15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ тілі.3 сынып "Бастауыш"
Қазақ тілі
Сабақ тақырыбы: |
Бастауыш |
Мектеп: Шаған ЖОББМ |
|||||
Күні : |
10.12.18ж |
Мұғалімнің есімі:Муханова А.Т |
|||||
СЫНЫП: 3 сынып |
Қатысқандар саны:21 |
Қатыспағандар саны: |
|||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.4.2.7 - сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;
|
||||||
Оқу мақсаты:
|
Барлық оқушылар: Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі бастауыш туралы біледі,ажыратады |
||||||
Оқушылардың басым бөлігі : Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі бастауыш туралы біледі , ажыратады,бастауыштың бір сызықпен сызылатын біледі |
|||||||
Кейбір оқушылар: Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі бастауыш туралы біледі , ажыратады,бастауыштың бір сызықпен сызылатын біледі,мысалдармен дәлелдейді |
|||||||
Жетістік критерийлері |
Сөйлем ішінен сұрақ қойып бастауышты ажыратады |
||||||
Құндылықтарды дарыту |
Еңбек және шығармашылық, достық. |
||||||
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану |
||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Таныстырылым |
||||||
Бастапқы білім |
Сөйлем мүшелері.Бастауыш |
||||||
Сабақтың барысы |
|||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||
Сабақтың басы
|
Қызығушылықты ояту. (Ұ) Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық тұрақтылық. «Ақ тілек. Әсем күлкі» Үй тапсырмасын тексеру |
|
|||||
Сабақтың ортасы
|
(Ұ) «Мақал – сөздің мәйегі». Мақалды жалғастыру. Мақалдың мағынасына талдау жасау. 1. Өнерлі өрге ... (Өнерлі өрге жүзер). 2. Ақыл көпке жеткізер, ... көкке жеткізер (Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер). 3. Ілім – іштегі нұр , ... – сыртқа салынған түр. (Ілім – іштегі нұр, Өнер – сыртқа салынған түр).
Оқылым.Хормен (Электронды оқулықтан оқытамын) Төсегіне күн жатты, Жердің бетін түн жапты Маужырады шұң-құздар, Көзін ашты жұлдыздар Жылқы жусап далада, Қой ұйықтады қорада (Өлеңнен бастауыштарды табады,тексереді)
Топтық жұмыс Топтың ережесін есімізге түсірейік. Т – талқылаймыз О – ортақ шешімге келеміз П – пікірлесеміз Т – тыңдаймыз А – ақылдасамыз (Топ мүшелеріне мәтін беріледі.Мәтінді оқып,әрбір сөйлемнен бастауышты табады,тапқан бастауыштарын кестеге салады, әр топ жұмыстарының дұрыс,бұрысын электронды оқулықпен тексереді) Біздің ауылға біраз үй көшіп келді.Оларды жұрт қуанып қарсы алды.Күн сайын әр үй қонаққа шақырып,ерулік берді.Домбыра тартылды,ән айтылды.Жұрт бір-бірімен әзілдесіп,көңілді отырды.Монғолиядан көшіп келген туыстарды біз осылайша қарсы алдық.
Сергіту сәті. Жазылым Көп нүктенің орнына керекті бастауыш мүшені қойып көшіріп жазу. ... үйді тазалады. ... ашылды. Үйдің ... тазарды.Сабақ оқыдық.содан соң ... далаға шықтық. Керекті сөздер:ауасы, Терезе ,Тоғжан, екеуміз
«Бастауышты табайық» дидактикалық ойын. .... ұшып кетті. .... жауды. .... көрінді. ... оқыды. ... ойнады. ... келе жатыр. ... күліп отыр. ... жазды.
Жұптық жұмыс «Ребус шешіп көр» (элек.оқулықтан ребус көрсетіп жұпта шешуін табады)
Үй тапсырмасы. Ребустың шешуінде болған «Ара» сөзіне бес жолды өлең құрастыру.
|
|
|||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Рефлексия Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі үшін «Қол белгісі» стратегиясы қолданылады. -Мен бастауыш туралы түсіндім және түсіндіре аламын (қолдың бас бармағын жоғары көтереді). -Мен бастауыш туралы толық түсінбей отырмын (қолдың бас бармағын бір жанына қарай бұрады). -Мен бастауыш туралы түсінгеніме сенімді емеспін (қолды бұлғау). |
Денсау - лық және қауіпсіздік техника- сының сақталуы |
|||||
Тапсырмаларды орындау барысында қиындық туындаған оқушыға жеке қолдау көрсетіледі. |
Оқушылардың жұмыстары мен жауаптары арқылы бағалау |
Сергіту сәттерін өткізу |
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген