400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

қазақ тілі 2сынып.Сөз және оның мағынасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріме және тәжірибе бөлісу мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Сөз және оның мағынасы

Аяқталмаған ойын

Мұғалімнің аты-жөні: А.Б.Калдешова

Күні: 17.01.19

СЫНЫП: 2в


Қатысқан оқушылар саны: 21


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру

2.2.2.1 синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану

2.1.2.1 мұғалімнің көмегімен тақырыбы және бірінші азат жол бойынша оқиғаның жалғасын болжау мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау

2.2.5.1 дереккөздерді (сөздік, анықтамалық, энциклопедия, кітапхана, ғаламтор) және ақпаратты табу жолын анықтайды, берілген тақырып/сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Құндылық

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау.

Қарым-қатынас жасау қабілеті

Жауапкершілік

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.Акт.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. Әр түрлі әдіс- тәсілдер.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланған

уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

2 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Сыныпты қалыпқа келтіру.

Үй жұмысын сұрау.

Ой сергек




Жаңа білім

10 минут






Тыңдалым және айтылым

22-жаттығу. «Аяқталмаған ойын» мәтінін оқушылардың зейін қойып тыңдауына басшылық жасалады. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

Оқушылардың оқу рефлексиясын, сыни ойлауын дамыту мақсатында мәтін мазмұны мен жұмыс «Дананың кілттері» әдісінің көмегімен жүзеге асады.

1-топ: «Кемшіліктер» кілті- мәтін мазмұнымен жұмыс жасап, кемшіліктерді анықтайды.


2-топ: «Егер де» кілті- өз көзқарасын білдіре отырып,олардың орнында өзі болса не істейтінін айтады.


3-топ: «Жөнсіздік» кілті- мәтін мазмұнына қарама-қарсы пікірлер айтып, содан соң оны дәлелдейді.


4-топ: «Тағы қалай» кілті- мәтінді әрі қарай жалғастырады.


5-топ: «Әліпби» кілті-берілген тапсырмаға қатысты негізгі кілт сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен тізбектейді. Қарамен берілген сөздердің антонимін табады.

Жетістік кретерийі арқылы «Менің сөзім» әдісі арқылы сабаққа талдау жасайды. Айтып болған соң бір оқушының атын атайды, ары қарай сол оқушы өз ойын айтып талдау жасалады.


Оқулық,

мәтіндер.


1-топ. Мәтін мазмұнымен жұмыс жасап, кемшіліктерді анықтайды.


2-топ. Өз көзқарастарын білдіріп, олар дың орнында өзі болса не істейті- нін айтады.

3-топ. Мәтін мазмұ -нына қарсы пікірлер айтып, дәлелдейді.

4-топ. Мәтінді әрі қарай жалғастырады.

5-топ. Кілт сөздердің тізімін жасайды, қарамен жазылған сөздердің антонимін табады.

Ортасы

10 минут







Оқылым және жазылым

Дәптермен жұмыс.

№23-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқиды,қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіреді. Қар сөзінің мағынасына назар аударылады, талдау жасайды.


24-жаттығу. Оқушылардың назарын суретке аударады. Суретшінің жіберген қателерін тауып, болжау жасайды.

25-жаттығу. Оқушылардың каллиграфиялық нормаларды сақтап жазуына басшылық жасалады. Өлеңді көшіріп жазады. Шымбұлақ туралы не білетіндерін айтады.

Шақырады Шымбұлақ,

Аппақ-аппақ, шың,құзы!

Қуанбайтын кім бірақ,

Жарқыраса жұлдызы!


Оқулық, дәптер- мен жұмыс, түсіндірме сөздік


Оқулық


Оқулық, дәптер- мен жұмыс, түсіндірме сөздік


Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті "Қызыл гүлім - ай"


Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез. Кері байланыс парақшасымен таныстыру


Кері байланыс кемесі


Бағалау 5 минут




Кері байланыс

3 минут

Рейтинг технологиясы:

Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы өзіне баға қояды. Одан кейін оны мұғалім бағалайды. Бөлшек жазылады. Мысалы, 4/5, ондағы 4 – оқушының бағасы, 5 – мұғалімнің бағасы. Тəсіл бағалау өлшемдерін келісу мақсатында қолданылады. Біраз уақыт өткеннен кейін алым мен бөлім жиірек сəйкес келе бастайды. Өз еңбегін тұрақты бағалау білігін қалыптастыру осы мақсатты пайдаланудың тағы бір жолы болып табылады.


Үйге тапсырма: №26,15-бетте.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған

саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер

енгіздім жəне неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
970
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі