Сынып сағаты |
№23 |
|
Күні |
24.02.2026 |
|
Сынып жетекші |
Даулетиярова А.Б. |
|
Сынып: 8 Б |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Тәрбие сағатының тақырыбы |
«Қазақ поэзиясының алыбы, ақын, ұлы жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл (1846–1945)» |
|
Тәрбие сағатының мақсаты: |
– Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру – Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру – Сөз мәдениетін, ой айту дағдыларын дамыту |
|
Қауіпсіздік сабағының тақырыбы |
«Желідегі жас шектеулері және олар не үшін қажет?» |
|
Қауіпсіздік сабағының мақсаты |
Оқушыларға контентті таңбалаудың (13+, 16+, 18+) маңызын түсіндіру және желідегі психикалық қауіпсіздікті сақтауға үйрету. |
|
Құндылықтарды дарыту |
жасампаздық және жаңашылдық |
|
Апта дәйексөзі |
«Бірлік пен жасампаздық – ел бағдары» |
|
Сабақтың барысы:
Кезең, уақыт |
Сынып жетекшінің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||||
Сынып сағатының басы (10 мин) |
|
Мұғаліммен амандасады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады. Алдыңғы білімдерін еске түсіріп, жауап береді.
|
Интербелсенді тақта, суреттер. |
||||||
Сынып сағатының ортасы (20 мин) |
1. Түсіндірме бөлімі:Жамбыл Жабайұлы (28 ақпан 1846, Жамбыл тауы – 22 маусым 1945, Алматы) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, ХХ ғасырдың Гомері, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Өмірбаяны Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылы. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған. Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Мұнан әрі жал –құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты ақындықтың жылжыған жорға, жылмиған жүйріктерімен айтысқа түскен Жамбыл ұдайы шоқтығын асырып отырған. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поязиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі. Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды. Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары – бір жағынан, Қоқан хандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар- үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның «Туған елім» атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы «Правда» газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ иық қыранындай, жыр нөсерін селдетеді. Оның 1936-1945 жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады. Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім дүниеге паш етті. Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, барша жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгіледі. 1945 жылы 22 маусымда Жамбыл дүние салды. 1946 жылы ақпанда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті. Мерейтойына қарай ақынның таңдамалы шығармаларының академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты. 1-тапсырма: Топтық жұмыс Сыныпты 3 топқа бөлу. 1-топ: Жамбылдың өмір жолы 2-топ: Шығармашылығы мен негізгі тақырыптары 3-топ: Ақынның қазіргі жастарға берер өнегесі Берілген 3 тақырыпта постер қорғайды.
|
Берілген 3 тақырыпта постер қорғайды.
|
Слайдтар, ақ парақтар. |
||||||
Қауіпсіздік сабағы (10 мин) |
. Миға шабуыл (1 мин): «Неліктен әлеуметтік желілерде 13+ шектеуі бар? Бұл жай ғана ереже ме, әлде қауіпсіздік пе?» 2. Жас шектеуінің 3 негізгі себебі (5 мин): Психологиялық қорғаныс: 16+ немесе 18+ контенттегі қатыгездік пен үрейлі көріністер жасөспірім психикасына ауыр салмақ салып, стресс пен ұйқысыздыққа әкеледі. Деректерді қорғау: Заң бойынша (GDPR), компаниялар 13 жасқа толмағандардың жеке деректерін рұқсатсыз жинай алмайды. 13+ — бұл сіздің заңды қорғаныс шекараңыз. Қауіпті алгоритмдер: Жасты өтірік көрсетсеңіз, желі сізге агрессивті жарнамалар мен зиянды челлендждерді ұсына бастайды. 3. Таңбаларды тани біл (3 мин): Ойындарда (PEGI): 3, 7, 12, 16, 18 Желілерде: TikTok, Instagram, Snapchat — 13+ YouTube: Негізгі нұсқа — 13+, кішілерге — YouTube Kids.
4. Қорытынды (1 мин): «Жас шектеуі — бұл тыйым емес, бұл — қауіпсіздік белдігі. Эмоционалды саулығыңызды қорғау үшін өз жасыңызға сай контентті таңдаңыз» |
Мұғалім айтқан мәліметтерді сақтап алады. |
Телефон макеті, карточкалар, бейнежазба |
||||||
Сынып сағатының соңы (5 мин) |
Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты.
Рефлексия (3-5 минут)
«Білемін – Білдім – Білгім келеді» кестесі әдісі арқылы бүгінгі сабақтан алған білімдерін пысықтау және сабақтан алған әсерлерімен бөлісу.
|
Балалар бүгінгі сабақтан алған білімдерін пысықтайды және сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. |
Слайд |
«№8 орта мектеп» КММ
Сынып сағатының тақырыбы:
«Қазақ поэзиясының алыбы, ақын, ұлы жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл (1846–1945)»
Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 23-САБАҚ: «Желідегі жас шектеулері және олар не үшін қажет?»
Сынып: 8 «Б»
Сынып жетекші: Даулетиярова А.Б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз