400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ және орыс мақалдарының сабақтастығы тақырыбында ғылыми жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ және орыс мақалдарының сабақтастығы жайлы ғылыми жұмыс материалы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылы

«Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі








Жұмыстың тақырыбы:

Қазақ және орыс мақалдарының сабақтастығы



Бағыты: қоғамдық-гуманитарлық

Орындаған: 6 «А» сынып оқушысы

Нәлібек Жансая

Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

Мұғалімі Дадашева Гүлстан














Шолаққорған, 2018 жыл





Мазмұны



Аннотация................................................................................................................. 3

Зерттеу жұмысының құрлымы.............................................................................4

Жоспар........................................................................................................................5Кіріспе.........................................................................................................................6

Негізгі бөлім..............................................................................................7-12-беттер

Қорытынды бөлім.................................................................... .............13-14-беттер

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................15


























Аннотация

Нәлібек Жансая өзінің «Қазақ және орыс мақалдарының сабақтастығы» атты ғылыми жұмысында қазақ-орыс мақалдарын жан-жақты зерттей келіп ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жіктей кеткен. Сонымен қоса орыс-қазақ мақалдарының сабақтасып жатқан тұстарына мақалдардан мысалдар келтіре отырып нақты түсіндіріп отырған және орыс-қазақ мақалдарының біте қайнасып жату себептеріне де тоқталып өткен.

Қазақ мақалдары мен орыс мақалдарын зерттеп дамуына үлес қосқан екі елдің ғалымдары жайлы деректер келтіре білген. Қазақ-орыс мақал-мәтелдерін салыстыра зерттей отырып, олардың мазмұн межесіндегі ұқсастықтары мен ұлттық сипатын аша білген. Аталған тілдік бірліктердің мағыналық құрамындағы ортақ тұстары мен ерекшеліктерін және олардың себеп-салдарын айқынтаған.



Аннотация

Налибек Жансая в своей научной работе «Непрерывность казахских и русских пословиц» изучил казахские и русские пословицы и различает сходство и различия. Она также написала причины сходства русско-казахских пословиц.

Написала об ученых, которые способствовали изучению казахсикх пословиц и русских пословиц.









Зерттеу жұмыстың тақырыбы: Қазақ және орыс мақал-мәтелдерінің сабақтастығы

Зерттеу жұмысының мақсаты:

А) Қазақ-орыс мақал-мәтелдерін салыстыра зерттей отырып, олардың мазмұн межесіндегі ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу.

Ә) Аталған тілдік бірліктердің мағыналық құрамындағы ортақ тұстары мен ерекшеліктерін және олардың себеп-салдарын айқындау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

А) Зерттеу жұмысына тиянақ болатын теориялық, әдістемелік қағидаларды айқындау және негіздеу;

Ә) Қазақ-орыс мақал-мәтелдерінің мағналық ұқсастық пен айырма белгілерін айқындау үшін прецедентті мәтіндерді сұрыптап талдау;

Б) қазақ-орыс мақалдарының мағыналық сәйкестіктері мен айырмашылықтарын анықтау, олардың себебін айқындау.

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Қазақ және орыс мақалдарының сабақтастығын анықтап, түрлі мысалдар келтіре отырып дәлелдеу

Зерттеудің нәтижесі:

Қазақ және орыс мақалдары салыстырылды және екі тілдегі мақалдардың сабақтастықтары анықталды









Жоспар

I.Кіріспе

А) Қазақ және орыс тілдеріндегі мақал-мәтелдерді топтастырудың негізгі қағидалары, зерттелуі

II Негізгі бөлім

А) Қазақ және орыс мақал-мәтелдерінің сабақтастығы

Ә) Қазақ және орыс мақал-мәтелдерінің дамуына үлес қосқандар

ІІІ Қорытынды бөлім

Қазақ және орыс мақал-мәтелдерінің бүгінгі жағдайы

























Қазақ және орыс мақал-мәтелдерінің сабақтастығы

Мақал- ол нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырдан екшелеп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі.

