400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы Сабақтың мақсаты: • Оқушыларды XVIII ғасырдағы қоғамның әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерімен таныстыру, оқушылардың назарын әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға аудару, қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтың рөлін көрсету; • Бұрынғы алған деректермен жұмыс істеуге, көтерілген мәселе бойынша деректерге сүйене отырып, талдау жасауға үйрету; • Туған өлкенің тарихына құрметпен қарауға, еңбекқорлыққа мақсат қоя білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас Әдісі: әңгіме, сұрақ - жауап Көрнекіліктер: карта, «Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы» схемасы (кесте),
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан тарихы (8 сынып) Мұғалімі Т.Наурызова
Сабақтың тақырыбы: Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы
Сабақтың мақсаты:
• Оқушыларды XVIII ғасырдағы қоғамның әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерімен таныстыру, оқушылардың назарын әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға аудару, қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтың рөлін көрсету;
• Бұрынғы алған деректермен жұмыс істеуге, көтерілген мәселе бойынша деректерге сүйене отырып, талдау жасауға үйрету;
• Туған өлкенің тарихына құрметпен қарауға, еңбекқорлыққа мақсат қоя білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: әңгіме, сұрақ - жауап
Көрнекіліктер: карта, «Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы» схемасы (кесте), терминологиялық сөздік.
Жаңа материалды бұрынғы өткен тақырыпты қайталай отырып, оқыту. (білімді бекіту.)
Негізгі ұғымдар: қоғамның әлеуметтік құрылымы, әлеуметтік теңсіздік, класс, иерархия, конфессия, адат, құн, құрама, тархан, төлеңгіт, құл, диалект.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу
3. «Хабар» ел жаңалықтарына шолу /сұрау/

Үй тапсырмасын сұрау:
7 - сыныпта өткен материалдарға шолу
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
1. Қазақтардың саны мен орналасқан жерлері.
2. XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері
Қазақстан аумағындағы тайпалардың орналасуымен Қазақ хандығындағы әлеуметтік құрылым жөнінде оқушыларға 7 - сыныптағы Қазақстанның орта ғасырлар тарихы курсынан таныс болғандықтан, бұл жөнінде алдын ала сұрап, естеріне түсіремін

№1 тапсырма: Картамен жұмыс.
1. Төмендегі жүздердің құрамына қай тайпалардың кіргенін естеріңе түсіріңдер.
А) Ұлы жүз:
Ә) Орта жүз:
Б) Кіші жүз:
2. Картадан орналасқан аумақтарын көрсетіңдер:
А) Ұлы жүз -
Ә) Орта жүз -
Б) Кіші жүз -
3) ХVIII ғасырда Қазақ хандығы қандай мемлекеттермен шекаралас болды? Олармен қарым - қатынасына тоқталыңдар.
Оқушылардың жауабын тыңдап болғаннан кейін жаңа сабақты түсіндіремін. Бұл жерде Қазақ хандығының осы кездегі саяси дамуының ерекшеліктерін, қазақтардың басқару жүйесін міндетті түрде айту керек. Сонан кейін оқушыларды деректермен жұмыс істету және оларға талдау жасай отырып, өз ойын айтқызу мақсатында тапсырма беріледі (өздігінен жұмыс)

№2 тапсырма:
- Оқулықтағы тақырыпты пайдалана отырып, ХVIII ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін бейнелейтін кесте (схема) құрыңдар.

Берілетін жауаптар үлгісі:
XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының әлеуметтік құрамы феодалдық қоғамның классикалық құрылымын көрсетеді:
1. Феодалдар класы (тобы):
• Шыңғысханның ұрпақтары - (хандар мен сұлтандар)
• Рулық және тайпалық ақсүйектер;
• Қожалар, имамдар, қожалар;
• Патриархалды - феодалдық ақсүйектер өкілдері (бектер, байлар, батырлар).
2. Шаруалар класы (тобы):
• Қарапайым малшылар, егінші шаруалар;
• Егінші малшылар.

№3 тапсырма. Сөздікпен жұмыс.
Тақырыпты оқып шығып, төмендегі терминдердің анықтамасын айтыңдар:
1. Құрама
2. Қожа
3. Құрылтай
4. Ханталапай
5. Төлеңгіт
6. Құн
7. Адат
8. Тархан

№ 4 тапсырма:
- Қазақстан тарихы бойынша хрестоматия материалар пайдалана отырып, әр топ (класс) өкілдерінің қандай міндеттерін мен құқықтары болғандығын атап көрсетіңдер.
Онан әрі мұғалім сабақты төмендегідей етіп жоспарлайды.
1. Хан сайлау дәстүрі
2. Сұлтандар әулетінің артықшылықтары.
3. Қожалар мен олардың қазақ қоғамындағы рөлі
4. Қазақтар қандай еңбек үшін тархан атағын алған?
5. Әлеуметтік мәртебесі - қоғамның ерікті мүшесі.
6. Төлеңгіт деген кімдер?
7. Қазақ қоғамындағы құлдардың жағдайы.

Жаңа сабақты бекіту үшін берілетін сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Картадан Қазақ хандығының аумағын және оның ішіндегі әр жүзді орналасқан жерлерін көрсетіңдер.
2. XVIII ғасырда Қазақ хандығы қандай мемлекеттермен шекаралас болды?
3. Осы кезеңдегі Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы жөнінде не айта аласыңдар?
4. Оқулықтың 13 - бетіндегі құжатпен жұмыс (Г. Н. Потанин. Таңдамалы шығармаларының үш томдығы. Тарих, этнография және фольклор жөніндегі еңбектер. Павлодар, 2005, 3 - том, 30 - 31 - беттер)
Үй тапсырмасы:
1. XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының таптық құрылымының ерекшеліктеріне баға беріңдер (Хрестоматия. Коншин Н. «Павлодардан Қарқаралыға дейін»).
2. Халықтың кейбір топтарының қандай артықшылықтары болды? Сендердің ойларыңша неліктен

Кері қай



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
1155
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі