жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
қазақ тілі
БІЛІМДІ ҰРПАҚ - ЗАМАН ТАЛАБЫ.
Қазақстанның бәсекеге қабілетті, қуатты мемлекет болып қалыптасуын қамтамасыз ететін негiзгi факторлардың бiрi және оның дамуының өзегi бiлiм беру жүйесi. Бiлiм беру жүйесiнің алдында тұрған басты міндет – білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, бұл өз кезегінде азаматтардың кез-келген салада бәсекеге қабілетті болуын талап етеді.
Осыған орай Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін теңететін – білім» екенін айта келіп ол үшін «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», – деп білім беру жүйесін жетілдіру мәселесін алға қойған болатын.
Бұл мәселе неден туындап отыр? «Бұрынғының айтқаны дәл келеді»-демекші, ертегі, батырлар жырында Алпамыс батыр минут сайын, сағат сайын өскен сияқты қазіргі заман, қоғам минут, сағат сайын дамуда. «Сондықтан заманына сай баласы»-демекші, әр адам қоғам мен бірге даму қажет. «Бұрынғы білім жақсы еді» деп отыра беруге келмейді. Бұрынғы заман мен қазіргі заманды салыстыру мүмкін емес. Қазіргі заманда бәсекеге қабілетті, өз ойын айта-алатын, қарым-қатынас жасай алатын, алған білімін өмірде қолдана білетін тұлғаның қажеттігі туындауда. Сондықтан да елбасымыз Н.Назарбаев негізгі өзекті мәселелердің бірі білім беру жүйесін жаңашаландыру қажеттігін атап беріп отыр.
Орта білім беру жүйесін жетілдіру, сапасын арттыру қажеттігі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейін білім беруді дамыту Тұжырымдамасында айқындалып, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалғасын тапты. Бұл қазіргі басымдықтарды ескеретін жаңа білім стандартын, 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасын, оларды жүзеге асырудың бағыттарын айқындайтын әдістемелік қызметті жаңарту қажеттігін анықтайды. Сондай-ақ ҚР білім және ғылымды дамытудың басым бағыттарын жүзеге асыру бойынша 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында (ҚР БҒМ 2014 жылдың 13 қаңтарындағы № 9 бұйрығымен бекітілген) біздің мемлекетіміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына және әлемдік білім беру кеңістігіне енуі үшін білім беру мазмұнын жаңарту, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту міндеттері белгіленіп отыр.
Функционалдық сауаттылық білім берудегi жаңа басымдықтарды айқындайды: алынған білімді өмірден практика жүзінде қолдануды, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеуді, идеялар тудырып және іске асыруды, өзінің көзқарасын негіздей білуді қалыптастырады. Жеке тұлғаның функционалдық сапаларын белсенділік, шығармашылықпен ойлай білу, тосын шешім қабылдай білу, кәсіби жолын таңдай білу, өмірде өзін-өзі дамытып іске асыра білуді қалыптастырады.
Сонымен қатар Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің білім беру жүйесін жаңартуға ерекше көңіл бөлінген болатын. Мұндағы білім беру жүйесін жаңарту шарттары:
біріншіден, оқу процесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу;
екіншіден, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибесін қазақстандық білім беру жүйесіне тарату;
үшіншіден, педагогикалық кадрлардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру;
төртіншіден, педагогикалық базалық білім беру стандарттарын, мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орнының мұғалімдерінің біліктілігін арттыру талаптарын жаңарту;
бесіншіден, аймақтарда педагогтардың біліктілігін арттырудың кіріктірілген орталықтарын құру.
Білім беруді жаңарту оқушылардың білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда,функционалдық сауаттылығын немесе құзыреттілігін қалыптастырады. Бұдан басқа білім беруді жаңарту қазіргі кездегі оқу-тәрбие процесін оқушылардың патриотизмін, мораль және адамгершілік нормаларын, ұлтаралық келісім мен төзімділігін, физикалық және рухани дамуын, заңды құрметтеуін қалыптастыруына бағыттайды. Сондықтан болар, білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруде, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда әдістемелік қызметті қайта қалыптастырып, оған қойылатын талаптарға сай бағыттауда әдістемелік қызметті үйлестірушілерге зор міндеттер жүктеледі. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер мектеп мұғалімінің педагогикалық шығармашылық еркіндігіне мүмкіндік берді. Мектептің дамуы үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер қажет.
Сабақта тиімді жұмыс түрлерінің жан-жақты ойластырылуы мұғалімнің біліктілігі мен әдістемелік шеберлігіне байланысты. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңалыққа жаны құмар ұстаздарымыз да компьютерлік кабинеттерде өз сабақтарын өткізуге жұмыстанып, жыл бойы барлық пән бірлестік апталықтарының, байқау-сайысқа дайындалған сабақтардың баршасы дерлік осы кабинеттерде, жаңа технологияны пайдаланумен өтеді.
«Білім жолы – қиын жол. Елбасымыздың жас ұрпаққа арнайы назар аударып, «Ұрпақтың алдында жаңа қоғамда, жаңа мемлекет пен экономиканы құру жолында қыруар да қиын жұмыстар күтіп тұр. Мұның бәрі терең білімді талап етеді» -деген сөзі бар. Осындай сенім артқан істі атқару үшін білімді болу керек екенін айтады. Егер біз оқу мен білімді үнемі жоғары сатыға көтеріп отыруға барлық мүмкіндіктерді пайдаланауға тиіспіз дейтін сөзге жүгінер болсақ, бұл мүмкіндіктерді пайдалана алатындай жағдай жасауымыздың өзі ақиқат шындық. Бұл үшін әр адамда табуға, үйретуге, білуге ынтасын арттыра отырып, білімді жинауды үйренуге тиіс. Осы бағытпен жұмыс жасауға әрбір мектеп мұғалімі талпынуы керек. Ол үшін қазіргі заман талабына сай жаңа технология үрдістерін сабақтарында пайдалануы тиімді. Соңғы кездері «жаңа технологияны» орынды пайдалану жолдарын үйрететін барлық пән бойынша үлгілер басылымдарға жарияланып отыр. Мұғалімнің міндеті оқушының өзі түсініп, ізденіп оқуына, пәнді терең білуге бағыттау білімнің қажеттілігін түйсік арқылы саналы қабылдау. Заман талабына сай білім беру жүйесі жас ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастырудың маңызды мәселелерін шешудің түрлі жолдарын қарастыруда. Оны қалыптастыру қоғамдағы негізгі сала - білім беру жүйесіне міндеттеледі. Елдің елдігін, бірлігін сақтап, көркейтіп, басқа елдермен терезесі тең өркендейтін, болашағын айқын көрсететін білім беру жүйесі. Ұрпаққа білім беру отбасынан бастап, еліміздің қоғамдық жүйесін қамтитын іс. 12 жылдыққа көшу білім саласына көп өзгерістер енгізеді, әрі нағыз білім сапасының нақты бағасын бермек.
[Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:]
А.С. Макаренко. Педагогические сочинения. М., «Педагогика»,1988.
А.С. Макаренко. Психология труда учителя.М., «Просвещение», 1993.
В.И. Андреева. Педагогика творческого саморазвития. Казань. 1996.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген