400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Қазақ музыка өнерінің арналары

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қазақ музыка өнерінің арналары" сабағының қысқа мерзімді жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Қазақ музыка өнерінің арналары

Мұғалімнің аты-жөні:Т.Кенжеева

Күні: 04.12.2017 ж.

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

оқу мақсаттары

7.О5.Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру.

7.ӘТН4.1.Етістіктің шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану.


Сабақ мақсаты:


Оқушылардың барлығы: мәтінді түсініп оқиды, проблемалық сұрақтар құрастыра алады.

Оқушылардың көбісі: мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыра алады, етістіктің шақ, рай түрлері туралы түсінеді.

Оқушылардың кейбіреуі: мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыра алады, етістіктің шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолданады.

Бағалау критерийі

мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыра алады; етістіктің шақ, рай түрлері туралы түсінеді; етістіктің шақ категориясын тілдесім барысында қолданады.

Тілдік құзіреттілік

«Ұшардың ұлуы», «Сарын», «Желмая», «Қоңыр»

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, тарих.

Алдыңғы оқу

Музыка және классикалық туындылар туралы түсінік

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі

5 минут

Топтарға бөлу.

Кезекші оқушы сыныпты өз әдісі бойынша топқа бөледі.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Досыма комплимент»




Жаңа білім

10 минут




Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып шығады.

«Сақина салмақ ойыны»

Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгінгі ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса, менің сұрағыма жауап береді.

Ойын барысында етістіктің шақтарына мысал келтіремін, сұрақ қоямын, түсіндіремін.





Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

20 минут







Қолдану

Тапсырма

«Қазақ музыка өнерінің арналары» тақырыбы бойынша берілген «Қорқыт» атты мәтінді оқыңдар.Проблемалық сұрақ құрастырып, дәптерге жазыңдар.

Дескриптор

-Мәтінді түсініп оқиды;

-Проблемалық сұрақ құрастырып жазады.

Қ/Б бір-бірінің жазған сұрағын тексеріп, жұлдызша арқылы бағалайды.

Талдау

2-тапсырма

Қою қаріппен жазылған сөзі бар сөйлемдерді теріп алыңдар. Қою қаріппен жазылған сөздерді синонимдерімен ауыстырып, дәптерге жазыңдар.Етістіктің қай шақта екенін анықтаңдар.

Дескриптор

-Мәтіндегі Қою қаріппен жазылған сөзі бар сөйлемдерді табады;

- Қою қаріппен жазылған сөздерді синонимдерімен ауыстырып жазады,

- Етістіктің қай шақта екенін анықтайды.

Қ/Б ең жылдам әрі дұрыс орындаған 5 оқушыны жұлдызшамен бағалау.



Аяқталуы

Сабақты бекіту

5 минут

Сабақты «Зымыран сұрақтар» арқылы бекіту.

Үйге тапсырма: «Қобыздың қасиеттері» тақырыбына ойтолғау жазу.

Рефлексия жасату.


Қосымша ақпарат

Саралау –

«Досыма комплимент», «Сақина салмақ ойыны», «Зымыран сұрақтар» әдістерін қолдану.

Бағалау -

Әр тапсырмаға дескриптор құрамын. Оқушылардан кері байланыс алу арқылы білімдерін толықтырып отырамын. Оқушыларға смайликтер мен жұлдызшалар беру арқылы, ауызша мадақтаулар айтып бағалаймын.

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия











Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?











Тапсырма

Төмендегі үзінділерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Тапсырмаларды орындағанда, тілдің сапасы мен тазалығына назар аударыңыз.

Ұсынылған мәтіндердің бірі – «Абай-ақпарат» сайтынан, Жанғали Жүзбаевтың «Қазақ күйлері» мәтінінен үзінді, ал екіншісі massaget.kz сайтынан «Қазақ күйлері» үзінді алынған. Екі мәтінді салыстырып, тақырыбын, формасын, айырмашылығын табыңыз (120- 150 сөз).


А мәтіні

Қазақ күйлерінің көбі поэтикалық сөйлемге құрылған, күйші жырды аспапта жыр жазғандай (қағазға емес) әрекетке барған, бұл әдіс саз құраудың осы күнге дейін жалғасып келе жатқан тамаша жолы болып табылады. Орыс фольклортанушысы В.Гошовский халықтық музыка стильдерін «музыкалық диалект» деп атаған. Ол музыкалық фольклордың диалектісі ғасырлар бойы қалыптасқан халықтың ойы деген пікірді орнықтырды. Қазақ музыкасын түркілік музыканың бір диалектісі деп қарайтын болсақ, онда оның сарыны мен тілдік даму жүйесін қатар қараған жөн болмақ. Күй тілдік даму жүйесі немесе күй тілі деген ұғымды тарқата айтсақ, ол халықтың төл тіліндегі екпіндік, ырғақтық, өлшемдік интонациялардың музыкалық шығармашылықтағы композициялық бейнесі болып шығады. Кез келген күйдің сазында сөздік тіркестер бар, сонымен бірге, сөздердегі тоникалық және силлабикалық өлеңге тәнік буындар да айқын көрініп отырады. Күйді нотамен таңбалауда осы жайт ескерілетін болса күй жазбасы саласы әлбетте, мол мүмкіндіктерге қол жеткізе алады.

(«Абай-ақпарат» сайты, Жанғали Жүзбаев. Қазақ күйлері. 132 сөз)

Ә мәтіні

Қазақ күйлері

Қазақтың музыкалық мәдениетіндегі ең күрделі өнер - күй. Ол тек аспаптық сарын ғана емес, ұлт мінезін айқындайтын нышандардың бәрін біріктіретін рухани құбылыс. Күйтану ғылымының бүгінгі зерттелуі - оның тарихын, шежіре-аңызын, мектеби ерекшелігін, сонымен бірге, музыкалық шығарма ретінде теориялық тұрғыдан талдануын, дәстүрлі және кәсіби оқыту әдістерін хал-қадарынша қамтып отыр. Осының нәтижесінде күй мен күйшілік үрдістің ұлттың рухани сұранысын өтей алатын қазіргі деңгейі қалыптасты. Уәж кәсіби домбырашылыққа қатысты болғандықтан, күйшілік мектептің қалыптасуы мен дәуірлік тарихына қысқаша тоқтала кеткен орынды болар.

Күй - өте көне өнер, оның шығарма ретінде қалыптасуы ұлт емес, ұлыстық дәуірден бастау алады. Ұлыстық дәуір мәдениеті Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы замандарынан сыр тартады. Қазіргі аңыз күйлердің ішінде сол замандардан қалған туындылар мынау еді деп айту мүмкін емес, ал әдеби мұраларымыз сақталған. Мысал ретінде Томирис туралы әпсананы айтуға болады. Одан кейінгі дәуір Түрік қағанаты. Бұл кезеңдегі күйлердің де дерегі жоқ, бұл әдебиетімізде ұлыстық ояну кезеңі деп аталады.

(massaget.kz сайтынан, 147 сөз)











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
3458
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі