Материалдар / Қазақ отбасының дәстүрлері.

Қазақ отбасының дәстүрлері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдерге көмекші ретінде құрастырылды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
631
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Пәні:Қазақ тілі мен әдебиеті
Сыныбы:5 А В Д
Уақыты:4.11.- 5.11.2017жыл
Мұғалімі:Нұрышева Гүлсая Ыбрайқызы
Сабақ тақырыбы:Қазақ отбасының дәстүрлері.
Білімділік:Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану негізінде отбасылық дәстүрлер жайлы толық ақпарат бере білуге машықтандыру. Лексикалық тақырып аясында тәуелдік жалғауының жекеше түрін меңгерту.
Дамытушылық:Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың қазақша байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік:Қазақша мәтіндер арқылы отбасылық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сілтеме:Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерийлері:Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде қазақ отбасындағы дәстүрлер жайлы ақпарат бере алады


Оқушының орташа жетістігі (ООЖ):қазақ тілінде отбасындағы жақсы дәстүрлерді сипаттайды қарапайым сөйлемдер арқылы сипаттай алады.


Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында қазақ тілінде сыныптастарымен тілдеседі, диалог құра алады,қарапайым үлгілер арқылы сөйлесімге келеді.
Жаңа сөздер:Дәстүр, кеңес береді, қамқоршы, құрметтеу.
Сабақта қолданылатын материалдар:Интерактивті тақта , отбасылық дәстүрлер мен мерекелер туралы слайдттар, плакат, маркерлер, доп , парақ, түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер, смайликтер.
Оқыту әдістері:Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, ассоциограмма, «Менің отбасым » дидактикалық ойыны, диалог, «Бинго» ойыны, «Суреттер » блиц ойыны, синквейн, жағдаяттық тапсырмалар, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.
Дереккөздері:Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік


Тапсырмалар: Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
ТапсырмаМұғалімнің іс - әрекетіОқушының іс - әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызуМұғалім «шаттық шеңберін» құрғызып, ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін оқушыларға: - Балалар, сендер қарым – қатынас барысында бір – біріне қандай жақсы сөздер айтасыңдар ? – деп сұрайды.Оқушылар бір – біріне жақсы тілектер айтады. Қайырлы күн, достым! Әр күнің сәттілікке толсын!
Өткен сабақты тексеруӨткен сыныптан өткен тақырыптарды қайталайды.Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді,бағалайды.Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
I.Қызығушылықты оятуОқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Ой шақыру » әдісін пайдаланып, «отбасы» сөзіне ассоциограмма құрғызады.Әр оқушы тақтада ілулі тұрған плакатқа маркермен өз түсінігін жазады.
II.Мағынаны тану1.Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталайды.Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.Айтылым. Дұрыс айтылумен ауызша жаттығу жүргізеді.


2. Мәтіналды жұмыс.А)Оқылым.Жазылым.Мәнерлеп, дұрыс оқуға, сауатты азуға машықтандыру үшін 1- тапсырманы орындатады.Оқылым. Жазылым. Диаграммаға отбасына қатысты туыстық атауларды, «Қандай отбасы ?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді жазады.


Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2- тапсырманы орындатады.Жазылым.Диаграмманы пайдаланып, өз отбасы туралы мәтін құрап жазады.


Б) Оқылым. Оқушыны мәнерлеп оқуға дағдыландыру үшін 3-тапсырманы орындатады.Оқылым. Өлеңді мәнерлеп оқиды,өлеңдегі туыстық атауларды табады,мағынасын анықтайды,мазмұнын түсіндіреді.


В)Айтылым.Оқулықтағы жағдаяттық тапсырманы (4-тапсырма) орындатады.Айтылым. Өз отбасылары жайлы диалог құрады.


3. Тілдік бағдар. Тәуелдік жалғауының жекеше түрін меңгертеді.Тәуелдік жалғауының жекеше түрін меңгереді.


4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға , жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 5- тапсырманы орындатады.Тыңдалым. Оқылым. Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады, қарамен жазылған сөздерді сөздік дәптеріне жазады.


Ә) Жазылым. Оқушыны дұрыс, сауатты жазуға дағдыландыру үшін 6,11 – тапсырманы орындатады.Жазылым.Мәтіндегі тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді теріп жазады,синквейн дайындайды.


Б) Оқылым. Айтылым. Дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 7- тапсырманы орындатады.Оқылым. Айтылым. Мәтіндегі ақпараттың дұрыстығын тексереді.


В) Жазылым.Айтылым. Сауатты жазуға , жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 9-тапсырманы орындатады.Жазылым.Айтылым.Мәтін бойынша бес сұрақ құрастырып жазады,сұрақтарға жауап береді.


Г) Айтылым. Оқулықтағы 10- тапсырманы орындатады.Айтылым. Берілген сөздерді жекеше түрде тәуелдеп айтады.


5. Мәтінсоңы жұмыс. Жазылым. Оқулықтағы 12,13,14 – тапсырмасына орындатады.Жазылым. «Бинго» ойынының шартын орындайды, мәтінді толықтырып жазады, 12 – 14 үнқатымнан тұратын диалог құрастырады.


6. Мәнерлеп оқу. А) оқулықтағы «Кел, жаттығайық!» айдарында берілген өлеңді мәнерлеп оқып береді. Мәнерлеп оқуға машықтандырады. Өлеңдң тақырыпқа байланысты кездескен сөздерді тапқызып, қайталады.Тыңдалым.Оқылым.Айтылым.Тыңдайды, дұрыс оқуға машықтанады, жаңа сөздерді қайталайды,жаттайды.


Ә) «Сыр сандықтағы сөздер»«Сыр сандыққа » салынған сөздердің мағынасын талдайды, есте сақтайды.


7. Сергіту сәті. «Менің отбасым» дидактикалық ойынын ойнатады.Ойынның шарты бойынша оқушылардың қолына доп береді.Оқушылар шеңбер құрады, бір-біріне допты лақтыра отырып отбасылары жайлы жақсы сөздер мен тілектер айтады. Мысалы, менің отбасым тату. Мен отбасымды жақсы көремін.
III.Ой толғанысМұғалім оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін «Суреттер » блиц ойынын (15-тапсырма) ұйымдастырады.Әр оқушы өз отбасының суретін салады,оны сыныптастарына таныстырады.
IV.Бекіту Оқулықтағы 16-тапсырманы орындатады.Мәтіндегі ақпараттарды пайдаланып, жағдаяттық тапсырманы орындайды.
V.БағалауФормативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды. «Ішкі және сыртқы шеңбер » техникасы бойынша өзара бір – бірін бағалайды.
VI.Үйге тапсырмаОқулықтағы 8 – тапсырманы орындау.

VII.РефлексияМұғалім түрлі смайликтер таратып береді.Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы көңіл күйлерін білдіреді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