімше 1.2. «Табиғатты тану әдістері»
Оқу мақсаты 1.1.2.2 Көрсетілген экспериментті түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
•Жүргізілген эксперименттің нәтижесін
қорытындылайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Суреттегі денелер ненің әсерінен қозғалысқа түсті? Тиісті сөздермен сәйкестендір.
•Тәжірибе жасау
Жан- жағыңда тұрған кішігірім денелерді орнынан қозғалтып көр. Оларды қозғалту
үшін не істедің? Денеңнің қай мүшесіне күш түсті? Әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
- тарту арқылы қозғалатын денелерді анықтайды;
- итеру арқылы қозғалатын денелерді анықтайды;
- денені қозғалту барысындағы әсерді сипаттайды.
2-тапсырма
Қ дене бағытын өзгерте ала ма? Тәжірибе жасау арқылы көз жеткіз.
Ол үшін:
1. Қолыңа теннис добын ал.
2. Оны үстелдің бетіне ақырын ғана домалатып жібер.
3. Доптың қозғалысына қарсы жақтан (оң жағынан, сол жағынан) үрле.
•Доптың қозғалыс бағыты қалай өзгерді? Оған не әсер етті деп ойлайсың?
Дескриптор Білім алушы
- ұсынылған тәжірибені орындайды;
- доптың қозғалысындағы өзгерісті сипаттайды;
- қозғалысқа әсер ететін күшті анықтап, атайды.
30