Мәтел – өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқалы нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңары тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мәтел – адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы мақал-мәтелдерге айналып кеткен.

Ал мақал-мәтел тек қазақта емес барлық елдерде де бар. Олардың барлығы да өмірдегі, қоғамдағы тұрмыс-тіршілікке байланысты құрылған. Біз тек өз тіліміздегі мақал-мәтелдерді ғана емес басқа тілдердегі мақал-мәтелдерді де түсініп, мағынасын анықтай білуіміз қажет. Себебі тілдік бірліктердің тұтас мағынасын жете түсінбей, тіркес құрамындағы сыңарлар мәнін негізге ала отырып аудару әртүрлі келеңсіз жағдайларға, «сәтсіздіктерге» ұшыратуы әбден мүмкін. Сондықтан мақал-мәтелдердің тіларалық мағналарын салыстыра зерттей отырып, ондағы жалпы адамзаттық, жалпыхалықтық мәнділіктер мен заңдылықтарды, ерекшеліктерді, сондай-ақ ұлт, тіл, мәдениет және өркениеттің өзара сабақтастығын айқындау да аса өзекті мәселелер қатарына жатады. Мақал-мәтелдердің қазақ және орыс тілдерінде әр тұрғыдан азды-көпті зерттеліп келген.

Зерттеу нысанына қатысты еңбектерге тоқталар болсақ, мақал-мәтелдердің тілдік табиғаты, олардың басқа тұрақты тіркестермен ұқсастықтары немесе ерекшеліктері А.Байтұрсынов, І.Кеңесбаев, Р.Сәрсенбаев, Б.Адамбаев, Ә.Донбаева, Д.Бегалықызының, Ғ.Мұсабаев, М.Рабдуллин т.б жұмыстарында қарастырылған. Жалпы және орыс тіл білімінде В.В.Виноградов. Н.Н.Амосова, М.Т.Тагиев, Н.М.Шанский, Г.Л.Пермяков, Л.А.Булаховский сынды ғалымдар соны бағыт, ұстанымдарымен, құнды пайымдауларымен, нақты теориялық түйін-тұжырымдарымен, белгілі. Аталған ғалымдардың зерттеулері жұмысымызда теориялық және әдістемелік тұрғыдан басшылыққа алынды. Халықтық ұғым-түсініктер мен рухани, мәдени құндылықтардан мол мағлұмат беретін қазақ және орыс тілдеріндегі аталмыш бейнелі тізбектер халықаралық, экономикалық, саларалық байланыстар кең өріс алған осы кезеңге дейін салғастырыла зерттелмей келді.

«Ұлт пен тіл біртұтас» деген қағидаға сәйкес, қазақ және орыс мақал-мәтелдерің тек тілдік емес, бірлік астарындағы ұлттық болмысты тану жағынан да өзекті мәселе қатарына жатады. Сондықтан мақал-мәтелдерді тілдің «таза» ішкі жүйесі тұрғысынан қарағаннан гөрі, олардың тіл мен мәдениеті алшақ жатқан басқа халықтардың тілдік бірліктерімен салыстыра зерттеу дұрыс. Мақал-мәтелдер- сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұтымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

Мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді. Қазақ және орыс тілдеріндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы- XIX ғасырдың екінші жартысы. Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең-оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.

Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым-Ш.Уәлиханов. Ш.Уәлиханов пен Н.Н.Березин архивтерінде XIX ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің басқа үлгілерімен бірге қазақ мақалдары мен мәтелдерін де жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен әдебиетінің, тіл ғылымының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, В.Радлов, Ш.Ибрагимов, М.Терентьев, Я.Лютш, А.Е.Алекторов т.б. сынды ағартушы, ғалымдардың еңбегі ерекше. Халық мұрасын жүзеге келтіру, насихаттауда зор үлес қосқан танымал ғалым-Ә.Диваев.

Қазақ мақал-мәтелдерінің зерттелу тарихына шолу жасау барысында оның 5 бағытта жүргізіліп келгендігі анықталады:

а) тілдік, яғни бір тіл аясындағы зерттеулер;

ә) туыс тілдерді салыстыра талдауға;

б)әртектес тілдер бірліктерін салғастыра қарауға;

в) этнолингвистикалық астарын ашуға;

г) қолданбалы мақсатқа негізделген зерттеу жұмыстары.

Мақал-мәтелдердің шығу төріні, тілде қалыптасуы деген мәселеге келер болсақ, оның күрделілігі де, түпдеректі қалтқысыз табудың қиындығы да түсінікті. Дегенмен, қазақ халқының рухани қазынасын, сөз маржандарын қалыпқа келтіру барысында елеулі еңбек сіңірген Б.Адамбаевтың «Мақал-мәтелдер әуелде аузы дуалы жеке кісінің аузынан шыққанымен, біреуден біреуге, ұрпақтан-ұрпаққа ауыса жүріп өңделген, өзгерген, бүкіл елге тарап, оны халық ақиқат деп таныған қағидаға, тіпті ережеге-заңға айналған» деген ой тұжырымымен толық келісуге болады. Халықтың дана билері мен шешендерінің қолданысқа енген сөздерінен бірер мысал келтірейік. Майқы би: Алтау ала болса, ауыздағы кетеді Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

Даналығымен, шешендігімен, жастайынан елді аузына қаратқан Төле би сөздерінің де ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, халық арасында мақал-мәтел ретінде кең қолданыс тапқаны байқалды: Жаңбыр жаумаса, жер жетім Басшысы болмас,-ел жетім. Сондай-ақ, халықтық мақал-мәтелге айналып, жиі қолданылып жүрген «Көпті қорлаған көмусіз қалады» тіркесінің Әйтеке бидің, ал, «Бұлақ көрсең көзін аш» Бәйдібек бидің дуалы аузынан шыққан тілдік бірліктер деген деректер бар, мұндай мысалдарды әрі қарай тізбектеп, қатарын көбейте беруге болады. Зерттеу барысында ертегі, аңыз әңгімелер негізінде қалыптасқан мақал-мәтелдердің де аз еместігі байқалды. Мысалы: Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты, Қайда барсаң да Қорқыттың, көрі.

Мақал-мәтелдерді топтастырудың негізгі қағидалары: Тіл білімінде мақал-мәтелдерді топтастырудың бірнеше принципі бар, енді солардың негізгі түрлеріне тоқталайық.

1.Әріптік, әліпбилік (алфавиттік) топтастыру. Аты айтып тұрғандай, топтастырудың бұл түрінде мақал құрамындағы алғашқы сөздің басқы әрпі негізге алынады.

2.Ұйытқысыз арқылы топтастыру. Қажет тілдік бірлікті ұйтқы сөзге сүйене отырып, оңай тауып алуға болатындығын аталмыш әдістің ерекшелігі деп танимыз. Ал кемшілігі жоғарыда аталған әдіспен пара-пар, өзара мағыналас мақалдар бөлек, ал. Керісінше мазмұны бөлек түрлері бір топқа енеді.

3. Монографиялық топтастыру. Мұнда мақал-мәтелдер жинақталған уақытына, кезеңіне, таралу аймағына орай жіктелген. «Пословицы, поговорки, загадки в рукописных сборниках XII-XX веков» және «Ақылдың көзі, Ташкент маңы және Сырдария жағалауындағы Қазығұрт пен Қаратау бөктеріндегі ежелден тұратын қазақтардың мақалдары» атты жинақтар монографиялық топтастырудың айқын үлгісі.

4. Генетикалық тұрғыдан топтастыру. Мақал-мәтелдердің шығу төркіні, белгілі бір халыққа, тілге қатыстылығы негізге алынады. М.Брагинскийдің жетекшілігімен жарық көрген «Шығыс халықтарының мақал-мәтелдері» жинағы осы генетикалық әдіспен түзелген.

5. Тақырыптық (тематикалық) топтастыру. Бұл принцип бойынша мақал-мәтелдер мән мағынасына қарай топтастырылады. Зерттеу барысында көп жағдайда қазақ, мақал-мәтелдерінің осы принциппен топтастырылғандығы байқалды. Топтастырудың бұл принципі мағыналас мақал-мәтелдерді бір топтан оңай тауып алуға болатындығымен ерекшеленеді.

6. Инвариантты тақырыптық жұптармен топтастыру. Бұл принцип бойынша, мақал-мәтелдер тобы «жақсы-жаман», «кәрі-жас», «бай-кедей» т.б. деген тақырыптар бойынша жіктеледі Мысалы: «Жақсыға айтсаң ұғар, Жаманға айтсаң күлер» тұлғасының ықшам, мазмұнының тереңдігімен ерекшеленетін тілдік орам «Жақсы-жаман» тобына енеді.

7.«Табиғат-Адам-Қоғам» идеографиялық классификация бойынша топтастыру. Бұл топтастыру бойынша «Табиғат» белгілі төрт тараудан (жануар, өсімдіктер дүниесі, аспан әлемі, т.б ), «Адам» бөлімі (адамның ішкі дүниесі мен сипаты, іс-әрекеті т.б.) он бір тараудан, «Қоғам» бөлімі (қоғамдық қарым-қатынас, шаруашылық, кәсіп т.б.) жиырмадан астам тараудан тұрады. Соңғы аталған принцип орыс және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтетдердің тілдік ерекшеліктерін ашуға қолайлы.

Зерттеу жұмыстарындағы топтастыру үлгілерін негізге ала отырып, мақал-мәтелдер тілдегі қолданысына орай: адамның жеке басына, үйге, діни наным- сенімге, гендерлік қатынасқа, өнер-білімге т.б. қатысты тілдік бірліктер тұрақты тіркестердің негізгі түпдерегі, тілде қалыптасу жолдары, қолдануға даяр тұлғаға айналу себептері анықталды. Зерттеу барысында екі тілде де түрлі тақырыптағы мақал-мәтелдер саны жағынан әлдеқайда көптігі байқалды. Орыс тілінде халық арасында жиі қолданылатын мақал-мәтелдер қазақ тілінде де кездесіп жатады. Мысалы: Еңбек туралы мақал мәтелдер – пословицы о труде: «Білім еңбекпен келеді» деген мақал-мәтел орыс тілінде «Всякое уменье трудом дается» түрінде келеді. «Будешь трудиться – будет у тебя и хлеб, и молоко водиться» деген орыс тіліндегі мақал-мәтел қазақ тілінде «Еңбек етсең емерсің» деп келеді. «Только после доброго труда наступает добрый отдых» деген орыс тіліндегі мақал-мәтел қазақтың «Жас кезінде бейнет көрген қартайғанда зейнет көреді» деген мақал-мәтелімен сабақтасып жатыр. «Труд создал человека» деген орыс мақалы қазақтың «Адамды адам еткен еңбек» деген мақалымен біте қайнасып жатыр. «Дай земле, то и она тебе даст» деген орыс мақалы қазақтың «Не ексең, соны орасың» деген мақалымен сабақтасып жатыр. Орыстар «Глазам страшно, а руки сделают» десе, қазақтар бұл туралы «Көз қорқақ, қол батыр» дейді.

Келесі білім жайындағы мақал-мәтелдерді зерттеу барысында орыс және қазақ тіліндегі мынадай мақалдардың сабақтасып жатқаны анықталды. Білім туралы мақал-мәтелдер – пословицы о знани: «Знание трудом добывается» деген орыс мақалы қазақ тілінде «Білім еңбекпен келеді» деп айтылады. «Где нет знаний, там нет и смелости» деген орыс мақалы қазақ тілінде «Білім жоқ жерде батылдық жоқ» деп келеді. «Атағыңа сенбе, ақылыңа сен» деген қазақ мақалы орыс тілінде «Не гордись званием, а гордись знанием» деп келеді. «Сильный побетит одного, знающи - тысячу» деген орыс мақалы қазақта «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген мақалмен сабақтасып жатыр. «Знает не тот кто много жил, а тот, кто знание нажил» деген орыс мақалы қазақ тілінде «Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі» деп келеді. Орыстар «Дерево крепко корнем, а человек знанием» десе қазақтар «Ағаш діңгегімен мықты, адам біліміміен мықты» дейді. «Сколько не учи тупицу, к утру все забудет» деген орыс мақалы қазақта «Ақылсызға айтқан сөзің зая кетеді» деген мақалмен сабақтасып жатыр. Орыстар «Знание лучше багатство» десе, қазақ «Білімнен асқан байлық жоқ» дейді.

Келесі достық жайлы мақалдарға келсек: қазақтың «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын» деген мақалы орыстың «Не имей сто рублей, а имей сто друзей» деген мақалымен сабақтасып жатыр. Ал қазақтың «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады» деген мақалы орыстың «Недруг поддакивает, а друг спорит» деген мақалымен сабақтасып жатыр. Орыстың «Птицы сильны крыльями, а люди – дружбой» деген мақалы қазақтың «Құс қанатымен мықты, адам жолдасымен мықты» деген мақалымен сабақтасып жатыр.

Келесі отан туралы мақал-мәтелдерге келсек: Орыстың «Человек без Родины, что соловей без лес» деген мақалы қазақтың «Отансыз адам ормансыз құспен тең» деген мақалымен сабақтасып жатыр. Орыстың «Если народ един, он непобедим» деген мақалы қазақтың «Бірлігі жарасқан елдің қаймағы бұзылмайды» деген астарлы мақалымен сабақтасып жатыр.

Қарап тұрсақ, қазақ мақалдары да, орыс мақалдары да тұлғасы ықшам, алайда мәні зор тілдік орам, орта ғасырда орын алған қағида, дәстүрлерге, заман талабына байланысты қалыптасқан. Екі елде де мәдениеттіліктің негізгі шарттарына, өзін-өзі ұстау ережелеріне баса назар аударылып, мүлтіксіз орындалуы талап етілгені байқалады. Қазақ және орыс тілдеріндегі өнер, еңбек, білімге қатысты мақал-мәтелдерді салғастыра зерттей отырып, олардың мағыналық жағынан өзара сәйкес келетіндігі анықталды. Мақал-мәтелдер арқылы берілетін ойдың өзара өзектесіп, астасып келу себебін әртектес тілдер өкілдерінің өмір сабағының, ғасырлар бойға тіршілікте көзі жетіп, көкейіне түйген тәжірибе жиынтығының ұқсастығымен ұштастырамыз. Қай халық болмасын, адамзат үшін еңбек пен білімнің алатын орны ерекше. Зерттеу барысында осы тақырып аясына жататын мақал – мәтелдердің екі тілде де көптен кездесетіндігі байқалды. Орыс тілінің және қазақ тілінің қорындағы еңбек, білімге қатысты мақал – мәтелдерден екі елдің де еңбек пен білімді алдыңғы орынға қойғаны байқалады. Екеуі де мақал-мәтелдер арқылы халықты бос жатпауға, еңбектенуге, білім алуға шақырады. Білімі мол адамның болашағы жарқын болатынын ескертіп отырғанын аңғаруға болады.

Қорыта келе айтарым мақал-мәтелдер – халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл өнегесі, даналығы мол көрініс тапқан,ой дәлдігімен, ықшамдылығымен ерешеленетін тілдік бірліктер болып табылады; мақал көп жағдайда үлгі, өнеге, өсиет айтуға құрылады. Ал мәтел, сөз тіркесі, қалыптасқан нақышты орамды сөйлемше түрінде келіп,көңілдегі ойды емеурін арқылы жеткізеді; - Орыс тіл білімінде мақал мен мәтелдің ара жігі нақты ажыратылмай, біртұтас тұрақты тіркес ретінде араластырылады; - Мақал-мәтел өзге тұрақты сөз орамдарына қарағанда, тұлға жағынан ықшам, мазмұны жағынан тұтас, әмбебап болады; Мақал-мәтелдердің тұлғасының тұрақтылығы мен тілде бұрыннан «дайын» материал ретінде қолданылады Бірқатар қазақ және орыс мақал-мәтелдерінің құрамы мен құрылымы және мағынасы тұрғысынан өзара сәйкестіктері байқалады, абсолютті эквивалент, яғни тепе-тең балама түрлері де кездеседі; - орыс мақалдары көбіне бір сөйлемнен ғана тұрса, қазақ мақалдарының басым көпшілігі екі не бірнеше тармақты болып келеді. Қазақ мақал-мәтелдеріндегі айтылар ойдың басқа бір жағдай не құбылыспен салыстырыла жеткізуін тілдік ерекшеліктер санатына жатқызуға болады; - Кейбір қазақ мақал-мәтелдерінің түп дерегі қазақ қоғамында Майқы, Төле, Әйтеке есімдерімен, Абай, Ыбырай, Жамбыл т.б шығармаларындағы мазмұнды сөз үлгілерімен, қоғам қайраткерлерінің қанатты сөздерімен тығыз байланысты болса, орыс мақал-мәтелдерінің ауқымды тобы қасиетті кітап інжілден, Лермонтов, Пушкин сынды орыс классикалық әдебиетінің ұлы тұлғаларының шығармаларынан бастау алады. Қазақ және орыс мақал-мәтелдерінің қайнар көзіне байланысты негізгі айырма мынада: қазақ мақал-мәтелдерінің басым көпшілігі ауызша сөз үлгілері негізінде қалыптасқан, орыс мақал-мәтелдерінің көбі қасиетті кітаптан тараған ұлағатты сөздер болып табылады, ауызша таралған мақал-мәтелдер жетекші емес. Орыс тіліндегі мақал-мәтелдердің құрамында елді-мекендердің, атаулары мен кісі есімдері жиі кездеседі. Туыс емес тілдердегі бірқатар мақал-мәтелдердің өзара мағыналас болып келу қазақ және орыс халықтарының өмір тәрбесінің, көзі жетіп, көкейіне түйген ой-тұжырымдарының ұқсастығымен байланысты. Қай тілде болмасын мақал-мәтелдер әрбір халықтың тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы мен әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі жөнінде ақпарат көзі, яғни дүниенің тілдік бейнесі болып табылады.

























Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Орыс-қазақ мақалдарының салыстырмалы сараптамасы // Мир языка. Н.М. Құрманбаевтың 75 жылдық мерейтойы құрметіне ұйымдастырылған «Мышление-Язык-Лингводидактика» атты ғылыми конференция материалдары. Алматы,171-174бб.

2. Орыс-қазақ мақалдарының этнолингвистикалық ерекшеліктері// Мир языка. «Аударманың көкейкесті мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференция материалдары. Алматы,2001. 208-210бб.

3. Еңбек, өнер білімге байланысты мақал-мәтелдердегі этнолингвистикалық мотивтер// Тіл тағлымы. Алматы,2003. 215-218бб.

4. Білімге байланысты орыс және қазақ мақал-мәтелдері// Поиск – ізденіс. Серия гуманитарная. Алматы,2003. 189-191бб.

7. Қазақ мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаты // Вестник КазНУ им. Аль Фараби. Серия филологическая. Алматы,2003. 207-210бб.

8


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
11 маусым
1271
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі