400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

қазақ тілі №1 бжб.2-тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
5.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау; 5.4.3.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.
Материалдың қысқаша нұсқасы


2-тоқсан №1БЖБ .«Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Лексика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


ІІ нұсқа

Оқу мақсаты:

5.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау;

5.4.3.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.

Бағалау критерийі:





Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білім алушы

  • Мәтінді тыңдау арқылы мазмұнын түсінеді;

  • Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды;

  • Мәтіннен омоним, антоним, синоним сөздерді анықтайды.


Қолдану


Орындау уақыты:

20 минут


Тапсырма

Берілген мәтінді мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз.


Бүркіт


Қазақстан мен Қырғызстанда бүркітті баяғы заманнан-ақ аң аулау үшін баптаған. Ол қоян, түлкі сияқты аңдарды аулауға тез жаттығады.

Бүркіт – мекен-жай ауыстыра бермейтін отырықшы кұс. Ұясын тұрған жерінің жағдайына қарай діңі жуан ағаштардың қуысына, кұз жартастарға, мықты талдарға салады. Бүркіттің ұясы кәдімгідей орнықты кұрылыс. Оның биіктігі кейде екі метрдей болады. Табанына кепкен шөптен, жүн мен қауырсыннан жұмсақ төсеніш салады.

Бүркіттің ұрғашысы еркегінен ірілеу келеді. Екеуінің де қауырсыны қара қошқыл, кей жері сарғыштау болады. Ұясына 1-3 жұмыртқа салады. Оны 45 күн басады. Басты «жылытқыш», әрине, аналық бүркіт. Әйтсе де, еркегі де болашақ ұрпағын аз уақыт та болса бауырына басып жылытады.

Балапандар алғаш ата-анасының тікелей бақылауында болады. Өмір сүрудің алғашқы әліппесін үйренеді. Үш айлығында еркін ұшып-қона алады.

(115 сөз)

(http://bilim-all.kz)


Мәтінді негізге ала отырып төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

1. Мәтінде жоқ ақпаратты табыңыз.

А) Бүркітті аң аулау үшін баптаған.

Ә) Ұясын кұз жартастарға салады.

Б) Балапандар үш айлығында еркін ұшып-қона алады.

В) Бүркіт мекеніен жиі ауыстырады.


2. Мәтіннен 2 негізгі, 2 қосымша ақпараттарды анықтаңыз.

Негізгі ақпарат:

1)____________________________________________________________________

2)____________________________________________________________________



Қосымша ақпарат:

1)____________________________________________________________________

2)____________________________________________________________________


3. Мәтіннен 4 омомним сөз табыңыз. Олардың омонимдік мағынасын мысалдар арқылы дәлелдеңіз.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


4. Төменде берілген сөздердің антонимін айтыңыз.

Тез – ________________________

Жұмсақ – ____________________

Көтерілу – ___________________

Баяу – _______________________


5. Мәтіннен төменде берілген сөздердің синонимін табыңыз.

Қалың _________________________

Мамық ________________________

Жылытады _____________________

Салады ________________________



Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл


Білім алушы

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

1

В нұсқасы

1


Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды.

2

Мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтайды:

1-ақпарат;

2-ақпарат.



1

1

Мәтіннен қосымша ақпараттарды анықтайды:

1-ақпарат;

2-ақпарат.



1

1

Мәтіннен омоним, антоним, синоним сөздерді анықтайды.

3

Омоним, антоним, синоним сөздерді ерекшелігіне сай анықтайды.

1

1

1

Барлығы


8





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
03.11.2024
472
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі