жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақ хандығының Ресей құрамына өтуінің басталуы
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Шаған Жалпы орта білім беретін мектебі
Жоба жұмысы
Тақырыбы:Жаңа өмір ауылының эргонимика және прагматонимикасы
Орындаған:Мейрамғалиев М.
2018-2019 оқу жылы
І.Жоба аннотациясы 2 бет
ІІ.Кіріспе 3бет
ІІІ.Негізгі бөлім 3-8 беттер
1.Топонимикалық зерттеулер 4-5 беттер
2.Эргономикалық және прагматонимикалық зерттеулер 5-8 беттер
IV.Қорытынды 8-9 беттер
V.Пайдаланылған әдебиеттер 10 бет
Жоба аннотациясы
Бұл жоба жұмысын жасақтаудағы біздің алдымызға қойған мақсатымыз: бірнеше кезеңге бөлініп 2010 жылдан бері жолға қойылған өлке тарихын ономастикалық тұрғыдан зерттеуді одан әрі жалғастыру, ономастиканың басқа да салалары бойынша өз өлкеміздің тарихын зерттеу, бүгінгісін зерделеу, болашағын болжау.
Зерттеу жұмысының болжамы: осы жұмыс нәтижесінде біз ономастиканың түрлі салалары туралы көп мәлімет ала аламыз және осы бағыттағы туған өлке тынысын зерделей аламыз.
Зерттеу жаңалығы- біз өз өлкемізді ономастика ғылымының көпшілік біле бермейтін салалары атап айтқанда эргонимика және прагматонимика соның ішінде прагматонимиканың чоконим саласы бойынша зерттеп отырмыз.
Зерттеу жұмысының кезеңдері:2010-2013 жылдар өлкемізге байланысты жүргізілген топонимикалық зерттеулер, 2013-2017 жылдары топонимиканың ойконим саласы бойынша ауыл тарихын зерттеу, 2018 жылдан бастап топонимиканың эргонимика және прагматонимика саласы бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады.
Зерттеу жұмысының негізгі қолданатын әдісі-сұхбат әдісі болмақ.
Кіріспе
Жоба-құжаттардың, мәтіндік ақпараттардың,нақты ойдың, өнімнің өзара әрекеттестігі.Жоба-әрқашан да шығармашылық іс-әрекеттің жемісі болып табылады.Жоба-оқушылардың өз көзқарасын білдіре алуына,бүгінгідей ақпараттар тоғысуы дәуірінде дұрыс бағдар жасай алуына ,сыни ойлауын дамытуға көмектеседі.
Елбасымыз өзінің «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру бағдарламасында» ұлттық сананы жандандыру, халықтың рухын көтеру секілді келелі мәселелерді негізгі басымдықтар ретінді ұсынған болатын.Өйткені болашағымыз жарқын болуы үшін, мәңгіліктер қойнауына кететін тәуелсіз ел қазығы биік болуы үшін біз ең алдымен төл тарихымызды түгендеуіміз керек.Қазақ елі тоталитарлық құрсау мен кеңестік мемлекеттік жүйе жүргізген ұлтсыздандыру саясатын басынан өткеріп, міне ширек ғасырдан ғана асқан қысқа мерзім ішінде көптеген елдік істерді атқарып келеді. ХХІ ғасыр тәңір өзі сыйлаған тәуелсіздікті сақтап, ұлттық мұраларымызды насихаттай түсетін заман. Бір сөзбен айтқанда, ұлттық сананы жас ұрпақ бойына қалыптастыру. Ал ұлттық сананы өрістету, оны жаңғыртуда ономастиканың орны ерекше.Өйткені ономастика арқылы біз ең алдымен өз өлкеміздің тарихын біле аламыз, осы арқылы Отандық тарих қойнауына қарай бет түзейтін боламыз.Біздің сіздерге ұсынып отырған ғылыми жобамыз да осы ономастика тақырыбына арналмақ. Бұл жоба жұмысын жасақтаудағы біздің алдымызға қойған мақсатымыз:бірнеше кезеңге бөлініп 2010 жылдан бері жолға қойылған өлке тарихын ономастикалық тұрғыдан зерртеуді одан әрі жалғастыру, ономастиканың басқа да салалары бойынша өз өлкеміздің тарихын зерттеу, бүгінгісін зерделеу, болашағын болжау.Біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігі-біз осы арқылы өлкемізді ономастикалық тұрғыдан жан-жақты зерттеп біле аламыз.Зерттеудің жаңашылдығы- біз өз өлкемізді ономастика ғылымының көпшілік біле бермейтін салалары бойынша зерттеп отырмыз.Оны осы жұмысымыздың барысында көрсететін боламыз.Зерттеу жұмысының негізгі қолданатын әдісі-сұхбат әдісі болмақ.
Негізгі бөлім.
Ономастика-тіл танудың бір бөлімі,кез-келген жекелеген атау тарихын,оның өзгеруін, басқа тілден кірген атаулармен алмасуын зерттейтін ғылым.
Ономастиканың бірнеше саласы бар:
-
Антропонимика-адам аттарын зерттейді.
-
Астронимика-ғарыш обьектілерін,күн,ай, планета атауларын зерттейді
-
Зоонимика-жануарлар аттарын зерттейді.
-
Каронимика-кемелердің атауларын зерттейді.
-
Космонимика-галактика,андромеда атауларын зерттейді
-
Хрематонимика-материалдық мәдениет атауларын зерттейді
-
Прагматонимика-тауар атауларын зерттейді.мысалы:чоконимдер-шоколадтық өнімдер атаулары,парфюмоним-парфюмерлік өндіріс бұйымдарының атаулары
-
Теонимика-құдайлардың атауларын зерттейді
-
Топонимика-жер-су атауларын зерттейді
-
Эргонимика-адамдардың іскерлік ұйымдарының атауларын зерттейді.Мысалы:дүкен, фирма атаулары
-
Этнонимика-тайпа мен халық атауын зерттейді.
Ономастика ғылымының жоғарыда аталған салалары бір-бірімен тығыз байланысты.Олар бір-бірімен сабақтаса отырып зерттеу жұмысын жан-жақты жүргізуге мүмкіндік береді.
Өз өлкемізді танып-білу мақсатында 2010-2012 жылдар аралығында өлкемізге топонимикалық тұрғыдан зерттеу жұмыстары жүргізілген болатын.Бұл топонимдердің өздері келесі топтарға жіктеледі:
-
Ойконимдер- елді мекен атауы
-
Ороним-жер бедері атауы
-
Гидроним-су көздері атауы
-
Агроним-егістік, жайылымдық жерлердің атауы
-
Дримоним-орман атауы
-
Дромоним-жол, көше атауы.
Топонимикалық зерттеулер
Ең алдымен, өзіміз тұратын Шаған ауылында топонимикалық обьектілер болмағандықтан, Шаған ауылдық округіне қарайтын Социализм ауылының микротопиміне зерттеу жұмыстары жүргізілді.Социализм ауылының екінші атауы Мамбетбай-ол осы жерде тұрған адамның есімі.Бұл ауыл Барбастау өзенінің жағасында орналасқан. Осы селоны тарихи атауларға ие бірнеше шағын елді мекендерге бөлуге болады.Бұл атаулар тарихы, топонимі зерттеу жұмысы барысында анықталды.Атап айтқанда әлеуметтік-экономикалық өмір салтына байланысты топонимдер,антротопонимдер,гелонимдер анықталды.Осы зерттеулер барысында Мамбетбай ауылының маңайындағы топонимдер де анықталды. Мамбетбай ауылынан 7км қашықтықта орналасқан Сатым ауылының атауы ру бірлестігінің атауына байланысты қойылған. Сонымен бірге Мамбетбай ауылынан 5 км қашықтықта орналасқан Шағатай ауылының да атауы ру бірлестігінің атауына байланысты қойылған.Бұдан басқа липонимдерге жататын Егіз көл өзенінің атауының қойылу тарихы да анықталды.Жазда өзен кеуіп үш бірдей бөлікке бөлініп кетеді.Егізкөл атауы осыған байланысты қойылған. Жалтыркөл өзеннің жағасында ешқандай өсімдік өспегендіктен осылай аталған. Одан кейін 2013-2016 жылдары топонимиканың ойконим саласы бойынша ауыл тарихын зерттеу барысында ауыл атауының қойылу тарихы зерттеліп, төмендегі мәліметтер жарыққа шықты.Ауыл 1930жылы Украинадан келген қоныс аударушылар негізінде құрылып, «Коммуна» деген атауға ие болды.1937 жылы Коммуна колхоз болып, қайта құрылып,атауы «Новэ Життя»болып өзгертілді.1954 жылы «Чаганск»деген атаумен астық совхозы болып қайта құрылды.2012 жылдан бастап ауылға «Жаңа өмір»деген атау берілді.
Эргонимикалық және прагматонимикалық зерттеулер
Биылғы жылдан бастап ауылымызды басқа тұрғыдан зерттей бастадық.Яғни топонимиканың эргонимика және прагматонимика бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады. Ауылымызда ең алғашқы дүкендер колхоз дәуірінен бастап ашылған. Олар халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету бағытында жұмыс жасаған. Кейін совхоз дәуірінде 1960 жылдары ауылымызда жаңа дүкендер салына бастайды.Ауылда тек азық-түлік дүкені ғана емес галантерея, өндірістік бұйымдар,кітап дүкені, шаруашылық бұйымдары дүкені, аяққиім дүкені,арақ-шарап дүкені,ойыншықтар дүкені, құрылыс материалдары дүкені болды. Дүкендер бірқабатты үйде орналасқан. Бірақ өкінішке орай бұл дүкендердің атаулары болмаған.Сондықтан осыған байланысты біздер сіздерді тек дүкеннің тарихымен таныстыруға мәжбүрміз.Жоғарыда айтып кеткеніміздей ауылдағы дүкендердің көпшілігі 1960 жылдары салынған. Кейін 1976 жылы халықтың өсіміне байланысты тағы да азық-түлік дүкені,сонымен жоғарыда аталған дүкендердің барлығы 1976-1977 жылдары салынған. Дүкендердің жұмыс тәртібі таңертеңгі сағат жетіден кешкі сағат 20-00 ге дейін жұмыс жасаған.Азық-түлік дүкенінің меңгерушісі Габбасова Қ.,ойыншықтар дүкенінің меңгерушісі Рогова Н.,өндірістік бұйымдар дүкенінің меңгерушісі Малахова А.,азық-түлік дүкенінің сатушылары Галиуллина Қ.Карстень Н.Соколова А.Имангалиева М., өндірістік бұйымдар дүкенінің сатушылары Санникова Н.,Куцурюба А.,Хроновская Н. деген сатушылар жұмыс жасаған.Дұл аталған дүкендердің барлығы халықтың қажеттілігін дер кезінде қамтамасыз етіп, үздіксіз жұмыс жасаумен болған.
Жобамыздың бас жағында айтып өткеніміздей біз ауылымызды эргонимика бағытында ғана емес, прагматонимика бағытында да зерттеп ,зерделеп жатырмыз. Прагматонимика тауар атауларын зерттейтін ғылым болса, чоконим соның шоколадтық бұйымдар атауын зерттейтін саласы болып табылады. Біз осы бағытта ауылымызда Кеңестік кезеңде дүкендерде сатылған кәмпиттер тарихына тоқталған жөн деп санадық.Ғаламтор беттеріне көз жүгіртсек алғашқы кәмпиттер Египетте пайда болған.Онда салтанатты жиындар кезінде балмен қосылып қайнатылған құрманы лақтыратын болған.Рим ауқаттыларының салтанаты жиылысында мак, анис, күнжіт қосылған миндаль берген.17-ғасырдың ортасында Франуцуз аспазшылары шоколад қосылған кәмпиттер жасай бастаған.1671 жылы француз аспазы «пралине»деген атауға ие болған тұңғыш шоколадтық кәмпиттер жасап шығарады.
Кеңес Одағында аңызға айналған кәмпит түрлері де болды.1940-жылдары Ленинград қаласындағы Н.К.Крупская атындағы кондитер фабрикасында «Мишка на севере» және «Белочка»атты шоколадтық кәмпиттер жасалып, шығарылып, сауда айналымына түседі. Тіпті соғыс жылдарында да кәмпит өндірісі тоқтаған жоқ.
1960 жылдары елімізде «Каракум», «Красная шапочка», «Красный мак», «Маймақ аю» кәмпиттері шығарылды. 1970жылдары «Гулливер» және «Журавлик»кәмпиттері шығарыла бастады. Бұл кәмпиттердің барлығы ауылымыздың дүкендерінде сауда айналымында болды.Енді осы кәмпиттердің атауларына тоқталсақ, Каракум кәмпитінің атауы Қарақұм шөліне байланысты қойылса, «Маймақ аю» кәмпитінің атауы осы кәмпитті өндіріске шығарумен айналысатын кондитерлік фабриканың қожайыны Юлиус Гейстің кабинетінде суретші Иван Шишкиннің «Қарағайлы ормандағы таң»суреті ілініп тұрса керек. Міне фабрика қожайыны осы суретке қарап, кәмпитті «Маймақ аю»деп атау керек деген шешімге келген. Ал «Красная шапочка» кәмпитінің атауы «Қызыл телпекті қыз» атты орыс ертегісінің атына байланысты қойылған.
Бүгінгі таңдағы ахуалға көз
жүгрітсек қазіргі күні еліміздің экономикасы дамып келеді. Демек,
нарықтық қатынастар көлемі бұрынғыға қарағанда бірнеше есе ұлғайды.
Мемлекеттер арасында сауда-саттық күшейді. Тауарлар көлемі арта
түсті. Олардың әрқайсысында тауарлық атаулар мен белгілер бар.
Көрнекі құралдардың бірі жарнамалар мен ғимарат маңдайшаларындағы
компания, фирма, кәсіпорын, сауда-саттық, т.б. мекеме атаулары
жоғарыда айтқанымыздай эргонимдер болса, жарнамалардың басты
құрамдас бөлігі тауарлық таңбалар болып табылады.Тауардағы атаулар
елдің бет-бейнесін көрсетеді. Ол сөзсіз ұлттық нақышта болуы
тиіс.
Бүгінгі таңда бесіктен белі шықпаған балаға дейін білетін
«Кока-кола», «Сникерстен» бастап, мыңдаған шетелдік тауарлар
Қазақстан нарығында айналысқа еніп, оның атауларына көзіміз
үйреніп кетті. Әрине, бұл да жаһанданудың бір көрінісі. Алыс-жақын
шетел өнім атаулары мен әлемге танымал брендтік атаулар отандық
өнімдерден сан жағынан анағұрлым асып түседі. Елімізде өндірілетін
тауар атауларының тілдік сипатына біршама үңіліп көрдік. Сонда,
ұннан жасалатын өнімдерге назар
аударсақ: «Цесна», «Мукатай», «Сұлтан»,
«Ақсай нан», «Алматинский», «Ароматный», «Ассорти», «Бабушкин»,
«Баварский», «Багетта», «Батон», «Белый», «Бородинский»,
«Бутербродный», «Городская», «Горчичный», «Зерновой»,
«Измайловская», «Илийский», «Казанский», «Калач», «Каравай
свадебный», «Красносельский», «Тандырнан», «Лепешка», «Социальный»,
«Старорусский», «Столичный», «Студенческий», «Сушки», «Здоровье»,
«Тостерный», «Украинский», «Формовой», «Фруктовый»,
«Цельнозерновой», «Чайные», «Элитный»,
«Южный» және т.б. атауларды
көреміз.
Елімізде шығарылатын
кондитерлік өнімдер, салқындатқыш сусын атауларының басым
көпшілігі де орыс тілінде. Әрине,
араларында «Астана», «Рахат», «Баян
Сұлу», «Әйгерім», «Айтыс», «Балапан», «Махаббат», «Гүлдер», «Қызыл
таң», «Ажар», «Алтын құм», «Отырар» тәрізді қазақша жазылған тауар
атаулары да кездеседі. Бірақ саны аз. Есесіне «Буревестник»,
«Василек», «Вечер», «Ласточка», «Любимые», «Бэлис», «Каприз»,
«Сафари», «Молодежные», «Цитрон», «Этюд», «Для тебя», «Желаем
счастья», «Гармония», «Кипарис», «Рахат», «Северное сияние»
конфеттері мен «Сарыағаштан» өзге «Буратино», «Фантазия», «Тархун»,
«Легенда», «Здоровячок» сияқты сөздер
жауыннан кейін қаулап өскен саңырауқұлақтай қаптаптұрады.
Бір сөзбен айтқанда, дүкен сөрелеріндегі тауар атаулары өзге елде
жүргеніміздей әсер қалдыратынын несіне жасырайық. Осындай
бейұлттық атаулар арасында өмір сүріп келе жатқан балаларымыздың
бойында өз тіліне деген немқұрайлы көзқарас қалыптаспасына кім
кепіл? Ондай болса, отандық тауар атауларын ұлттандыру үрдісі неге
қолға алынбайды? Соның уақыты келді емес пе? Несіне созбалаңға сала
береміз. Тиісті мамандар мен кәсіпкерлер, әкімдік өкілдері,
тілшілер бір үстелдің басына жиналып, осы мәселені қалай реттейміз
деп неге талқыға салмайды. Бұл өте өзекті мәселе ғой. Тіліміздің
тұғырын биіктететін маңызды қадам болар еді. Қаншама рет айтып,
мәселе етіп көтеріп келе жатсақ та, өзгерген түк жоқ. «Сен салар
да, мен салар, атқа жемді кім салар» демекші, осы мәселені бір ұйым
ба, мекеме ме өз құзыретіне алып, реттеуі керек қой. Әйтпесе, осы
бағытпен кете берер түріміз бар. Тәуелсіз Қазақстанның тарихын,
мәдениетінің ұлттық сипатын ұлықтайтын атаулар әлемдік
ономастикалық қорды да толықтыра түсер еді.
Елімізде халықаралық бәсекелестікке қабілетті, жоғары сапалы
өнімдерімізге ұлттық атау беріп, брендке айналдырып, әлем нарығына
неге шығармасқа деген ой келеді. Бұл да елімізді әлемге танытудың
бір жолы. Тауарлардың ұлттық атаулары өндірілген елі туралы хабар
беріп, атын айшықтап тұрады емес пе?! Сондықтан жалпы тауарлық
таңба тек тілшілердің ғана зерттеу мәселесі емес, кәсіпкерлер,
маркетологтар, экономистер, менджерлер мен заңгерлердің айналысатын
мәселесі болуы тиіс.
Біз өзге мемлекеттерге өзіміздің тәуелсіз, даму әлеуеті аса жоғары
ел екендігімізді мойындатып, өз мүмкіндіктерімізді объективті түрде
бағалайтын дәрежеге жеттік. Уақыт озған сайын отандық тауарлар саны
арта бермек. Халықаралық тауарлар классификаторында түрлі өндіріс
салалары бойынша 34 топқа бөлінетін сан мыңдаған таңбалар
тіркелген, біз соның тек екі-үшеуіне ғана тоқталдық. Ал техника,
медицина, химиялық, тұрмыстық және т.б. салалар бойынша келешекте
жеке ономастикалық атауларға ие болатыны қаншама. Жаңа техникалық
құрылғы, машина, азық-түлік, тағам атаулары және т.б. болашақ
таңбалардың ұлттық мазмұнда болуын реттестіріп отыратын тетік
қажет. Әрине, белгілі бір тауарға ат беру әр кәсіпкердің өз
құзырында, бірақ патенттік тіркеу барысында атаулар тізімін ұсыну
артық болмас еді. Ал бұл іс өз кезегінде заң орындары мен Тіл
комитетінің иық тіресіп әрекет жасауын қажет етеді.
Тағы бір айта кетерлігі, бұл мәселе Ресей елінде қолға алынған. Ал
Қазақстанда зерттеушілер енді кірісіп, бірен-саран мақалалардан
аспай отыр. Тауарлық өнімдердің қазақыландыру ісі жүйелі түрде
жүргізілмей, оларды төл тілімізде әлі күнге сөйлете алмай
отырғанымыз қынжылтады.
Алуан түрлі азық-түлік атаулары мен өндірістік тұтыну тауар
атаулары тұтынушылардың тілдік мәдениетін арттырары сөзсіз.
Тауарлық таңбалар алдымен орыс тілінде әзірленіп, айналымға түсіп,
соңынан мемлекеттік тілге аударылатыны да жасырын емес. Осы орайда
тауарлық таңбалар қандай жағдайда аударылмайды, қандай жағдайда
міндетті түрде аударылуы қажет деген мәселе туындап отыр. Жарнама
агенттіктеріне жарнама мәтінінің, тауарлық таңбаларды аударатын
арнайы ереже әзірлеу кезек күттірмейтін іс. Сонымен қатар мұндай
агенттіктерді Мемлекеттік тілді жетік меңгеретін мамандармен
қамтамасыз ету де артық болмас еді.
Елімізде нарықтық экономиканың қарқынды дамуына байланысты тауарлық
таңбалар мәселесі өзекті болып отыр. Сондықтан бұл саланы да қолдан
шығарып алмай, тиісті жұмыстар атқарып, заңдық тұрғыда жетілдіруді
ойластыруымыз қажет. Бір сөзбен айтқанда, нақты шаралар керек.
Кейбіреуге бұл ұсақ-түйек мәселе болып көрінуі де мүмкін. Бірақ шын
мәнінде ол ұсақ-түйек дүние емес. Өз елімізде, өз жерімізде отырып,
тауар, сауда-саттық орындарының атауларын қазақшалай алмасақ,
тіліміздің жағдайы не болмақ? Қазақ тілінің аясын кеңейтеміз
дейміз. Тілдің қолданысын кеңейтудің бірден-бір жолы осы емес пе,
ағайын!Міне, біздің өлкедегі тауарлар атауын зерттеу барысындағы
кездестірген түйткілді мәселеміздің бірі
осы.
Қорытынды:
Біз өз жобамызда ауыл тарихын жан-жақты қамтуға тырыстық Жоғарыда айтып өткеніміздей ауыл тарихын зерттеу ісі кезең-кезеңмен жолға қойылып отыр. Өйткені ауыл тарихын зерттеу бір күннің немесе бір жылдың еншісіндегі нәрсе емес. Бұл ұзақ жылғы еңбектің, төккен тердің жемісі.
Жоба жұмысын жасақтау барысында,жалпы ауыл тарихын зерттеу барысында кездескен қиындықтар өте көп болды. Ең алғашқы қиындық ауыл тарихы туралы мәліметтердің жоққа жақындығы, ауыл өмірі туралы айтып бере алатын көнекөз қарияларымыздың азаюы,зерттеу базасының мүлдем жоқтығы. Бірақ біздер зерттеу жұмысы барысында осы қиындықтарды жеңе отырып, сұхбат, әңгіме тағы да басқа зерттеу әдістерін қолдану арқылы ауыл тарихына,бүгінгі тынысына байланысты белгілі бір материалдар базасын жасақтадық деп сеніммен айта аламыз.Біздің алға қойған мақсатымыз ономастика бағытында ауыл тарихын зерттеу, ономастиканың көпшілікке белгісіз салалары бағытында туған өлкенің өткені мен бүгінгісін зерделеу, болашағын болжау болатын. Біз бұл мақсатты түгелдей орындамасақ та біршама іс-шаралар жүйесін жасақтадық және атқардық, әлі де жалғастыратын боламыз.Өйткені тарихты білмеу емес, сол тарихты бағаламау әлде қайда ауыр!
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.АгееваР.К.Происхождение имен рек и озер.М.,1985.
2.Мурзаев Э. М. Словарь народных географических терминов. М., 1984.
3.Матюшин Г. Н. Историческое краеведение.М.,1987.
4.Никонов В. А. Краткий топонимический словарь. М., 1996.
5.Сергеев И. В. Тайна географических названий.М.,1963.
6.Уфимцев В .И. Знай свой край.Свердловск.,1986..
8

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген