Материалдар / Қазақ тілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері» Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру» деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру — оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Наурыз 2023
281
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама

Баяндама тақырыбы: «Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері» 

Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру» деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру — оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

Елбасы Н.Ә Назарбаев жылдар бойы білім және ғылым саласына ұдайы көңіл бөліп келеді. Биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында да бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ. «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз — білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет»,-деген жолдар — соның дәлелі.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында (17 қаңтар, 2014 жыл) белгіленген «орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тіл­дерін білуге тиіс, оларды оқыту нәти­жесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деген болатын. Жолдауға орай Қазақстан Республикасы бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген Бастауыш білімге арналған оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен 2015 жылғы 30 наурызда бекітілген басты құжаттармен жұмыс жасауды қолға алуда.

Білім мазмұнын жаңарту не үшін қажет?

Елімізде білім беру саясаты мен тәжірибеге ықпал ететін келесі маңызды салаларда айтарлықтай өзгерістер орын алды:

-экономика; -адамдардың өзін өзі басқаруы; -қарым-қатынас көлемі және жылдамдығы; -еңбек нарығының құрылымы; -шекарамыздың ашықтығы; -еліміздің азаматтарына ашылған мүмкіндіктер кеңістігі; -оқыту мен үйретудің анағұрлым нәтижелі тәсілдерінің анықталуы.

Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуге қажетті факторларды айтатын болсам, ол:

-әлем стандартына сай білім беру;

-бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу;

-табысты өмір сүру дағдаларын қалыптастыру;

-әлем азаматын тәрбиелеу;

-тәжірибелік дағдыларды дамыту;

-функционалдық сауаттылықты арттыру;

-мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы мақсаты мен міндеттерін айқындады. Айта кететін болсам, бағдарламаның мақсаты:

-бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Бағдарламаның міндеттері:

  • бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;

  • бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;

  • бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;

  • мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Білім берудің тиісті деңгейлері Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты деген не?

-бастауыш білім берудің жалпы білім беретін бағдараламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы білім беру үдерісін ұйымдастыруға арналған негізгі құжат болып табылады, себебі:

-оқушылардың дайындық деңгейіне, бастауыш білім беру мазмұнына, оқушылардың ең жоғары жүктемесіне қойылатын талаптарды айқындайды, мөлшерлейді:

-мектеп қызметкерлерінің іс-әрекетін, оқушылар, ата-аналар, қоғамдық өкілдері, барлық білім беру деңгейінің басқарушыларының  іс-әркетін, білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің даму үдерісін реттейді.

Қазіргі жаһандану заманында  ХХΙ ғасырдың азаматтарының бойында қандай білік, дағды қалыптасу керек?  сұрағы негізгі мәселеге айналып отыр. Ал оны қалыптастыратын бірден-бір жауапты адам — бастауыш сынып мұғалімі. Бастауыш сынып мұғалімдерінің көтерер жүгі жеңіл емес. Өйткені мектепке келген жас бүлдіршіннің бойында ең алғаш білік, дағдаларды қалыптастырушы осы бастауыш сынып мұғалімдері. Бұл кезекте жаңартылған білім мазмұнының бағдарламасының ерекшеліктерін жете түсініп, меңгерген бастауыш сынып мұғалімі болашаққа бағдарланған оқушыны қалыптастырады деп ойлаймын.

Жаңартылған білім бағдарламасының ең бірінші ерекшелігі пән мазмұнының сперальды берілуі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:

  • оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды, мұнда тақырыптар әртүрлі деңгейде қайталанады, кейде бір тоқсан аясында, кейде әр тоқсан сайын;

  • әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі, мұнда тақырыптар әрбір келесі деңгейде алдыңғыға қарағағанда анағұрлым күрделі әрі тереңдетіліп оқылуы тиіс;

  • жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады, мұнда деңгей жоғарылаған сайын, тақырыптың күрделілігі артып отыруы керек.

(Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы 14- бет).

Екінші ерекшелігі Блум таксономиясының оқу мақсаттарының ирархиясы. Оқу үдерісінде білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау сатыларында оқушылар іс-әрекет етеді.

Кесте №1

Білу

Нақты іс-әрекетті іске асыру

Түсіну

Іс-әрекеттің мазмұнын сипаттау

Қолдану

Алған білімін күнделікті өмірде қолдана, іске асыра білу

Анализ

Әрекетті екінші әрекетпен салыстыру

Синтез

Салыстырған әрекеттің жақсы-жаман жақтарын салыстыру.

Бағалау

Сарапталған бүтін дүниеге баға беру. Өз көзқарасын, пікірін айта білу

Блум таксономиясы арқылы сұрақ қоя білу шарттары

Кесте №2

Мақсаттар

Сұрақ үлгілері

Пайдаланатын етістіктер

Білу

Не? Кім? Қашан? Не … үлгісі болып табылады? … не тұспалданады?

Еске түсіру, анықтау, мақұлдау, қайталау, атау, әңгімелесу, табу, ұсыну

Түсіну

басқаша қалай түсінуге болады? … бұл үлгі болып табыла ма? Мен мұны өз сөзіммен сипаттай алам ба?

Қайта қарастыру, сәйкестендіру, талқылау, тарату, мойындау, түсіндіру, айқындау, әңгімелеу

Қолдану

Бұл қалай пайдаланылады? Бұл немен байланысты? … қандай жағдайларда?

Көрсету, тағайындау, орындау, суреттеу, қолдану, пайдалану, айналысу

Анализ

Неге? Қалай? … себебі ен болып табылады? Қорытынды үшін не нәрсе дәлел? … себебі қандай? … бір-бірімен қалай үйлеседі?

Ажырату, саралау, жатқызу, салыстыру, тәжірибеден өткізу, қарама-қарсы қою, зерделеу

Синтез

Егер бұл іске асатын болса, осыдан кейін не болады? Теорияның болжамы іске аса ма? Алынған ақпарат негізінде қандай қорытынды жасадым? Бұл онымен қалай байланысты?

Тұжырымдау, оқыту, әзірлеу, дамыту, қайта анықтау, ұсыну, жасау

Бағалау

Бұл жақсы ма және неліктен?

Бұл қисынды ма және неліктен?

Жорамалдау, бағалау, таңдау, анықтау, санау, өлшеу, айыптау

 

Үшінші ерекшелігі ортақ тақырыптардың меңгерілуі. Бастауыш сыныптарда сегіз ортақ тақырып бар. Олар барлық пәндерде де беріліп отырады. Тақырыптар бір-бірімен тығыз байланыста, сабақтастықта өтеді.

Кесте № 3

1- сынып

2 — сынып

3 — сынып

4 — сынып

Өзім туралы

Өзім туралы

Тірі табиғат

Менің Отаным-Қазақстан

Менің мектебім

Менің отбасым және достарым

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Адами құндылықтар

Менің отбасым және достарым

Менің мектебім

Уақыт

Мәдени мұра

Бізді қоршаған әлем

Менің туған өлкем

Сәулет

Мамандықтар әлемі

Саяхат

Дені саудың-жаны сау

Өнер

Табиғи құбылыстар

Салт-дәтүр және ауыз әдебиеті

Салт-дәтүр және ауыз әдебиеті

Атақты тұлғалар

Қоршаған ортаны қорғау

Тағам және сусын

Қоршаған орта

Су-тіршілік көзі

Ғарышқа саяхат

Дені саудың-жаны сау

Саяхат

Демалыс мәдениеті.

Мерекелер

Болашаққа саяхат

 Төртінші ерекшелігі оқу мазмұнының ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларының құрылып, құрылған жоспарлардың жүйелі іске асуы.

 Кесте №4

Ұзақ мерзімді жоспарлау

·         Оқу бағдарламасы

·         Пәннің мазмұны

Орта мерзімді жоспарлау

·         Жұмыс сызбасы

·         Тізбектелген сабақтар

Қысқа мерзімді жоспарлау

·         Жеке, дербес сабақ

 

Бесінші ерекшелігі оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушы бойында адамгершілік-рухани қасиеттерді қалыптастыру керек. Оқушылардың бойында қалыптастыруды қажет ететін рухани құндылықтар мен дағдылар:

Кесте №5

Рухани құндылықтар

Дағдылар

шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

сын тұрғысынан ойлау;

қарым-қатынас жасау қабілеті;

білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті;

өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

проблемаларды шешу қабілеті;

жауапкершілік;

ғылыми-зерттеу дағдылары;

денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;

қарым-қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда);

өмір бойы оқуға дайын болу.

жеке және топпен жұмыс істе


·         Акт саласындағы дағдылар

 

Алтыншы ерекшелігі білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою болып табылады.Білім беру салалары мен пәндеріне тоқталатын болсақ, ол 6 саладан тұрады. Олар бір бірімен сабақтасып байланыста болады.

 

Тіл және әдебиет                   Математика және АКТ          Жаратылыстану

Сауат ашу                                 Математика                            Жаратылыстану

Қазақ тілі   &nbs

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!