Материалдар / Қазақ тiлi.2 сынып

Қазақ тiлi.2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ойлау қабілетін сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға баулу.
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақтың жоспары

Поурочный план

The plan of the lesson

Күн/Дата/Data: 11.05.2014

Сынып/Класс/Class: 2

Пән/Предмет/Subject: Қазақ тiлi

Сабақтың тақырыбы/Тема занятия/Theme: Мәтiн және сөйлем.

Сабақтың түрі/Вид занятия/ Kind of the lesson: Саяxат сабақ

Пән аралық байланыс: ана тiлi, дүниетану.

Сабақтың мақсаты/Целы занятия /Objectives:

Білімділік/Образовательная/Educational: Мәтiн және сөйлем туралы мәлiмет беру. Мәтiн мен сөйлем түрлерiн ажырата бiлуге үйрету, оқушылардың бiлiмдерiн пысықтау, тереңдету.

Дамытушылық/Развивающая/ Developing: Оқушылардың ойлау қабілетін сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға баулу.

Тәрбиелік/Воспитательная/Bringing-up: қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдар/Оборудование/Resources: парақшалар,оқулық,дәптер,қаланың суреттері.

Сабақтың барысы/Ход урока/ The lesson:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!
Кезекші кім? Сабақта кім жоқ? Сынып сабаққа дайын ба?

Шаттық шеңбер.

-Қолдарынды мықтап ұстап, кең тұрып, елiмiздiң қаншама кең-байтақ екенiн көрсетiңдер. Ал ендi екi қолымызды жоғары көтерiп,еңсесi биiк ел екенiмiздi көрсетiңдер. Ал ендi бәрiмiз <<Жаса, менiң Отаным- Қазақстан!>> деген сөздi бiрге айтамыз.

II. Негiзгi бөлiм;

Кiрiспе әңгiме.

-Бiз қай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстан қандай ел?

-Елiмiз тәуелсiздiктi қашан алды?

-Биыл тәуелсiздiкке неше жыл толады?

-Ендеше, бiз бүгiнгi сабақта тәуелсiздiктiң 23 жылдығына орай Қазақстанның кейбiр қалаларына саяxатқа шығамыз. Ең бiрiншi өзiмiздiң тұратың жерiмiз Қостанай қаласына саяxатқа шығамыз.

1. Қостанай қаласы.

Бiздiң облысымыздың орталығы

- <<Бiлiп ал>> айдарынан мәтiн мен сөйлеммен танысу.

Мәтiн мағына жағынан өзара байланысты екi не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтiнге ат қоюға болады. Мәтiннiң түрлерi:

1. әңгiмелеу: не iстедi? Мен 2-сыныпта оқимын. Бiзге Назира апай сабақ бередi.

2. Сипаттау iстедi; қандай? Бiздiң оқитын сыныбымыз - кең, жарық. Төбесi биiк, қабырғалары аппақ.

3. Пайымдау; нелiктен? Бiз сыныпты таза ұстаймыз. Өйткенi, ол - бiздiң екiншi үйiмiз. Мұны балалардың бәрi жақсы түсiнедi.

Сөлем аяқталған ойды бiлдiредi. Сөйлемнен соң не нүкте (.), не сұрау (?), не леп белгiсi (!) қойылады. Сөйлемнiң түрлерi; xабарлы, сұраулы, лептi сөйлем.Қортындылау. Бiр, екi баладан анықтаманы сұрау.

Оқулықпен жұмыс.

513-жаттығу. Әңгiменi тиiстi дауыс ырғағымен оқы.

Дәптермен жұмыс. Оқушылар қазiр дәптерлерiне: Алақай, қандай тамаша сөздерiн қатыстырып сөйлемдер құра. Дәптерлермiзге таза,ұқыпты,көркем жазамыз.

Жарайсыңдар балалар. Ал келесi Алматы қаласына саяxатқа шығайық.

2. Алматы қаласы бiзге ойын дайындап қойыпты. Ол ойынның аты <<Кiм тез табады?>>.

Ойынның шарты; көп нүктенiң орнына қажеттi сөздердi қойып жазыңдар.Сөз, қыз, ұл, бұлақ, асқар, адам, жауса, батыр, оттан, алтын, бұлбұл.

1. Отан … да ыстық.

2. Көз жетпеген жерге … жетедi.

3. Әке … тау, шеше мөлдiр … .

4. Жаңбыр … жер ырысы, … туса ел ырысы.

5. Әкеге қарап … өсер, шешеге қарап … өсер.

6. Отансыз … - ормансыз … .

7. Ел iшi - … бесiк.

Бәрекелдi балалар қандай тапқырсыңдар. Шаршадықпа оқушылар,ендеше сәл сергiп алайық.

Сергiту сәтi.

1,2,3,1,2,3 ал қанеки ұш,

4,5,6,7,4,5,6,7 мынау ауыл шетi,

8,9,10,8,9,10 ал қанеки қон.Ал сергiп болсақ келесi бiздiң бас қаламыз Астанаға саяxатқа шығайық.

3. Астана қаласы бiзге ребус пен жұмбақ жасырып қойыпты солардың жауабын тауып шешiп көрейiк. Шешемiз бе оқушылар? (балалар жауабы)

Ребусты шешу. Шешуiндегi сөздi қатыстырып сөйлем құра. Құраған сөйлемнiң сұраулы сөйлем екенiң дәлелде.

<<Қайда?>>

Жұмбақты шешу. Дәптерге көшiрiп жазу.

Өзiм сөзден тұрамын,

Аяқталған ойды құрамын.

Жауабы: (Сөйлем)

Қортындылау.Жарайсыңдар оқушылар сендер тапқыр,шапшаң екенсiңдер. Ал ендi сабақта алған бiлiмдерiмiздi тест тапсырмасы арқылы тексерiп көрейiк. Мен сiздерге қазiр тест парақшаларын әр қайсыларынызға таратамың. Әрқайсымыз жеке сол парақшаға дұрысын белгiлеймiз,содан кейiн тақтадa берiлген дұрыс жауап бойынша тест тапсырмасын тексеремiз.

Тест жұмысы.

1) Мәтiннiң түрлерiн белгiлеңдер.

а)басы, соңы, әңгiмелеу;

ә)әңгiмелеу, сипаттау, пайымдау;

б)айту, пайымдау, қорыту.

2) Артық сөздi табыңдар.

а)Астана;

ә)Алматы;

б)саябақ.

3) Сөйлемнiң түрлерiн белгiлендер.

а) сұрау, бiлу, айту;

ә) қорыту, айту, ажырату;

б) xабарлы, лептi, сұраулы.

4) Сөйлемнiң неше түрi бар?

а) 2;

ә) 3;

б) 4.

5) << Қазақ >> сөзi неше буынға бөлiндi?

а) 2;

ә) 3;

б) 4.

Қандай тапқыр оқушыларсындар тест тапсырмасында еш қиналмастан орындап шықтындар. Ал ендi үйге тапсырманы жазып алыныздар.

Үйге тапсырма. 517 - жаттығу. «Құстар келді» тақырыбына әңгіме құрастыру.

Бағалау. Тест қортындысымен.


Сынып жетекшi қолы Есеналина Н.А.___________

Әдiскер Есеналина Н.А.___________

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі