400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
бос уақыт хобби туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы : Мектеп: №27 орта мектеп-гтмназия

5 бөлім Бос уақыт және хобби

Күні : Мұғалімнің аты-жөні Орынбаева Э.С


Сынып 5 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

1.Мен бос уақытымды қалай өткіземін?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары ( оқу бағдарламасына сілтеме)

(5.О6).Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу;

(5.Ж3.).Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру.




Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

жалпы мазмұнын түсінеді, жалпы ақпаратты таба алады;

әңгіме жаза алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Нақты ақпаратты қосымша ақпараттан ажырата алады;

суреттер желісі бойынша әңгіме құрастыра алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Нақты ақпаратты қосымша ақпараттан ажыратып пайдалана алады;

сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастырады.


Бағалау критерийі


-Жалпы мәтіннің мазмұнын түсінеді

-Маңызды апаратты анықтайды

-Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастырады

Тілдік мақсат


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер

хобби, ермек

Құндылықтарға баулу

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

қарым-қатынас жасау қабілетінің болуы, жауапкершілік.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, өзін-өзі тану

Тілдік дағдылар

Түсіну,білу,қолдану, жинақтау

Алдындағы оқу

Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

1.«Өмір адамға бір-ақ рет беріледі» деген сөз қолданысын жиі естейсіз бе?

2. Бос уақытты қалай өткізсем екен деп ойланып көрдің бе?


Басы

5 мин

1.Ширату жаттығу«Қарлы кесек»

2.Ассоциация












Ортасы

5- мин



























3мин



10 мин


















15мин

1.Мәтінді түсініп оқу.

Бос уақыт – тұлғаның жеке физикалық рухани және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған жұмыстан тыс уақыт бөлігі. Бос уақытта қандай ермек іспен айналысуға болады? Көпшілік қауым қолы қалт еткен кезді, яғни бос уақытын қалай өткізуді білмей жатады. Психолог-ғалымдардың айтуы бойынша, адам бос уақытын өзі қадағалап, оны қалай өткізу керектігін өзі шешуі қажет. «Немен айналысуға болады?!» деген сұраққа психолог-мамандар: «Жаныңызға жай сыйлайтын ермек іс (хобби) тауып алыңыз» деп жауап айтып, кеңес береді. Ал сол ермек істі қалай табуға болады? Ермек істер әртүрлі болып келеді. Олардың барлығы тек уақытты тиімді өткізуге ғана емес, денсаулыққа да оң әсерін тигізеді. Олай болса, бос уақытта қандай ермек іспен айналысуға болады?!

Қолөнер. Күйзеліс пен көңілсіздіктен арылтатын іс – тоқыма тоқу. Тоқыма тоқыған кезде өзіңізді жайлы әрі жеңіл сезінесіз. Сондай-ақ кесте тігу, сурет салу, экибана жасау, бисер тоқу, т.с.с. қолөнермен айналысуға болады.

Гүл өсіру. Көп жандар бос уақытын бау-бақшада өткізеді. Әрине, жер үйде тұратын болсаңыз, бақшаға гүл еккенге, оны жайқалтып өсіргенге не жетсін?! Ал көп қабатты үйде гүлдерді аса еге алмаймыз. Алайда, балконда шағын бау-бақша жасап алуға болады. Кішкентай гүл ыдыстарына қалаған үй өсімдіктерінің дәнін егіп, оны күтіпбаптауға кірісіңіз.

Коллекция жинау. Әдеби кітаптар, күйтабақтар, базарлықтар, пошта маркалары, ыдыс-аяқтар, жұмсақ ойыншықтар сияқты дүниелерді жиыстырып, өзіңіздің коллекцияңызды толықтырыңыз.



2. Хобби, ермек, - сөздерінің мағынасын ашу



3. Мәтін бойынша маңызды ақпараттарды анықтаңдар



















4. Әңгіме дегеніміз не?

Сюжетті сурет дегеніміз не?





5.Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша «Уақытты тиімді пайдалану» атты әңгіме құрастыру. (150-200сөз)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
552
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі