400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ киносының саңлағы Ш.Айманов

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып қазақ тілінен сабақ беруші ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақ: қазақ тілі

Мектеп: «Т.Момбеков атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты: Култаева Б.Т.

Сынып: 6 А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы:

Тарихи тұлғалар.

Лексика

Сабақ тақырыбы

Қазақ киносының саңлағы – Ш. Айманов

Оқу мақсаты:

6.3.3.1 ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру;

6.4.3.1. эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу

Сабақтың мақсаты


Барлық оқушы орындай алады: ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін құрастыра алады.

Сабақтың мақсаты


Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтін ішінен әдеби тілдік нормаларды ажырата алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Тақырып бойынша әдеби пікір жаза алады.

Бағалау критерийлері

Тақырыпқа қатысты деректерді графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде ұсынады

эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіндіреді және ажыратады.

Ойлау деңгейлері

  • Білу, түсіну

Тілдік мақсат:


Тірек сөздер

  • (көмгенше – жерлегенше, өлгенше – өмірінің соңына дейін)

  • (шошқаша – нашар, жаман адамға)

  • (соқыр – көзі көрмейтін адам

  • (боқта – жаман нәрседе)

  • (өсекші – сөзуар)

  • (қысыр – жаман, мәні жоқ)

  • (ит мінез – нашар мінез)

Диалог құруға / шығармаға арналған пайдалы тіркестер:

. «Мырза жігіт», «кенже бала» сөздері қай сөзге қатысты?

Құндылыққа баулу


Зайырлы қоғам және жоғары руханият (3-құндылық)

Пәнаралық байланыс

тарих, әдебиет

Алдыңғы білім

Кино саңлақтарының өмірбаяны.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-шаралар





Сабақтың басы

5-7 мин.


Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, түгендеу

Психологиялық жағымды көңіл-күй орнату.

«Бата» псих.тренингі

Топтарға біріктіру және үй тапсырмасын сұрау

«Әдебиет лотосы» әдісі бойынша /тарихи тұлғалар айдары бойынша/ орындалады.

  1. зат,құбылыс және оның сапасын дәл атамай жұмсартып қолданылатын сыпайы сөздер. / Эвфемизм /

  2. сыпайы сөйлеудің орнына дөрекілеп айту үшін қолданылатын сөздер.

/ Дисфемизм /

  1. Д.Қонаевтың қандай даналық сөздерін білесіңдер ?

  2. Қоғам қайраткері Қазақстанның даму жолында қандай елеулі қызметтер атқарды?

  3. Табу дегеніміз не?

  4. Белгілі тарихи тұлғалар туралы қандай кинолар бар?

  5. «Ұшқан ұя» қай тарихи тұлға жайында жазылған шығарма?

«Қазақтың әрбір тасы қазақтың өңіріне түйме болып тағылуы тиіс» деген сөзді қай тарихи тұлға айтқан? /Әлихан Бөкейханов/

  1. Ә.Бөкейхановтың қандай даналық сөздерін білесіңдер? Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.

Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды?

Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман

Бостандыққа апаратын жалғыз жол-ұлттық ынтымақ

  1. Табу сөздерге мысал келтір?

  2. Табу сөздер қандай мақсатта немесе не үшін айтылады?

  3. Табу сөздері бар қандай аңыздарды білесіңдер?




























Сабақтың ортасы

20-25 мин.

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ

Бейнебаян көрсету →→→→→→ /2 минут/



ТОПТЫҚ ЖҰМЫС

1-тапсырма Жаңа сабақты топтарға өзара түсіндіру арқылы меңгерту

1-топ қазақ кино өнерінің тарихы

2-топ Ш.Аймановтың өмірі

3-топ Ш.аймановтың кинолары

4-топ Өнерлі Шәкен

Дескриптор

  • Мәтінмен танысады

  • Тақырып бойынша графиктік мәтін ұсынады

ҚБ. Өзара бағалау



ЖҰПТЫҚ ЖҰМЫС

2-тапсырма дөрекі, әдепсіз сөздердің мәнін ашып, дисфемизмдерді эвфемизмдерге айналдырыңдар.

1-жұп Ерінен айырылған көмгенше жылайды,

Елінен айырылған өлгенше жылайды.

(көмгенше – жерлегенше, өлгенше – өмірінің соңына дейін)

2-жұп Шошқаға ерген балшыққа аунар.

(шошқаға – нашар, жаман адамға)

3-жұп Жолдасың соқыр болса,

Сен де бір көзіңді қысып қой.

соқыр – ауыспалы мағынада

4-жұп Сараң да бір, сасық су да бір.

5-жұп Ешкі егіз туып, қойдан көп болмас.

(туып – лақтап)

6-жұп Өсекшінің тілі қышып тұрады.

(өсекші – сөзуар)

7-жұп Қысыр сөзде қырсық көп.

(қысыр – жаман, мәні жоқ)

8-жұп Итпен жолдас болсаң, таяғыңды тастама.

(итпен – сенімсіз адаммен)

9-жұп «Мылжың» сөзінің сыпайы баламаларын айтыңыз

10-жұп «өтірік айту» сөзінің сыпайы баламаларын айтыңыз


Дескриптор

  • Дисфемизм сөздерді табады

  • Оладың мағынасын ашады

  • Эвфемизмге айналдырады

ҚБ «+ -» әдісімен мұғалім кері байланыс береді


ЖЕКЕ ЖҰМЫС

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ тапсырмасы

А деңгей Берілген сөздердің табу баламасын жазыңыз

Найзағай-

Қасқыр-

Жылан –

Ат тергеуге байланысты табулар-

В деңгей көркем шығармадан алынған үзінділерден ТАБУсөздердің асытын сызып белгіле. Жан- жағына қарайлап, асығып келе жатқанда анадай жерден ұзын шешей көрінеді.

Ұзын шешей-табу.

Балам, сақ бол, ит- құс бар дегендей ,-деді әкесі баласына жолға шығып бара жатып.

Ит- құс-табу(қасқыр)

Тентекжан – ау, мені тастап бара жатқаның ба? – деп Зәйкүл де тұра жөнелді.

С деңгей «Шәкен – қазақ киносының атасы» деген тақырыпта өз ойларыңызды «ПОПС формуласы» арқылы жеткізіңіз.

Менің ойымша......

Менің дәлелім.......

Менің мысалым.......

Қорытынды.......


Дескриптор

Табу сөздерді ажырата алады

Тақырып бойынша өз пікірін білдіреді.

ҚБ. Саралау тәсілінің «бағалау» әдісімен бағаланады.

https://www.youtube.com/watch?v=gJsrSt9Gbk4






















Мақал-мәтелдер жинағынан








































Сабақтың соңы

Бағалау: оқушылардың күнделіктеріне жазбаша кері байланыс беру

Үй тапсырмасы; Оқулық 99-бет, 5 –тапсырма




Оқулық қазақ тілі 6 сынып «АРМАН ПВ» баспасы

Қосымша ақпарат интернет ресурстары мен газ-журанл ақпараттарын пайдаландым.

Дифференциация – сіз ықпал етуді қалай жоспарлайсыз? Сіз ең қабілетті оқушылардан сабақ сұрауды қалай жоспарлайсыз?


Бағалау –Сіз оқушылардың білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Қиылысатын оқу мәтіндері

Еңбек гигиенасы мен қауіпсіздік техникасын тексеру

ICT-тестілер маңызды сілтемелер



Сабағымда саралаудың мына түрлерін пайдаланамын:

  • Диалог /Сұрақ қою арқылы/

  • Ресурс /дереккөздер/ арқылы

  • Нәтиже арқ.

  • Саралау тәсілінің тапсырма әдісі арқылы


Мұғалім критерийге сүйене отырып білім алушыларға ауызша кері байланыс ұсынады.

«екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша

«Бағдаршам түстері»

«+-» әдісі

Сабақ барысында, топқа біріктіру, сергіту, психологиялық ахуал кезеңдерінде қозғалыс ережелерін сақтап, балалар қауіпсіздігін сақтау.

Нәтиже

Сабақтың/оқу міндеттері шынайы болды ма?

Бүгін оқушылар нені жаттады?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Менің жоспарлаған дифференциация дұрыс болып шықты ма?

Мен регламентті сақтадым ба? Менің жоспарымда қандай өзгерістер болды және олар қандай


Төмендегі бос орынды сіздің сабағыңызды сипаттауға пайдаланыңыз. Сол жақтағы бағанда берілген сабақтың сапасы туралы сұрақтардың ең маңыздыларына жауап беріңіз



Жалпы бағалау:

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) ?

1.


2.


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты) ?

1.


2.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
3 ақпан
3155
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі