15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Қазақ жастары һәм патриотизм»
«Қазақ жастары һәм патриотизм»
Мақсаты: Құқық жайында ой жүйесін дамыту. Өз елінің «Ата-заңына» бағына отырып, әрбір азамат өз құқығын қорғай білуге және барлық адам тең құқылы екендігін түсіндіріп, оны қорғай білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Тұлғаны жан – жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдарды аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттық сан ғасыр уақытта жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана-сезімімен, күнделікті мінез–құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік – экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жанадандыру айрықша міндетті іс.
Бүгінде оқушылармен жүргізетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын айқындауда А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский “қандай да бір құқықтық тәрбие болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып жеке адамның мұқтаждығына негізделсе, екіншіден, ұжымдық жұмыстарға оқушылар шаруашылықпен қатысса, соғұрлым алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік-құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап, өз мінез – құлықтарына қалыптастырады” деп осы мәселеге қатысты айтқан пікірлеріне кең түрде басшылыққа алудың маңызы ерекше.
Балалардың мінез-құлқының нормадан, шамадан ауытқуына түрлі жағдайлар себеп болады. Олардың ішінде ең бастысы отбасы жағдайы боп есептеледі. Өйткені тұлғаның жеке басының жаман-жақсы қасиеттерінің негізі отбасынан қалыптасады. Сондықтан да, балалардың өнеге алып үлгі тұтары - ең алдымен өздерінің ата - аналары.
Баяндама: «Қазақ жастары һәм патриотизм» ____________________________________________________________
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге паш етті. Алдағы мақсатымыз Қазақстанның гүлденіп, өркендеп, көркейіп, жастары оқыған, үлкені ел сыйлаған, патриотты, ұлтжанды, халықтың мықты діттеген ордасын құру. Кешегі өткен өміріміз жолын еске алсақ, талай қиыншылықты бастан кешірген халықпыз. Сонда да ащы мен тұщының дәмін татып, қиыншылық көрсе қысылмай, батылдық, табандылық, өжеттілік танытып бүгінге жеткен Отанымыз алтын орда үйіміз. Қазақстанды –Отаным деп таныған әрбір азамат осыны түсінер деп ойлаймын. Ол үшін алдымен адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі қажет. Мұның басты шарттарының идеяларын Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» Жолдауында «біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен болатын.
♦Жастар – еліміздің экономикалық және қоғамдық өмірдің барлық салаларына қатыстылығы жағынан алғанда, болашағы зор, қоғамның маңызды бөлшегі. Тәуелсіздік жылдарында қазіргі заман шарттарына жаңа көзқараспен қарайтын жастар пайда болды. Жастар еліміздің даму және демократиялық жаңару үрдістеріне белсене қатысып келеді. Ал дамыған қоғам, әрине, адамға және оның жеке, кәсіби қасиеттеріне жоғары талаптар қояды. Қазіргі заман мамандары өз кәсібінде де, ғылымда да тек қана жаңашыл емес, сондай-ақ көшбасшы да бола білулері керек. Тәуелсіздік алғанымызға 21 жыл уақыт болды, бірақ, қазақ жастарының жағдайы бүгінгі күні қазақ қоғамын алаңдату керек деп ойлаймын. Болашақ жастардың қолында деген керемет ұранның, сол болашақты жасайтын жастар үшін пайдасы зор, ертеңгі көк бөрілінің бүгіні мен ертеңі біздің қолымызда. Ұраннан іске кіресетін кез келді. Ол үшін тек қана оқу, білім, тәрбие, ғылым, бірлік, татулық қана біздерге қажет. Осылардың жолында бәрімізде аянбай еңбек етіп, тер төгу.♦
Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, жастар бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын оятып олардың ертеңгі күні қазақтың мықты сапалы білімді, саналы тәрбиелі, халқының ертеңін ойлайтын азаматтары мен азаматшаларын тәрбиелеу. Ол үшін алдымен жаңаша патриоттық тәрбие беру, жастардың тарихын, тілін, діңін,халықтың әдет-ғұрпың, рухани мәдениетің, әлеуметтік-этникалық нормаларын, түсіндіріп, түсінік беру. Әрбір жастардың дүниетанымы мен болашаққа деген көзқарасы, жеке тұлға бойындағы сезімі, оның бойында жүзеге асады. Сондай-ақ, ерлік пен батырлық қасиеттері арқылы да жастарымыздың бойында патриоттық, отансүйгіштік сезім оянады. Мұндағы ерлік түсінігін әрбір жас ерекше түсіну керек. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Егер біз Мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлектіміздің ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр. Қазақта мынандай мақал бар: “Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз”. Осы орайда айтарымыз тек жеті ғасырмен шектелмей жалпы ұлттың тарихын біліп, соны зерттеп: Кешегі мен бүгінін, ертеңі мен болашағын танып біліп, тарихының бетіне астарлай қараса ол жетерлік.
Біздің колледжімізде, жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу мақсатында көптеген мәдени іс-шаралар өткізіледі. Әр-бір өткізілген іс-шара жастарымыздың бойына патриоттық сезіммен бірге ұлттық идеологияларды сіңдіреді. Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығына өткізілген іс-шара осының куәсі.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи, әлеуметтік, мәдени, рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмірмен ұлттық мектепті қалыптастыруда, егемен елеміздің ертеңін ойлар білімді де, саналы, отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін, ұлтжанды, парасатты азаматты тәрбелеуде біздің колледж ұжымының еңбегі зор.
Сонымен қорыта айтарымыз, қазақстандық патриотизм - бүкіл қазақстандықтарға, әсірісе енді ғана құлпырып, өсіп келе жатқан жалынды жастарымызға тән. Оларға ең алдымен жоғары білім қажет. Мен өзімді ұлтжандымын деп ұғынамын және менің бойымда ұлт патриоты болуға деген құштарлық жоғары. Бүгінгі менің жолдастарымның, яғни қазақтың ертеңгі тірек жастарының Отан алдыңдағы жауапкершілігі, патриоттық сезімінің жалынды екенін айтқым келеді. Жастарымыздың әлемдік, халықаралық, республикалық түрлі жарыстарда, спорттық олимпиадаларда жүлделі орындар алып көк байрағымызды желбіретуі, біздің рухымызды биіктеткен мен тең. Осыдан қарап-ақ жалынды жастардың қатары көбейіп, патриоттарымызды ұлы сезімдері жоғары екенін танимыз. Тек енді жалынды жастарымыз тек алға ғана самғау қажет. Қазақтың көкірегінде намысы, көзінде оты бар жастарын тынбай талаптандырып, үзбей іздендіріп, ерінбей еңбектенуге үйрету. Біз болашағымызға бар халықты бауырымызға тарта отырып, жастарымыздың, яки біздердің ақыл парасатымызбен, саналы тәрбиеміз, сапалы білімімізбен, ұлттарымыздың бейбітшілік аясындағы айқын мақсаттарымен барамыз. Өскелең ұрпақ, болашақ жалынды жастар ұлттық рухты тәрбиеленіп, олардың жігері жігерленіп, намыстары қайралып, Отан деген ұлы сезім мен оған деген мұраттары баянды болсын, ағайын!
Жастарды патриотизмге тәрбиелеуде отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру маңызға ие. Жас ұрпақты білімді, әдепті, өз елін, жерін, ана тілін құрметтеп, дінін дәріптей алатын дәрежеге жеткізу біздің басты міндетіміз. Еліміздің ертеңі жас ұрпақ тәрбиесімен бірлесіп жұмыс жасайық замандастар.
1 – оқушы: Жас ұланбыз жаны жарқын,
Қайрат – күші құрыш мығым.
Тамылжыған жаны алтын,
Қорғаймыз ел тыныштығын.
2 – оқушы: Сарбаздармыз саптағы біз,
Қатарымыз сөгілмеген.
Туған елдің мақтанымыз,
Адымдаймыз, сенімменен.
3 – оқушы: Жол бермейміз ұрысқа түк,
Елге аян айбынымыз.
Дұрыс шығар, дұрыс батып,
Бір тұрғанда ай-күніміз.
4– оқушы: Желбіреген жалауымыз,
Ұлы Отанның ұланымыз.
Бейбітшілік қалауымыз,
Асқақтаған жыр-әніміз.
Жүргізуші: Отаншылдық, Отансүйгіштік, Патриотизм– адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі. Көшпелі қазақ өркениетінде Отаншылдық ең қасиетті міндеттердің бірі саналды. Ежелгі түркі қағандығы кезінде тасқа жазылған Күлтегін ескерткішінде ел билеушілерінің Отаншылдық үлгісі көрініс тапқан. Төре, Қазыбек, Әйтеке билер, Ақтамберді, Бұқар жыраулар және ХХ ғасырдың басындағы А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейхан, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, т.б. ұлт зиялылары мен қайраткерлері Отаншылдықты сөзбен ғана емес, іспен де өнеге көрсете білді. Әйтеке би “Өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі” деп халыққа қызмет етудің, Отаншылдықтың айнасы бола білді. Тәуке хан заманынан қазақ қоғамында Отаншылдық байлықтан да жоғары бағаланды. Қазіргі кезде Қазақстан өмірінде “Қазақстандық патриотизмді” қалыптастыру және оны азаматтардың ой-санасына сіңіруді мемлекеттік дәрежеге көтергенімен, Отаншылдық ой-сананы қалыптастырудың шешілмеген мәселелері бар.Қазақстандық патриотизм – ел азаматтарының республиканың бүгінгі тұрақты өмірі мен жарқын келешегі жолындағы еңбегі мен күрескерлігі іспетті.
Ой сергіту сұрақтары: «Бәйге»
«Конституция» сөзінің аудармасы қалай? (құрылым, өкілім)
Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)
ҚР конституциясы неше бөлімнен тұрады? (9 бөлім, 98 баб)
ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды? (Демократиялық, зайырлы, құқықтық,әлеуметтік)
Қазақстанда «Қызыл кітап» қай жылы шықты? (1978ж.)
Қазақтар найзағайды басқаша қалай атайды? (жай)
Тосын желді не деп атайды? (құйын)
Қазақстанда неше қорық бар? (9)
Зілзіла деген не? (Жердің қозғалуы)
Қазақстанда күріш қай облыста өсіріледі? (Қызылорда)
Егемендік алғаннан кейін Қ.Р-да конституциясы қанша рет қабылданды? (2)
Дүние жүзінде тұңғыш конституция қашан, қай мемлекетте қабылданды? (АҚШ-та 1787ж.)
Қ Р мемлекеттік биліктің бірден –бір бастауы кім? (халық)
«Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)
ҚР төл теңгесі қашан қолданысқа енді? (1993ж. 15 қараша)
Қорытынды: Н.Назарбаев: “Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн”- дейді.
Міне, осы сөздің өзі – тұлабойы тұнған Отаншылдық тәрбие міндеттері. Қазақстандық патриотизмнің анықтамасы да осынау парасатты ойдан арна тартады.
Ата мекен жер үшін,
Қасиетті ел үшін,
Әзиз ана, қарт ата,
Ботакөз сұлу қарындас
Күң, құл бомасын,
- деген жыр жолдары арқылы оқушыларды Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімін арттырып, бүгінгі құқықтық оқуымызды аяқтаймыз.
Ой сергіту сұрақтары: «Бәйге»
«Конституция» сөзінің аудармасы қалай? (құрылым, өкілім)
Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)
ҚР конституциясы неше бөлімнен тұрады? (9 бөлім, 98 баб)
ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды? (Демократиялық, зайырлы, құқықтық,әлеуметтік)
Қазақстанда «Қызыл кітап» қай жылы шықты? (1978ж.)
Қазақтар найзағайды басқаша қалай атайды? (жай)
Тосын желді не деп атайды? (құйын)
Қазақстанда неше қорық бар? (9)
Зілзіла деген не? (Жердің қозғалуы)
Қазақстанда күріш қай облыста өсіріледі? (Қызылорда)
Егемендік алғаннан кейін Қ.Р-да конституциясы қанша рет қабылданды? (2)
Дүние жүзінде тұңғыш конституция қашан, қай мемлекетте қабылданды? (АҚШ-та 1787ж.)
Қ Р мемлекеттік биліктің бірден –бір бастауы кім? (халық)
«Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)
ҚР төл теңгесі қашан қолданысқа енді? (1993ж. 15 қараша)
«Қазақ жастары һәм патриотизм»
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге паш етті. Алдағы мақсатымыз Қазақстанның гүлденіп, өркендеп, көркейіп, жастары оқыған, үлкені ел сыйлаған, патриотты, ұлтжанды, халықтың мықты діттеген ордасын құру. Кешегі өткен өміріміз жолын еске алсақ, талай қиыншылықты бастан кешірген халықпыз. Сонда да ащы мен тұщының дәмін татып, қиыншылық көрсе қысылмай, батылдық, табандылық, өжеттілік танытып бүгінге жеткен Отанымыз алтын орда үйіміз. Қазақстанды –Отаным деп таныған әрбір азамат осыны түсінер деп ойлаймын. Ол үшін алдымен адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі қажет. Мұның басты шарттарының идеяларын Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» Жолдауында «біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен болатын.
♦Жастар – еліміздің экономикалық және қоғамдық өмірдің барлық салаларына қатыстылығы жағынан алғанда, болашағы зор, қоғамның маңызды бөлшегі. Тәуелсіздік жылдарында қазіргі заман шарттарына жаңа көзқараспен қарайтын жастар пайда болды. Жастар еліміздің даму және демократиялық жаңару үрдістеріне белсене қатысып келеді. Ал дамыған қоғам, әрине, адамға және оның жеке, кәсіби қасиеттеріне жоғары талаптар қояды. Қазіргі заман мамандары өз кәсібінде де, ғылымда да тек қана жаңашыл емес, сондай-ақ көшбасшы да бола білулері керек. Тәуелсіздік алғанымызға 21 жыл уақыт болды, бірақ, қазақ жастарының жағдайы бүгінгі күні қазақ қоғамын алаңдату керек деп ойлаймын. Болашақ жастардың қолында деген керемет ұранның, сол болашақты жасайтын жастар үшін пайдасы зор, ертеңгі көк бөрілінің бүгіні мен ертеңі біздің қолымызда. Ұраннан іске кіресетін кез келді. Ол үшін тек қана оқу, білім, тәрбие, ғылым, бірлік, татулық қана біздерге қажет. Осылардың жолында бәрімізде аянбай еңбек етіп, тер төгу.♦
Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, жастар бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын оятып олардың ертеңгі күні қазақтың мықты сапалы білімді, саналы тәрбиелі, халқының ертеңін ойлайтын азаматтары мен азаматшаларын тәрбиелеу. Ол үшін алдымен жаңаша патриоттық тәрбие беру, жастардың тарихын, тілін, діңін,халықтың әдет-ғұрпың, рухани мәдениетің, әлеуметтік-этникалық нормаларын, түсіндіріп, түсінік беру. Әрбір жастардың дүниетанымы мен болашаққа деген көзқарасы, жеке тұлға бойындағы сезімі, оның бойында жүзеге асады. Сондай-ақ, ерлік пен батырлық қасиеттері арқылы да жастарымыздың бойында патриоттық, отансүйгіштік сезім оянады. Мұндағы ерлік түсінігін әрбір жас ерекше түсіну керек. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Егер біз Мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлектіміздің ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр. Қазақта мынандай мақал бар: “Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз”. Осы орайда айтарымыз тек жеті ғасырмен шектелмей жалпы ұлттың тарихын біліп, соны зерттеп: Кешегі мен бүгінін, ертеңі мен болашағын танып біліп, тарихының бетіне астарлай қараса ол жетерлік.
Біздің колледжімізде, жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу мақсатында көптеген мәдени іс-шаралар өткізіледі. Әр-бір өткізілген іс-шара жастарымыздың бойына патриоттық сезіммен бірге ұлттық идеологияларды сіңдіреді. Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығына өткізілген іс-шара осының куәсі.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи, әлеуметтік, мәдени, рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмірмен ұлттық мектепті қалыптастыруда, егемен елеміздің ертеңін ойлар білімді де, саналы, отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін, ұлтжанды, парасатты азаматты тәрбелеуде біздің колледж ұжымының еңбегі зор.
Сонымен қорыта айтарымыз, қазақстандық патриотизм - бүкіл қазақстандықтарға, әсірісе енді ғана құлпырып, өсіп келе жатқан жалынды жастарымызға тән. Оларға ең алдымен жоғары білім қажет. Мен өзімді ұлтжандымын деп ұғынамын және менің бойымда ұлт патриоты болуға деген құштарлық жоғары. Бүгінгі менің жолдастарымның, яғни қазақтың ертеңгі тірек жастарының Отан алдыңдағы жауапкершілігі, патриоттық сезімінің жалынды екенін айтқым келеді. Жастарымыздың әлемдік, халықаралық, республикалық түрлі жарыстарда, спорттық олимпиадаларда жүлделі орындар алып көк байрағымызды желбіретуі, біздің рухымызды биіктеткен мен тең. Осыдан қарап-ақ жалынды жастардың қатары көбейіп, патриоттарымызды ұлы сезімдері жоғары екенін танимыз. Тек енді жалынды жастарымыз тек алға ғана самғау қажет. Қазақтың көкірегінде намысы, көзінде оты бар жастарын тынбай талаптандырып, үзбей іздендіріп, ерінбей еңбектенуге үйрету. Біз болашағымызға бар халықты бауырымызға тарта отырып, жастарымыздың, яки біздердің ақыл парасатымызбен, саналы тәрбиеміз, сапалы білімімізбен, ұлттарымыздың бейбітшілік аясындағы айқын мақсаттарымен барамыз. Өскелең ұрпақ, болашақ жалынды жастар ұлттық рухты тәрбиеленіп, олардың жігері жігерленіп, намыстары қайралып, Отан деген ұлы сезім мен оған деген мұраттары баянды болсын, ағайын!
Жастарды патриотизмге тәрбиелеуде отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру маңызға ие. Жас ұрпақты білімді, әдепті, өз елін, жерін, ана тілін құрметтеп, дінін дәріптей алатын дәрежеге жеткізу біздің басты міндетіміз. Еліміздің ертеңі жас ұрпақ тәрбиесімен бірлесіп жұмыс жасайық замандастар.
1 – оқушы: Жас ұланбыз жаны жарқын,
Қайрат – күші құрыш мығым.
Тамылжыған жаны алтын,
Қорғаймыз ел тыныштығын.
2 – оқушы: Сарбаздармыз саптағы біз,
Қатарымыз сөгілмеген.
Туған елдің мақтанымыз,
Адымдаймыз, сенімменен.
3 – оқушы: Жол бермейміз ұрысқа түк,
Елге аян айбынымыз.
Дұрыс шығар, дұрыс батып,
Бір тұрғанда ай-күніміз.
4– оқушы: Желбіреген жалауымыз,
Ұлы Отанның ұланымыз.
Бейбітшілік қалауымыз,
Асқақтаған жыр-әніміз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген