400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

қазақ тілі 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
3-сынып қазақ тілі пәні бойынша Болымды және болымсыз етістік тақырыбы бойынша қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары________Коптлеуова А.Ы.


Білім беру ұйымның атауы

№273

Бөлім

Атақты тұлғалар

Педагогтің аты-жөні

Құлпыбаева А.

Күні:

17.02.2026ж

Сынып: 3 А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Болымды және болымсыз етістік

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.4.2.5 болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Сабақтың мақсаты


Болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтайды. Болымды, болымсыз етістіктерді сөз құрамына талдап үйренеді.

Құндылық:

Ай құндылығы: жасампаздық және жаңашылдық

Апталық дәйексөзі: «Өнерлі өрен-елдің тірегі»


Сабақтың барысы

Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

6 мин

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Біз бақытты баламыз,

Биікке қанат қағамыз.

Болашаққа талпынып,

Оттай лаулап жанамыз.


II. Үй тапсырмасын сұрау

9-жаттығу

Көп нүктенің орнына дара етістікті тауып жаз.

... – келе жатыр, келе бастады (келді)

... – тарта алады, тартып жатыр, тартып жүр (тартты)

... – тоқи алады, тоқып отыр, тоқи бастады (тоқыды)

... – барып кел, бара кел (барды)


Күрделі етістіктерді қатыстырып, сөйлем құрап жаз.


III. Өткен сабақты бекіту

«Wordwall» әдісі

Өлеңді хормен айтады.






Үй тапсырмасын тексертеді.












Сұрақтарға жауап береді








Дескриптор:

- Көп нүктенің орнына дара етістіктер тауып жазады – 1балл

- Күрделі етістіктерді қатыстырып, сөйлем құрап жазады – 1балл




Әр дұрыс жауапқа -1балл


презентация







Оқулық












Сабақтың ортасы

34 мин



IV. Жаңа сабақ

Тыйым сөздер

Босағада тұрма. Көк шөпті жұлма. Малды теппе. Ақты төкпе.


Тыйым сөздерге назар аударыңдар.

Тыйым сөздер арқылы болымды, болымсыз етістіктерді және болымсыз етістіктердің қалай жасалатынын түсіндіру.


1. Дәптермен жұмыс

А) Күннің реті

Ә) Көркем жазу

Тыйым сөздердегі етістіктерді жазып, сөз құрамына талдау.


2. Тақтамен жұмыс.

28-жаттығу

Етістіктерді салыстырып оқы. Олардың мағынасында қандай өзгешелік бар екенін аңғар.

жүз-жүзбе бар-барма

жаз-жазба төк-төкпе

күл-күлме тақ-тақпа

Қосымшалы етістіктерді көшіріп жаз. Түбірі мен қосымшаны тиісті белгімен белгіле.


3. Ережені таныстыру

Етістік болымды және болымсыз болып бөлінеді. Болымсыз етістік болымды етістікке –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады: ерінбе, бұзба, жұлма.













Етістіктерді дәптерге жазып, сөз құрамына талдайды.




Етістіктерді жазады. Олардың мағынасында қандай өзгешелік бар екенін айтады. Түбірі мен қосымшаны тиісті белгімен белгілейді.



Ережені оқиды.


А деңгейлі,

В деңгейлі,

С деңгейлі балалардан сұралады.













Дескриптор:

- Етістіктерді дәптерге жазып, сөз құрамына талдайды – 1балл



Дескриптор:

- Етістіктерді салыстырып, мағынасында қандай өзгешелік бар екенін табады -1 балл.

- Қосымшалы етістіктерді көшіріп жазады -1балл.

-Түбір мен қосымшаны тиісті белгімен белгілейді-1балл

Оқулық, презентация



4. Дәптермен жұмыс

29-жаттығу

Мақалды жатқа, көркем жаз.

Атаңның баласы болма,

Адамның баласы бол.

Мақалдың мағынасын түсіндір.

Қарамен жазылған етістіктерді салыстырып, олардың мағынасында қандай өзгешелік бар екенін айт.


ЕББҚ

1-тапсырма. Мақалды көшіріп жаз, болымсыз етістіктің астын сыз.

Атаңның баласы болма,

Адамның баласы бол.



Мақалды жатқа жазады, мағынасын түсіндіреді.





Жұмыс дәптеріндегі жеке тапсырманы орындайды.

Дескриптор:

Мақалды жатқа жазады-1балл.

Мақалдың мағынасын түсіндіреді– 1балл

Қарамен жазылған етістіктерді салыстырып, олардың мағынасында қандай өзгешелік бар екенін айтады – 1балл

Оқулық, дәптер


Сергіту сәті

Мұғалім оқушыларға допты лақтырып болымды етістіктер айтады, ал оқушылар мұғалімге болымсыз етістік айтып допты қайта қайтарады.

Сергіту сәтін орындайды


доп


5. Топтық жұмыс

1-топ Мақал мәтелдерден болымды, болымсыз етістіктерді тауып, сөз құрамына талдайды.

2-топ Пазлдардан тыйым сөз құрастырып, болымды немесе болымсыз етістікті табады.

3-топ Шығармашылық тапсырма

Ребустардан сөз құрастырып, болымды, болымсыз екендігін ажырат.

Топтық тапсырма орындайды.

Топтық тапсырмаға қатысқан оқушыларға-1баллдан

тапсырмалар


6. Жеке жұмыс

А деңгейінің тапсырмасы:

Көп нүктенің орнына болымды немесе болымсыз етістіктердің бірін қой.

Тақтадағы есептерді ... (жаз, жазба)

Нанды жерге ... (таста, тастама) Айтқан тілді ... (ал, алма)

Түнгі уақытта далаға ... (шық, шықпа)

В деңгейінің тапсырмасы:

Болымды етістіктерді бір бағанға, болымсыз етістіктерді екінші бағанға жаз.

Оқы, айтпа, берме, қарама, сана, өс, сөйле, шақырма.


Болымды етістік

Болымсыз етістік





С деңгейінің тапсырмасы:

Болымды етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдырып жаз

жаз- тап-

ал- іш-

көр- сал-



Тапсырма орындайды.


Жеке тапсырмалар

Сабақтың соңы

5 мин


V. Жаңа сабақты бекіту

«Бақаның мекені» ойыны

Бақалардың денесінде болымды етістіктер жазылған. Оқушылар сол етістіктерді болымсыз етістіктің жұрнағымен сәйкестендіреді.


VI. Қорытындылау

Кері байланыс

Сұрақ қою арқылы бүгінгі сабақтан нені үйренгендері сұралады.


VII. Бағалау

Балалардың алған баллдары айтылады.


VIII. Үйге тапсырма

30-жаттығу

3ребус, 3тыйым сөз жазу.


Тапсырма орындайды







Кері байланыс жасайды.







Оқу тапсырмасын жазып алады

Әр бақаны дұрыс сәйкестендіргеніне-1балл










Сабаққа белсене қатысқан оқушылар ауызша бағаланады.

Бақалар, жапырақтар



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 наурыз
15
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі