жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ХАНТӘҢІРІ
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ХАНТӘҢІРІ
Мақсаты: оқушыларды Мұқағали Мақатаев өмірімен таныстыра отырып өлең – жырларының мазмұнын ашу, өлең құдіреті жайлы түсінік беру.
Кештің көрнекілігі:
М.Мақатаевтың суреті, ақынның шығармасы мен өміріне арналған көрме. Презентация. Сазды музыка.
1 жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты поэзия кешімізді ақын боп туған, ақын боп өткен, ақын боп ел жүрегінде сақталар, біртуар дара дарын Мұқағали Мақатаевқа арнаймыз!
2 жүргізуші: Данышпан қазақ халқы ақынға кенде болған жоқ. Поэзия әлеміне көз салсақ халқының арман – мұраты, шаттығы мен қайғысы ең алдымен ақын жүрегіне жиналған.
1 жүргізуші: ХХ ғ. Қазақ поэзиясының көгінде қайталанбас құбылысқа айналып, өрнекті өлең – жырлары халықтың жүрегіне жылуын дарытып, дара тұлғасы тылсым тереңіне тарта түсетін ерекше дарын иесі – Мұқағали Мақатаев.
2 жүргізуші: Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9ақпанда Алматы облысының қазіргі Райымбек ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген.
- Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай,
Мына халық неге жатыр тойламай? – дегізбей, сіздер мен біздер болып, ақынның жыр кешіне жиналып отырмыз.
1 жүргізуші: Мереке құтты болсын жыр сүйер қауым! Бүгінгі ұрпақ ХХ ғасырдың жыр әлемінің Хантәңіріне айналған Мұқағали Мақатаевтың соңында қалған мол мұрасын төбесіне көтеріп, құрметпен бағалауда.
2 жүргізуші: «Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Иә ,ақын туралы бүгінгі таңда естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда. Бірақ ақын туралы айтқанымыздан айтпағанымыз көп болып отыр. М.Мақатаев туралы көбірек білгіміз келсе, оның өлеңдерін оқиық.
«Автогроф» өлеңі.
1 жүргізуші: Ақын дүниеден өткелі 43 жылға жуық уақыт болды. Мұқаңның жұлдызы күн өткен сайын жарқырай түсуде. Бүгінде Мұқағали Мақатаевты білмейтін, оның жырын тыңдамайтын қазақ кемде – кем шығар.
1
оқушы: Ақиық
ақын 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы,
қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол)
ауданының Қарасаз ауылында дүниеге
келген. Мұқағалидың әкесі Сүлеймен
шаруа адамы болған. Бастауыш сыныпты
Қарасазда оқып, орта мектепті Нарынқолда
интернатта оқып бітіреді. Мектепте оқып
жүрген кезде ең алғашқы өлеңдерін
бастаған болатын.
1948
жылы орта мектепті бітірісімен,
мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер
атқарды. Мектепте әдебиет пәнінен
сабақ берді. Аудандық газетте әдеби
қызметкер болып істейді. Ол 1962 жылы
Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға
етене араласа бастайды. Алматы Шет
тілдері институтының неміс тілі, Қазақ
мемлекеттік университетінің филология
факультеттерінде оқып және Мәскеудегі
М. Горький атындағы әлем әдебиеті
институтында білім алады.
Мұнан соң «Социалистік Қазақстан»
(қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің
(1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс»
(қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз»
(1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында,
Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973жж.)
қызмет
атқарады.
2 оқушы: Ғаламат даңқ сыйлаған тағдыр, екінші жағынан сараңдық жасады. Ақын небәрі 45-ақ жыл ғұмыр кешті. 1976 жылы қаңтарда:
Өзімнің есебімше,
Мен биыл қырықтың бесеуінде.
Ұйықтап кетсем болғаны,
Қырықтың бесеуінде,- деп өлең жазды. Дәл екі айдан соң 26 наурызда қайтыс болды.
3 оқушы: Мұқағали туралы жазылған «Естеліктер» кітабына Н.Тілендиев былай деп жазды: «Мұқағали дүниеден өткен соң қатты күйзелдім. 2 ай ауруханада жаттым. Содан жұмысыма келіп бешпетімнің қалтасын қарап едім хат шықты. Мұқағали жазыпты. «Аға мен ғой. Дертім қозып барады. Не боларын білмеймін. Мынаған назар аударып көріңіз»». Қарасам «Есіңе мені алғайсың» өлеңі. Жаным күйзеліп екі айдың бір күнінде әлгі өлеңге ән жаздым.
Ән «Есіңе мені алғайсың».
1 жүргізуші: Ақын табиғат сұлулығын жырларына арқау етті. Өзі табиғаттың жанашыры бола білді. Табиғаттың сулу перзенты, сұлулықтың символы аққулар жайлы бірнеще жыр жазды. Олар « Аққудың айырылуы» өлеңі мен « Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс.
2
жүргізуші:
Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы
Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде
Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834
өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып
отыр.
Мұқаңның
35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер
қауымның іздеп жүріп оқитын жырына
жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100-ден
астам әндер жазылды.
1 жүргізуші: 11 жасынан бастап өлең жазып, қиындығы мол поэзия әлеміне сүңгіп кетті. Ақын өлеңдерін оқыған сайын өз жайыңды көріп - білгендей, өз сағынышыңды, өз өкінішіңді сезгендей боласың. Мұқағали ақын «Мен өз жайымда мынаны айтамын. Мен 21 ғасыр ұрпақтарының құрдасымын. Одан арғы ұрпақтың туысымын» деген екен. Онда келесі кезекті 21 ғасырдағы Мұқаңның құрдастарына берейік.
Оқушылар мәнерлеп өлең оқиды.
Отан.
Үш бақытым.
Досым саған сенемін.
Қарасаз.
Халқым барда.
Жазылар естеліктер мен туралы.
Халыққа хат.
2 жүргізуші: «Тоқта ботам! Атаң келеді артыңда», «Дариға, домбырамды берші маған», «Аңса жаным», «Сәби болғым келеді», «Наурыз», «Фаризаға», «Туған жер, сағындырып түсті есіме», «Қалай,қалай құбылады мына күн», «Бақытыңды жырласын», «Бала, келін, немере» т.б көптеген өлеңдері жүрекке жол тауып, халқымыздың мәңгі өлмес мұрасына айналды.
Ән «Бақытыңды жырласын».
1оқушы: Ақынның қызы Майгүл жол апатынан қайтыс болады. «Майгүлге», «Тағы да Майгүлге» деген өлеңдерінде ақынның қызына деген сағынышы сезіледі. Ал ұлдары Жұлдыз, Айбар, қыздары Шолпан, Алмагүл қазір Алматыда тұрады.
Ән «Сәби болғым келеді».
2 оқушы: Ақын мұрасына бас – көз болып, сарғайған дәптерлерден саф алтын шумақтарды халыққа ұсынып, ақын мұрасын қастерлеп ұстаған – ақынның жары Лашын апай.
«Ауруханада жатып та өлең жазуын бір сәт те доғарған күні болған емес. Түнде асханада отырып өлең жазатынын естіп ренжи бастасам:
- Лашын – ау, олар айта береді. Әйтпесе өлең менің емім емес пе, өлең шіркін өз аяғымен келіп жатса, жазбай неғылайын, - дейтін» - деп ақынның жары естеліктерінде еске алады.
3 оқушы: Махаббат па?
Махаббат болған еді.
Таудың да мен еркін жүрген тағысы едім,
Тапты да түсірді , ой торға мені.
4 оқушы: Ғашықпын ба?
Ғашық та бола білгем.
Бір – ақ жанға ғашықпын бала күннен,
Жаныммен сүйемін, жанарымммен.
5 оқушы: Сүйгенім бе?
Сүйгенім өмірде емес.
Ұйықтасам түнде түсім,
Көңілде елес.
Өлгенше кетер емес көңілден еш.
Ән «Аңса жаным».
1 жүргізуші: - Енді ақын күнделігіне құлақ түрсек. «Мен өлеңді үзіп, жұлқып, орайы келгенде, кез келген жерде жазуға әрекеттенбегем. Жоқ! Поэзия жан бұлқынысы, бұлқыныс пайда болғанда қаламнан қол үзбей отыруым керек. Кімнің қайтетінін мен қайдан білейін, мен өзім шабыттың бүкіл сөлін сығып алып, құр сүлдерін қалдырғанша орнымнан тұрмаймын. Аурудың аты ауру, бірақ жұмыс жақсы істеледі. Кейде ол творчество мені бүкіл сырқаттан сауықтырып жібереді.
Өлең – ең әуелі шығармашылық қажырлы еңбек. Азапты, жүйкеге салмақ салатын жұмыс. Оңашалануды, тыныштықты сүйеді. Егер мен ондай тодлғақ үстінде жарым жолда тоқтап қалсам, кейін ондай ой соңынан қудалау маған қиын. Алғашқы құрамылықтан ажырап қаламын»
12 ақпан 1976 жыл.
2 жүргізуші:
«Мұғалима бізге бақыт туралы
шығарма жаздырды. Бақыт деген
не екенін мен қайдан білейін..» деп жазады ақын
содан «Бақыт деген» әні дүниеге келеді.
Ән: « Бақыт деген »
1 жүргізуші: Мұқағали – ең сыршыл, ең жыршыл, ең көрікті, ең терең ақын. Өлеңдерінің біршамасы адамзатқа ғана берілетін асыл сезім – махаббатқа арналады. Ақын өлеңдері талай жүректерге от берді, бозбаланың жыры, бойжеткеннің сыры болды. Ендеше, ақынның махаббат жайлы жазылған жырларына құлақ түрейік.
1. Махаббат диалогы.
2. Мен сені сағынғанда.
3. Ғашықпын.
4. Махаббатым өзімде.
5. Сағындым ғой.
2 жүргізуші: Құрметті жырсүйер оқырман қауым! Елі де, жері де әділ бағасын берген ғажап ақын Мұқағалидың сірә арманы жоқ шығар?!
Осы мен, сірә да өлмейтін, өлмейтін шығармын,
Сәл мызғып ап қайтадан тұрармын,- деп өзі көрегендікпен болжағандай... Бүгінгі кеш Мұқағалидың мәңгі тірі екенін, бүгінгі ұрпақтары мәңгі есте сақтап, жырларын ұмытпағанын тағы бір дәлелдеп өтті десек қателеспеспіз.
1 жүргізуші: Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,- деп те өзі айтқандай, Мұқағали әр ұрпақтың жүрегінде.
2 жүргізуші: Жылдар өтер.... Туар әлі небір ақындар. Бірақ Мұқағали жыры өз биігінде оқылып, әр адамның есінде сақтала берер. Мұқағали Мақатаевтың әрбір өлеңін қымбат қазынамыздай сақтап оқуымыз керек. Ол – біздің міндетіміз!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген