жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақ тарихындағы Ұлы тұлғалар
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығарма
Тақырыбы: Қазақ тарихындағы Ұлы тұлғалар
Орындаған: 6 «А» оқушысы Әбілда Аяулым
Пән мұғалімі: Мусырманкулова П.С
Шығарма
Қазақ тарихындағы Ұлы тұлғалар
Кіріспе
Кез келген елдің өз тарихы болады. Тарихта мақтан ететін Ұлы тұлғалар туралы да жазылып, айтылып, мәліметтер беріледі. Біздің Қазақ тарихынада ұлы тұлғалар көп кездеседі. Соның ішінде бүгінгі тоқталатыным «Атлах шайқасынан және Алтын Орда мемлекетінің құрылуы .
Атлах шайхасының басталу себептері мен барысы : Атлах шайқасы 751 жылы шілде айында Талас өзенінің бойындағы Атлах қаласының жанында өтті. Талас өзеніне жақын маңда, қазіргі Қазақстан мен Қырғызстан аумағының шегарасында, Талас өзенінің бойында арабтар мен қытайлар арасындағы ірі шайқас болып өтті. Атлах шайқасының себептері төмендегідей болды. Түргеш қағанаты ыдыраған соң, Таң империясының өздері қолдаған түргеш билеушілеріне көмек көрметеміз деген сылтаумен Жетісуға басып кірді. Қытай әскері біртіндеп Сырдария аймағына жақындап келіп, 740 жылы олар Тараз қаласын басып алып, тонауға ұшыратты. Ондағы қарсыласқан түргештерді қырып салған. 748 жылы қытай әскері бұрынғы Түргеш қағанатының астанасы Суябты қиратты. Ал 749 жылы қытайлықтар Шашты яғни Ташкентті басып алды. Шаш билеушісінің баласы қытайлықтарға қарсы Хорасандағы араб билеушілерінен көмек сұрады. Шақыруды құп алған арабтар Талас бойына өздерінің әскерін жіберді. Әскер құрамында ислам дінін қабылдаған соғдылықтар мен түркіле де болды. Екі тараптың әскері Оңтүстік-Батыс Жетісуда кездеседі. Қытай әскерінің артынан қарлұқ әскері тұтқиылдан шабуыл жасады. Ду-Хуаньның Батысқа саяхат естеліктері атты қытай дерегінде осы шайқас туралы былайша баяндалған: Соғыс бес тәулікке созылды. Шайқас мейлінше қиян-кескі жүріп жатқанда, Таң империясы құрамындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығып кетті. Нәтижесінде арабтар мен қарлұқтардың қолы Таң армиясын екі бүйірден қыспаққа алып соққылды. Осындай тегеурінді соққыдан Гао Сяньчжи қолы түгелге жуық қырылды. Ал Гао Сяньчжидің өзі болса қан майданнан зорға дегенде жанын сауғалап қашып құтылады. Екі жақтан қыспаққа түскен қытай әскері ауыр шығынға ұшырап, қаша жөнелді. Ұрыс нәтижесінде қытайлықтардан жүз мың адамнан елу мың адам қаза болды, жиырма мыңдай адам тұтқынға түскен.
Атлах шайқасының тарихи маңызы:
751 жылғы осы шайқаста түркілердің арабтармен бірге жеңіске жетуі Таң империясының Орта Азиялық істерге араласуына тоқтау салды. Осы шайқастан соң қытайлықтар 10 ғасырдай уақыт бұл өлкеге аяқ басудан қаймықты. Атлах шайқасында арабтар мен қарлұқтар көп олжаға ие болды. Қолға түскен тұтқындар қатарында қытай қол өнершілері де болды. Олар қағаз бен жібек жасауды үйрету үшін Самарқант пен Иракқа жіберілді. Қытайдың жеңіліске ұшырауы тарихымыздағы рухани,саяси және этникалық өзгерістер қатарындағы аса маңызды және шешуші оқиға болды. Атлах шайқасында қытай әскері шегінуге мәжбүр болғанымен, мұнда арабтар да тұрақтап қала алмады. Орта Азияда басталған наразылық оларды да шегінуге мәжбүр етті. Бұл жағдай түргештердің тәуелсіздігін нығайтуына мүмкіндік жасағанмен,олар екіге бөлініп өзара күресті. Шайқастан соң Алтай мен Тарбағатайдан келген қарлұқтар Жетісуда саяси үстемдікке қол жеткізуді ойластыра бастады. Олардың арабтар жағына шығуы түркі-қарлұқтардың Жетісудағы саяси жағдайдан өте жақсы хабардар болғандығын көрсктеді. Ең үлкен қауіп Қытайдан келетінін олар түсінді. Бұл соғыста жеңіс түркілердің қытай емес, араб-ислам мәдениетін таңдауына ықпал етті. 756 жылдан соң қарлұқтардың Жетісудағы саяси билігі бекіп, Қарлұқ қағанаты пайда болды.
2.1. Алтын Орда мемлекетінің құрылуы: Алтын Орда мемлекетінің астанасы Сарай Бату, кейіннен Сарай Берке қаласы болды.Сарай Берке Азиядан Еуропаға баратын ірі сауда орталығы болған.Орыс-князьдықтары Алтын Ордаға тәуелді болып,салық төледі. Алтын Орда шығыс деректерінде Жошы ұлысы. Жошы ұрпақтары атымен Батый ұлысы деп аталды. Алғашқыда Алтын Орда монғол империясның құрамындағы ұлыс болды. 1227 ж. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды. Ол Батыс Дешті-қыпшақ даласына, Еділ бұл қарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастарды. Ірі орыс князьдықтары талқандалды, Польша, Венгрия, Чехия және басқа көптеген елдер тонауға ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтарының нәтижесінде Батыйдың сол астына қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер. Солтүстік Кавказ, батыс қыпшақ (половецтер) даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі ағысында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Оған Жошы ұлысының жері — Шығыс Дешті-қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер қарады. Батый әскерінен жеңілген орыс князьдықтары вассалды тәуелдікте болды. Орыс князьдары Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып, алым-салық төлеп тұрды.
2.2 Алтын Орда мемлекетінің тарихы:
Атауы : Моңғолия тарихы Алтын деген атау төрт шартараптың түсінен келген деген жорамал бар: солтүстіктің түсі — қара, шығыстың түсі — көк, оңтүстіктің түсі — қызыл, батыстың түсі — ақ, ал сары (немесе алтын) түс — орталықтың түсі.
Басқа бір болжам бойынша, Алтын Орда атауы орыс тіліндегі Золотая Орда, яғни Батый ханның Еділ өзенінің жағасында өзінің болашақ астанасының орнын белгілеу үшін алтын түсті үйлерден тіккізген салтанатты қаласының атынан шыққан, Моңғол тілінде «Алтын Орда» деген сөз тіркесі Алтын түсті орданы, немесе патша сарайын білдіреді.
Моңғолдың билеуші руы да өздерін «алтын әулет» деп атаған, «Алтын Орда» атауы да осыдан келіп шыққан болуы мүмкін.
Бұл мемлекетті Алтын Орда деп атайтын бізге келіп жеткен ең алғашқы құжаттар 17-ші ғасырға жатады . Одан ертерек құжаттарда ол мемлекет Жошы ұлысы деп аталды.
Кейбір ғалымдар Қыпшақ хандығы деген атауды қолданғанды дұрыс көреді, себебі ортағасырлық құжаттарда қыпшақ сөзі осы мемлекетке қатысты жиі аталған.
XIII ғасырдың 60-жылдарынан дербес хандық болып бөлінді. Алтын Орданың қоғамдық құрылымы. Алтын Орда көп ұлтты мемлекет.Көшпелі халқы негізінен түркі тілдес тайпалар -қыпшақтар,наймандар,қаңлылар т.б.Отырықшы халқы- Еділ бұлғарлары мордвалар,орыстар,хорезмдіктер т.б.Монғолдар аз болды.XII-XIY ғасырлардағы жазба деректерде Алтын Орда халқын “татарлар” деп атаған. Жартылай қыпшақ тіліндеболған. XIV ғ. Алтын Ордадағы моңғолдар толығымен түркіленді. Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Қ. жерінде Шыңғыс ханның “ Яса” заңдар жинағы және отырықшы аудандарда шариғат заңдары қолданылды.Қалыптасқан дәстүр бойынша Шыңғыс хан ұрпағы ғана болып сайланды. Ханның кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобы сұлтандар. Ордада ұлыстық жүйе қалыптасып ,Батый хан тұсында мемлекет екіге бөлінді: Оң қанат Батый хан билігі. Сол қанат Орда Ежен ханның билігі.Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат құрамына енді. Алтын Орданың гүлденуі мен ыдырауы. XIII-XIY ғасырларда Алтын Орда күшті мемлекет болды. Батый хан тұсында (1227-1255ж.ж.) Алтын Орда Монғол империясының тәуелді болды. Берке хан (1257-1267ж.ж.)тұсында тәуелсіздігін жариялады.Билеушілердің хан тагына таласып, өзара қырқысуының салдарынан Жәнібек хан қайтыс болганнан кейін Алтын Орданың қүлдырауы басталды. 1357—1380 жылдары ондаган хан ауысады. Сөйтіп, бүл жылдар Алтын Орда тарихында «¥лы дүрбелең кезеңі» деп аталады
Алтын Орда мемлекетінің астанасы Сарай Бату, кейіннен Сарай Берке қаласы болды.Сарай Берке Азиядан Еуропаға баратын ірі сауда орталығы болған. Орыс-князьдықтары Алтын Ордаға тәуелді болып,салық төледі. Алтын Орда шығыс деректерінде Жошы ұлысы. Жошы ұрпақтары атымен Батый ұлысы деп аталды. Алғашқыда Алтын Орда монғол империясның құрамындағы ұлыс болды.
Қортындылайтын болсақ Атлах шайқасы 751 жылыдың шілде айында Талас өзенінің бойындағы Атлах қаласының маңында өтті. Атлах шайқасы бес тәулікке созылған. Қытай әскері ауыр шығынға ұшырады. Жүз мың адамнан елу мыңы қаза болып, жиырма мыңдай адам тұтқынға түсті. Атлах шайхасында арабтар мен қарлұқтар көп олжалы болған.
Ал Алтын Ордаға келсек Алтын Орда Жошы ұлысына кіреді. Алтын Орда мемлекетінің негізін қалаған Жошы ұрпағы. Алтын Орда атауының шығуына бірнеше түрлі септер бар. Алтын Орда мемлекетінің астанасы Сарай Бату, кейіннен Сарай Береке ұаласы болған. XIV ғасырда толық түркі тіліне ауысқан.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген