Қазақ отбасындағы тәрбиенің рөлі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ отбасындағы тәрбиенің рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп оқушыларына отбасындағы тәрбиенің рөлін түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Мақсаты:
1) Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау;
2) Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға
деген қызығушылығын арттыру;
3) Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.

І . Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Мұғалім:

Оқушыларды отбасының бірлігін сақтап, ата - ананың алдындағы парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында сынып сағатын ұйымдастырып отырмыз.
Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата - анасы».
Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды. Себебі, отбасы - таным бесігі, отбасы - үлгі - өнеге бастауы. Ата - ананың үйдегі қарым - қатынасы, киім киісі, мінез - құлқы бәрі - бәрі балаға үлгі. Өйткені, «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Бала отбасында «Әкеден – ақыл, анадан - мейір алады». «Әке - асқар тау болса, ана - бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Бала тәрбиесі - бесіктен. Ертеде бір кісі балалы болып, баласы 6 айға толғанда бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді қашан, қалай бастайтынын сұрапты. Сонда әлгі данышпан «Егер балаң 6 айлық болса, онда сен тәрбиені бастауға 6 ай кешігіпсің» деген екен.
Сондықтан да әрбір ата - ана баласына кішкентай күнінен бастап еңбекпен тапқан нанның тәтті екенін ұғындырып, баланың артық қылығын бақылауға алып, бос уақытына назар аударып, барлық жағдайды жылы сөзбен түсіндіріп отыру керек.
Ал бала да өзін ойландыратын мәселені ата - анамен ақылдасып шешу керек, артық қылықтың ата - анаға әсер ететінін, ата - ананың баласына жамандық тілемейтінін ұмытпау керек.
Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға бір табан жақын ғой. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ келіншектерінің бойында ізеттілік, ар – ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе – көлденең кесіп өтпеу, жаны ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші – ол анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, т.б. жанұяның үй жұмысын үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған.

Қазақта ұл балаға ауыр жұмыстарды, яғни сырттағы жұмыстарды жүктеген.Абайдың: «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік», – дейтіні содан шығар.Ата-ананың сөзін сыйлап, құлақ асу, пікірлес болу отбасы тіршілігінің бір ғанибеті ғой. Сол арқылы-ақ бала ата-анасының мейірін өсіріп, өз ортасында төрден орын алуына көмектеседі. Керісінше, ата-ананың сөзін құлаққа ілмейтін, өзі тағы жөн білмейтін жетесіз бала олардың сағын сындырып, төрдегі басын есікке сүйрейді.

Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала отырып, өздерінің көз жеткізген ой-пікірлерін өсиет етіп кейінгі ұрпаққақалдырып отырған.Қазақ даналарының тұжырымдауынша,адамгершілік, имандылық мынадай 10 нәрседен тұрады:

1)адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қараудан,

2) өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан,

3)халқына қызмет етуден;

4)өз сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу;

5)өзінің және басқалардың сырын сақтаудан;

6) әр жағдайда сақ бола білуден;

7) тілге ие болып, артық сөйлемеуден;

8) әдеп сақтаудан,

9) қатеңді бірден мойындап, кешірім сұраудан;

10) құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан.

Қорытынды:

Қосымша айтарымыз, бала тәрбиесінде ата - ананың ғана емес, ұстаздардың да рөлі зор. Ендеше, құрметті оқушылар! Сіздерден сұрайтынымыз ұстаздарымызбен, мектеппен үнемі, жиі байланыс жасауларыңызды сұраймыз.
Сонымен мен бүгінгі тәрбиелік шарамызды А. С. Макаренконың «Балаға берілген дұрыс тәрбие - бұл бақытты қарттық, ал нашар тәрбие - біздің болашақтағы сорымыз, біздің көз жасымыз» деген ұлағатты сөзімен аяқт
ағым келеді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.01.2021
625
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі