400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ-неміс политехникалық колледжі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақпараттық ресурстарды жасақтау үдерісін автоматтандырудың негізгі принциптері мен технологиялары және қолану ерекшеліктері тақырыбы
Материалдың қысқаша нұсқасы
  1. Ақпараттық ресурстарды жасақтау үдерісін автоматтандырудың негізгі принциптері мен технологиялары және қолану ерекшеліктері


Кітапхананың кітап қорын толықтыру, оларды сақтау, оқырмандардың сұраныстарын дер кезінде қанағаттандыру, қордағы басылымдарға олардың еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету, ашық кітап қорларын ұйымдастыру сияқты кітапханалық үдерістерді жүзеге асыру үшін жаңа ақпараттық технологияларды енгізу бүгінгі күннің басты талабы. 

Еліміздегі көпшілік жоғары оқу орындардың жоспарларында кітапхананы заманауи технологиялармен қамтамасыз ету шаралары басты орында тұр [1]. Кейбір оқу орындардың кітапханаларында осындай технологиялардың бірі RFID (Radio Frequency Identification) технологиясын енгізу жұмысы кезең-кезеңімен басталып кетті. RFID технологиясының көмегімен оқырмандарға қызмет көрсету сапасын көтеру, кітаптарды беру және қабылдау процесіндегі уақыт үнемділігі, қорды сақтау мен түгендеу сияқты бірқатар маңызды мәселелерді шешуге болады. RFID технологиясын енгізудің маңыздылығы мынада: кітаптарды идентификациялау арқылы оқырманның рұқсатсыз алып кетуінен қорғау функциясы жүзеге асады; кітап беру станциясының активация мен деактивация арқылы бір мезгілде бірнеше кітаптарды оқырманнан қабылдауға және кітап беруге болады; кітапхана ондаған қызметкерлерінің көмегінсіз-ақ оқырмандардың өзі-өзіне қызмет ету станциясы арқылы кітап алуына мүмкіндік береді; қордағы кітаптардың бар-жоғын түгендеу үшін инвентаризациясын тез жүргізуге болады. Кітапхананың қоры түгелдей электрондық каталогқа енгізілген жағдайда RFID жүйесін енгізу процесі жылдам жүзеге асады. RFID жүйесінің басты құрамдас бөліктеріне RFID-белгілер, кітап беру станциялары, ұрлыққа қарсы қақпалар, пластикалық электрондық оқырман билеттері жатады. RFID-белгі, бұл шағын наклейкалар, олардың жады бірегей кодқа негізделген, оның көмегімен жүйе бір кітапты басқа кітаптардан айырады, кітапты алуға немесе тыйым салуға болады. Сондай-ақ RFID-белгіні штрихкодтармен немесе кітапхана логотипі басылған қосымша қорғаныс этикеткасымен қаптауға болады. RFID-белгінің жады үш сектордан тұрады: белгінің идентификациялық бірегей кодын сақтау секторы, ақпаратты қайта жазуға мүмкіндік беретін қолданбалы жад секторы және қауіпсіздік секторы [2]. RFID-белгінің түрлі ерекшеліктеріне байланысты ақпарат түрлі тәсілдермен енгізіледі, яғни ақпараттың бір рет жазылып, көп ретте оқылатын немесе ақпараттың көп ретті жазылымы мен оқылымына арналған белгілер. RFID-белгілердің артықшылықтарын айтар болсақ: 

• кітаптың ішіне жасырын орнатуға болады; 

• белгілер қалай орналасуына қарамастан оңай оқылады; 

• белгіде орналасқан сым (чип) бір уақытта көптеген белгіні бірден оқитын антиколизий функциясымен жабдықталған; 

• желімдемелі бетке ие, сондықтан кітапқа оңай жапсырылады; 

• қорғаныс қағаз этикеткаларымен қапталған; 

• ұзақ мерзімдік қолданысты қамтамасыз етеді және жасанды жасауға келмейді. 

RFID жүйесінің кітап беру станциясы кітапхана қорынан кітаптарды беру мен қабылдауды ұйымдастыруға, RFID-белгілерді активация және деактивациялауға мүмкіндік береді. Станция құрамына КАБИС-ке мәліметтерді жіберетін RFID-оқылым құрылғысы (карт-ридерлер), оқылым панелі, қоректендіру көзі мен компьютерді жалғайтын кабель кіреді. Станциялар кітапханашылардың оқырмандарға қызмет көрсететін орнына орнатылуы қажет. Активация және деактивация функциялары кітапхананың КАБИС бағдарламасына жүктеледі, сондықтан кітапты ашып штрихкодты 84 тексеру, ұрлыққа қарсы функцияны деактивтендіру қажеттілігі туындамайды, себебі барлығы автоматты түрде бірден орындалады. «Ұрлыққа қарсы қақпалар» кітап берілетін станцияда деактивациядан өтпеген шығаруға рұқсат етілмеген активті RFID белгілері бар құжат. Бұл да кітапхананың КАБИС бағдарламасына толық интеграцияланған, арнайы программалық жүйемен қамтамасыз етілген локальды есептеу желісі арқылы басқарылады. Ұрлыққа қарсы қақпа екі антенна, бақылаушы (контролер), дыбыстық және жарықтық сигнализация сияқты құрамдас бөліктерден тұрады. Кітапханаға RFID-технологияны енгізгеннен кейін электрондық оқырман билетінің болуы маңызды. Электрондық оқырман билеті немесе пластикалық карта оқырмандарды идентификациялау процесін автоматтандыруға, кітапханаға келген оқырмандардың келуін қадағалауға, берілген кітаптардың есебін жүргізуге мүмкіндік береді. Еліміздің кейбір ЖОО кітапханаларында электрондық оқырман билетін кітапхана тарапынан дайындалады. Бұл үшін RFID пластикалық карталар, пластикалық карталардың принтері және принтерге арналған ленталармен жабдықталу керек. Осы жабдықтардың негізінде кітапханашы келген әр бір оқырман туралы мәліметті өздері жазып, түсіреді. Кітапхананың оқырмандары, яғни ЖОО барлық оқытушылар мен қызметкерлері, студенттері мен магистрант, докторанттары пластикалық оқырман билеттерімен қамтамасыз етілу тиіс. Оқырман жайлы жалпы мәлімет Платонус бағдарламасының ақпарат базасында сақталғандықтан, КАБИС бағдарламасының «кітап беру» модулі соған жүктелген. Осылайша кітапханаларға RFID-технологиясын енгізу арқылы қордағы кітаптардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сөредегі кітаптардың орналасуын реттеу, кітап сақтау қоймасындағы кітаптарды инвентаризациялау, кітаптарды идентификациялау, ашық қолжетімді қор ұйымдастыру, рұқсат етілмеген кітаптарды алып кетуден қорғау, оқырмандардың контингентін анықтау, кітаптың айналымы мен оқырманның сұранысын бақылау сияқты маңызды функцияларды жүзеге асыруға болады.

Мобильді технологиялары

Мобильді технология – ақпараттық кітапхана саласындағы ақырғы заманауи ақпараттық  технологияларының бірі. Бұл термин біраз уақыттан бері қолданыста. Мобильді технология - Еуропа, АҚШ, Австралия, Африка және т.б көптеген мемлекеттерде бұл жобалар іске асыру мен он жылдан бері қолданыста. Мақсаты – оқырмандардың сұраныстарын дер кезінде қанағаттандыру, ашық кітап қорларын ұйымдастыру сияқты кітапханалық үдерістерді жүзеге асыру.  

«Крым – 2011»,   «Крым – 2012» конференцияларының әр жылғы баяндамасында Я.Л.Шрайберг «мобильді» терминін заманауи библиобустар ұғымынын білдіріп қана қоймай, смартфондар мен қолданушылар гаджеттері көмегімен деректер қоры мен кітапхананың каталогына кіру мүмкіндігін де болатындығын айтқан. Яғни жаңа нұсқаларды іздеуге кітапханаларды келесі денгейге қозғатуы, кітапханалардың заманауи коммуникациялық технологиялар мен өзара қарым-қатынасы. Бұл мобильді гаджеттің иесі кез келген мезетте қалаған кітапханасымен қатынас орната алады, әлде – Ғаламтордағы электрондық кітапханасының ақпараттық ресурстарға қолжеткізіп, өз мақсаттарына қолдана алады.

Кітапхана QR-коды

Заманауи және жылдам өзгеруші мобильді технологиялармен біріге отырып, кез келген жастағы білімгерлеріміз кітапхананың ақпарттық ресустарын қолдану шабытын ояту мақсатта кітапханаларда білімгерге арналған қосымша мәліметті ұсынудың қолайлы әдісі ретінде QR-кодтар активті қолданылады. Сондай-ақ, кітаптарды, авторларды және кітапхананың өзінің құзыретін дәріптеуге көмектесу үшін жаңартпа технология ретінде де қолданылады. Қолында смартфоны бар кітапхана оқырманы қосымша ақпаратты пайдалану үшін  QR-кодты сканирлей алады, кітап авторының сайтына көшеді немесе кітапқа қатысы барларға және осы кітап қамтып көрсеткендердің сайтына көше алады.

Электронды кітаптардың пішімдері

Кітаптар: fb2, txt, pdf, mobi, epub және т.б. пішімде оқуға және жүктеп алуға болады.

  • Сол себепті кітапханашы қызметкерлері міндетті түрде төңректегі ақпараттық технологиялық ортада қалыптаса білулері керек. Өз оқырмандарымен байланыс тәсілі ретінде мобильді жабдықтарды тексеру қажет. Кітапханалық «қосымшалар» не web-сайттармен және т.б. web-технологиялар мен жұмыс істей білу  керек.

•  Келесі ресурстар кітапханаларға өзінің стратегиялық және тактикалық   жоспарларын құруға көмектеседі:

  • Мобильді кітапханалар. Мобильді кітапхананың тікелей желілік қызметтері. (Под.ред. Д.Нидхэм, Мохамед А, нау.ред. Шрайберг Я.Л.).

  • «МоБибл» жобасы. (Мобильді Кітапхана) әзірлеген БП.И.Бартенов атындағы №3 кітапханалық-ақпараттық орталық (Липецк қаласының электрондық кітапхана жүйесі).

Жобаның басты артықшылықтары:

  1. Ақпараттық ресурстардың дерекқорын толтыру.

  2. Кітапхананын техңикалық шамасын кеңейту мен жобаның ресурстық қамтамасыздандыруы (смартфон сатып алу және байланыс орнату);

  3. Мобильді байланыс операторын таңдау;

  4. Халыққа ақпараттық қызметтердің жаңа түрлерін ұсынуға технологиялық әзірлігі;

  5. Кітапханалық оқырмандарды SMS және дауыстық хабарлар арқылы хабардар ету: «SМS-брондау» (қәжетті кітаптың тапсырысы); «БИ 2» қызмет көрсету– кітапханалық дара мағлұмат; «МоБи-анықтама» қызмет көрсету – қорлар, қызметтер, қаланың қоғамдық өмірі және т.б. туралы ақпарат; «ИнфоБибл» қызмет көрсету – алған кітапты өз уақытында тапсыру туралы хабарлама, көрсетілетін коммуникативті қызметтер туралы ақпарат (мәдени және тәрбиелік жұмыстарға, клуб, әуесқой кітапханалық бірлестігі, науқандарға қатысуға және т.б. шақыру);

  6. Мобильді операторлар арқылы ұялы телефон иелеріне SМS және дауыстық хабарламалар арқылы қызмет көрсету;

  7. SМS-хабарландыру қызметтерін ұсыну және «Телеком» компаниясының – SMS-хабарламаны көпшілік жіберу сервисін пайдалана ақпараттандыру;

 Кітапхананың сайтында мобильді қызметтер.  Кировоград халықаралық ғылыми кітапханасының тәжірибесінен бастап, Д.Чижевский кітапхананың веб-сайтында мобильді қызметтерді пайдалану жобасын бастады. Кітапхананың wap-сайтын құру және ұялы телефондарды немесе PDA-лерді пайдалану арқылы ақпараттық-библиографиялық мәліметтер базасына қол жеткізу бойынша өз талдамалық дағдыларын қалыптастыру, ИРБИС жүйесі негізінде WAP-OPAC іске асыру, wap-сайты мазмұнды жариялауға арналған онлайндық бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы ұсынылады. WAP-технологияларды пайдалану мәдени мекемелердің имиджін жақсартады және қызметтерді тарату үшін жаңа арналар ұсынады.

Bluetooth, WAP, GPRS сияқты сымсыз байланыс протоколдары ғаламдық Интернет қызметтеріне және ұялы телефондар арқылы ақпараттық ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Мобильді кітапхана қызмет көрсету.

Тұңғыш көшпелі кітапхана 1905 жылы Құрама Штаттарда пайда болды. 1920 жылы Германия мемлекетінде тұңғыш библиотрамвай жүре бастады. Ал Норвегия мемлекетінде кеме негізінде көшпелі кітапхана жасалды. Африка және Латын Америкасының кейбір мемлекеттерінде, шалғайдағы елді мекендерге кітаптарды әдеттегі көлік саналатын, есектер және түйелер сияқты жүк артылатын жануарлар жеткізеді. 

 Ресейдің тұңғыш мобильдік кітапханасы 2003 жылы Волгоград облысының әкімдігі мен Пушкин кітапханасының бірлескен жобасы арқылы құрылды. Көшпелі кітапхана ретінде автобус қайта құрылып, балалар кітапханасына ауыстырылды. Оқушылар арасында оқуды насихаттау - Волгоградтағы Bibleobusi қызметінің басты міндеті. 2006 жылы Мәскеудің батыс бөлігіне қызмет ететін Мәскеуде екінші «Мобильді кітап» кітапханасы ашылды. 2007 жылы Карелия Республикасының Кондопога қаласындағы мобильді кітапханалық-ақпараттық кешені іске қосылды, 2008 жылы Самар өңірінде қабылданған аймақтық бағдарлама аясында облыстың үш ауданында библиографтар құрылды. Бүгінгі күні барлық мобильді кітапханалар сәтті жұмыс істейді.  

Мобильді әлеуметтік жобалар. Поездағы "Кітап бары". Жылжымалы планетарий. Ecomobile. «Нанотрак» мобильді оқыту сыныбы". Киномобиль.  

АКҚкК (КИБО) негізіндегі әлеуметтік-маңызды жобалар. Архангельск облысы. Белгород облысы. Брянск облысы. Иркутск облысы. Курск облысы. Псков облысы және т.б.  

АҚШ Street Lab, Inc. компаниясының қолдауымен және Алматы қаласы әкімдігі 2012 жылы Қазақстанда Алматының мәдениет жылы аясында іске қосылған мобильді кітапханалық жоба іске қосылды.

Ұйымдастырушылары – Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы. Көшпелі кітапханаға арналған ағылшын тіліндегі кітаптарды Америка елшілігі және «American Corner» америка бұрышы ұсынды. Елшіліктің арқасында ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылған балалар басылымдары бар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
488
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі