400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ мақсаты: а)оқушылардың сөз құрамы бойынша алған білімдерін тиянақтау, қосымшаларды сөздерге дұрыс жалғай білуге үйрету ; сөйлеу мәдениетін жетілдіру, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру. ә)ауызша, жазбаша жаттығулар жүргізе отырып оқушылардың сауаттылығын , тілін дамыту, логикалық ойлау және сөздік қорын молайту. б) сыни тұрғыдан талдауға өз көзқарастарын білдіре алуын,сөйлеу мәдениетін,ой түюге баулу қабілеттерін шыңдау, адамдық асыл қасиеттерге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Сөз құрамы.»

Сабақ мақсаты: а)оқушылардың   сөз құрамы  бойынша   алған  білімдерін    тиянақтау, қосымшаларды сөздерге  дұрыс   жалғай  білуге үйрету ; сөйлеу мәдениетін жетілдіру, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

ә)ауызша, жазбаша жаттығулар   жүргізе отырып оқушылардың   сауаттылығын ,  тілін  дамыту, логикалық ойлау   және сөздік  қорын  молайту.  

 б) сыни тұрғыдан талдауға өз көзқарастарын білдіре алуын,сөйлеу мәдениетін,ой түюге баулу қабілеттерін шыңдау, адамдық асыл қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  ойын сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: СТО технологиясы, ойын әдісі, шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:  сызбалар, топшамалар, бағалау парақтары.

САБАҚ БАРЫСЫ: І.Ұйымдастыру кезеңі:

- Әрбір адам? - Туысым, досым, жұрағат.

- Әрбір сабақ? - Үйрену, ұғу, ұлағат.

- Әрбір ісім? - Тірлік,тірек, адамдық.

- Әрбір сөзім? - Шындық, бірлік, адалдық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеріп, пысықтау.

Жұппен жұмыс. Қатар отырған екі білім алушы бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді.

ІІІ.Жаңа сабақ: Сөз құрамы.

Түбір дегеніміз – сөздің  бөлшектеуге келмейтін ең түпкі мағыналы бөлігі. Ал, қосымша дегеніміз түбірге жалғанатын бөлшектер. Мысалы: жолдастық, сауыншылар, мектептердің, көрінген деген сөздердің түбірлері – жол, сау, мектеп, көр. Себебі бұлар қосымшасыз тұрып та белгілі бір мағынаны білдіреді. Осы түбірлерге жалғанған –дас,  - тық, - ын, - шы, - тер, дің – бөлшектері қосымша деп аталады. Қосымша жеке тұрғанда ешбір мағына білдіре алмайды .Қосымша екіге бөлінеді:жұрнақ,жалғау .

.  «Ой шақыру» стратегиясы. Білім алушылар өз ойларын ортаға салады.

1.Жұрнақ деп нені айтады? 2.Жалғау деген не? 3.Қосымша деген не?

Оқулықпен жұмыс.6-жаттығу. Тақтаға орындау.

7-жаттығу.Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат.

8-жаттығу. Өз бетімен орындау.

1.Ән-ші, жылқы-шыл, жер-шіл, мал-шы, би-ші.

2.Жұмыс-кер, ойын-шық, іс-кер, үй-шік.

3.Арба-лы, жаз-ғы, қыс-қы, қала-лы, күз-гі, түйе-лі.

9-жаттығу. Ауызша орындау.

10-жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз. Ребусты шеш: егіншілер

11-жаттығу.Сөйлем құрастыр.

дәрі-гер, оқу-шы, жұмыс-шы, кітап-тар, өнер-лі, бүркіт-ші.

12-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып жаз.

Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті. Ердің атын еңбек шығарады. Жері байдың елі бай. Шеге тағаны сақтайды, таға тұлпарды сақтайды.

14-жаттығу. Өз бетімен жазу.

Ұш-қыш, ұш-па, ұш-ты, ұш-ақ.

15-жаттығу. Жұппен жұмыс.

IV. Сергіту. Ойын: Қай топ шапшаң? Топшамамен жұмыс. 

 V. Қорытындылау:  «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап». 

Сабақтан қандай әсер алдыңдар?

Сабақ барысында қандай қиындықтар туындады?

Қай тапсырма орындауда қызықты болды?

Білімдеріңді қай тапсырманы орындағанда толық жеткізе алдыңдар?

VI. Үй тапсырмасы:16-жаттығу. Ережені қайталау.

VIІ.Білімді бағалау:  Үш топ бірін-бірі бағалайды.   Бағалау парағы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
01.03.2023
425
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі