400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ мәдениетінің заманауи сән өнері

Материал туралы қысқаша түсінік
Біздің қазіргі қоғамдағы заманауи этникалық киімдер туралы ақпарат ақпаратпен бөліскім келіп отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және Саясаттану факультеті

Дінтану және Мәдениеттану кафедрасы Мәдениеттану мамандығы 2 курс студенті Баяхмет Аружан Жетекшісі: аға оқытушы Кудерина А.Н.



Қазақ мәдениетінің заманауи сән өнері



Елімізде соңғы 2-3 жылда халқымыздың ұлттық киімдері, әшекейлері қайта жаңғырып, жастар арасында үлкен трендке айналып жатыр. Осы этно стильдегі заттарды тек ұлттық мейрамдарда ғана емес күнделікті өмірде заманауи киімдермен үйлестіріп кию сәнге айналған.



Соның бірі қыздарға сән беретін ерекше бас киім – тақиялар. Оларды түрлі моншақ, оюлармен сәндеп жастарға сай, замануи стильде ерекше сәнге айналып отыр. Осы орайда тақияға жастардың, мектеп оқушыларының, сән құмар нәзік жандылардың қызығушылығы артып отыр. Тақия- қазақтың ұлттық бас киімі, пішіні бойынша дөңгелек, аласа шеті және сына тәрізді тәжі бар. Дизайнның қарапайымдылығына қарамастан, тақия өте алуан түрлі. Бұл тақиялар әртүрлі түсті, барқыт материалдармен тігіледі. Бас киім дизайны бойынша өте қарапайым болса да, бірақ әшекейлермен және кулондармен безендіріліп, тақияның дизайнын керемет толықтырады. Сонымен қатар тақия тек қыздар қауымында ғана емес ерлер қауымында да жиі кездеседі. Ерлерге де жаңа үлгідегі, күнделікті өмірде киіп жүруге қолайлы, заманауи тақиялар бар.



Шапанды әдетте біз той томалақта, жиындарда, мереке мейрамдарда ғана киетін едік. Ал қазір шапанды күнделікті өмірде киюге мүмкіндік туып отыр. Этно шапандар тек сырт келбетімен ғана өзгеріп қана қоймай, әдемілігімен, минималистік үлгісімен, ауа райына да қарастырылған. Қазіргі таңда шапан күртешелер, шапан бомберлер, шапан жилеттер заманауи стильге негізделіп шығарылуда. Этно шапандардың жастар талабына сай өзгеруі үлкен мүмкіндік беруде. Оқу орнына, жұмысқа, қыдыруға, қонаққа киіп баруға болатын сәндік стильге айналуда.



Корсет – әсіресе осы жазда ерекше сәнге айналған болатын. Жас қыздар классикалық киім үлгісімен үйлестіре отырып тағды да бір қазақи элементті сәнге айналдырды. Корсеттті көбінесе сырға салуда, тойда, наурызда, мереке жиындарда ақ ұзын көйлекпен үйлестіріп нәзік жандылар арасында трендке айналып кетті.



Этно әшекей бұйымға келетін болсақ қыздар арасында қазіргі таңда шолпы, шашбау, білезік, сырға, тұмарша, жүзік, қапсырма, шекелік, алқа, шаш қыстырғыш, этно брошь, белдік сыңды бұйымдар кең таралуыда.



Ұлттық нақыштағы киімдерімізді қазіргі таңда жаңартып, жаңа стильге негіздеу үлкен жетістіктің бірі. Ұлттық киімдерімізді, әшекей бұйымдарымызды өмірлік салтымызға айналдырсақ, өз мәдениетіміз бен қазақы көзқарасымызбен ерекше бір дизайн, этно-стильге айналдырсақ моданыңда, сәнніңде отаны біз болар едік. Сондай-ақ ұлттық нақыштағы киім ұлтымыздың ұлылығын,қадір-қасиетін көкке көтереді. Әрбір ел, ұлт үшін өзінің ұлттық киім үлгісі бәрінен жоғары тұрады. Өзіміз киіп, сәнге айналдырсақ оны көріп өзге елде қызығатыны анық, сондықтан біздің мақсат-ұлтымыздың ерекше киім үлгісін өзіміз көтеруіміз керек деп санаймын!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
10.12.2023
382
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі