Қазақ тілі 3 сынып 0 срез тест тапсырмалары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі 3 сынып 0 срез тест тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі 3 сынып 0 срез тест тапсырмалары
Материалдың қысқаша нұсқасы

2023-2024 оқу жылы 3 сынып оқушыларына қазақ тілі пәні бойынша

кіріс тест тапсырмалары

1-нұсқа

Орындаған: 3 «__» сынып оқушысы _____________________________________


  1. Жалқы есімді тап [ 1 ұ.]

А) Ертіс В) Қала С) Ауыл Д) Күшік

2. Қосымша жалғанғанда мағынасы өзгерген сөз [ 1 ұ.]

А) саудадан В) саудамен С) саудагер Д) сауданы

3. Қосымшалы сөзді тап [ 1 ұ.]

А) кітап В) малшы С) үйрек Д) қасық

4. Өйткені, себебі, сондықтан деген сөздер кездесетін мәтін түрі [ 1 ұ.]

А) Хабарлау мәтіні В) Әңгімелеу мәтіні

С) Сипаттау мәтіні Д) Пайымдау мәтіні

5. Екі немесе бірнеше адмның сөйлесуі қалай аталады? [ 1 ұ.]

А) монолог В) диалог С) әңгіме Д) шығарма

6. Дауыссыз ұяң дыбыстар қатарын анықта [ 1 ұ.]

А) б,в, ғ, қ,к В) г,ғ,д,ж,з

С) д,ж,и,л,м Д) н,м,л.б,в

7. Сан есімі бар сөйлемді тап [ 1 ұ.]

А) Анадайда ала қанат тоқылдақтың тоқылы естіледі.

В) Жазғытұры қалмайды қыстың сызы.

С) Күнделікті ұйқыға уақытында жат.

Д) Біз ауылға дейін үш сағат жүрдік.

8. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой: Тау арасынан шыққан тү ...гі жаңғырық елді оятып жіберді. [ 1 ұ.]

А) нң В) н С) ң Д) м

9. Бұл мәтіннің қай түріне жатады? [ 1 ұ.]

Біз саябаққа келіп, орындыққа отырдық. Біздің қасымызға мысық жүгіріп келді. Ол бізге қорқып қарап, ысқырып, қашып кетті. Ол жасыл шөптен жүгіріп өтіп, шалшықтан секіріп, биік ағаштың үстіне секіріп шықты.

А) Хабарлау мәтіні В) Әңгімелеу мәтіні

С) Сипаттау мәтіні Д) Пайымдау мәтіні

10. Лепті сөйлемді көрсет [ 1 ұ.]

А) Жаңбыр жаууы мүмкін бе В) Таудың салқын самалын-ай

С) Оспан атына секіріп мінді Д) Балалар ауладағы көшеттерге су құйды


11. Тасымалданбайтын сөз қатары [ 1 ұ.]

А) Ана, жазу, көз В) Өзен, ата, өрт

С) Қант, бота, сауысқан Д) Саты, әке, көке

12. Мәтінді оқы. Қарамен берілген сөздер қандай сөз табына жатады? [ 1 ұ.]

Маржан қалада оқитын. Жазғы демалыста ауылға келді. Әсіресе әжесін сағынып қалыпты. Қасынан шықпады. Әжесінің қолынан келмейтін ісі жоқ. Түрлі-түсті оюлар салып, текемет басады. Әшекей — өрнекті сырмақ сырады. Тоқыған алашасы көздің жауын алады. Үй мүліктерінің көбі әжесінің қолынан шыққан.

А) дара етістік В) күрделі етістік С) дара зат есім Д) күрделі сын есім

13. У әрпі дауыссыз болатын сөзді тап: [ 1 ұ.]

А) Қуат В) туған С) уақыт Д) жу

14. Дұрыс жазылған сөзді тап: [ 1 ұ.]
А) тайақ В) кіиім С) аяз Д) қәзір

15. Қай бағанадағы сөз дұрыс тасымалданған? [ 1 ұ.]

А) а-лтыбақан В) алтыба-қан С) алтыбақ-ан Д) алт-ыбақан

16. Қысқа й дыбысы қай кезде жазылады? [ 1 ұ.]

А) дауыстыдан кейін

Ә) дауыссыздан кейін

Б) әрқашанда жазыла береді

Д) тек қосарлы дыбыстардан кейін

17. Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөздерге қойылатын сұрақты анықта. [ 1 ұ.]

Раушан мен Іңкәр – дос. Олар бір сыныпта оқиды. Екеуі де ибалы, тәртіпті. Оларға балалар қызыға қарайды.

А) не? В) не істеді? С) қандай? Д) қай?

18. Үш буынды сөзді көрсет: [ 1 ұ.]

А) ұшақ В) көзілдірік С) қолшатыр Д) қалам

19. Қарама –қарсы сөздерді тап. [ 1 ұ.]

А) мөлдір, тұнық В) ұзын, қысқа С) тұнық, мөлдір Д) түзу, кең

20. “Бұйым” сөзіне дыбыстық талдау жаса. [ 1 ұ.]

Әріп- , дыбыс - , буын - .

Б- _________________________________________________________

ұ-_________________________________________________________

й- _________________________________________________________

ы- _________________________________________________________

м- _________________________________________________________

Барлығы 20 ұпай, сенің нәтижең_____ ұ.

2023-2024 оқу жылы 3 сынып оқушыларына қазақ тілі пәні бойынша

кіріс тест тапсырмалары

2-нұсқа

Орындаған: 3 «__» сынып оқушысы _____________________________________


  1. Жалқы есімді тап [ 1 ұ.]

А) Есіл В) Дала С) Мысық Д) Қала

2. Қосымша жалғанғанда мағынасы өзгерген сөз [ 1 ұ.]

А) қаламды В) қаламмен С) қаламгер Д) қаламын

3. Қосымшалы сөзді тап [ 1 ұ.]

А) қайық В) орман С) қойшы Д) балға

4. Не болды? сұрағына жауап беретін мәтін түрі [ 1 ұ.]

А) Хабарлау мәтіні В) Әңгімелеу мәтіні

С) Сипаттау мәтіні Д) Пайымдау мәтіні

5. Екі немесе бірнеше адамның сөйлесуі қалай аталады? [ 1 ұ.]

А) диалог В) шығарма С) монолог Д) әңгіме

6. Дауыссыз үнді дыбыстар қатары [ 1 ұ.]

А) б,в, ғ, қ,к В) г,ғ,д,ж,з

С) д,ж,и,л,м Д) н,ң, м,л,р

7. Сын есімі бар сөйлемді тап [ 1 ұ.]

А) Анадайда ала қанат тоқылдақтың тоқылы естіледі.

В) Жазғытұры қалмайды қыстың сызы.

С) Күнделікті ұйқыға уақытында жат.

Д) Біз ауылға дейін үш сағат жүрдік.

8. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой: [ 1 ұ.]

Қара...ғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

А) нң В) н С) ң Д) м

9. Бұл мәтіннің қай түріне жатады? [ 1 ұ.]

Мысықтар – өте сақ құлақ жануар. Олар сәттілік әкеледі және үйді барлық жамандықтан қорғайды. Үйдегі мысық сәттілік пен өркендеуді білдіреді. Себебі, олар зұлым рухтардан қорғайды деп айтылады.

А) Хабарлау мәтіні В) Әңгімелеу мәтіні

С) Сипаттау мәтіні Д) Пайымдау мәтіні

10. Сұраулы сөйлемді көрсет [ 1 ұ.]

А) Жаңбыр жаууы мүмкін бе В) Таудың салқын самалын-ай

С) Оспан атына секіріп мінді Д) Балалар ауладағы көшеттерге су құйды

11. Тасымалданбайтын сөз қатары [ 1 ұ.]

А) Ана, жазу, көз В) Көл, ана, бас

С) Қазы, ботақан, қарға Д) Саты, әке, көке

12. Мәтінді оқы. Қарамен берілген сөздер қандай сөз табына жатады? [ 1 ұ.]

Болат ерте тұрып алды. Төсегін өзі жинады. Болат өте ұқыпты бала. Ол киімдерін кешке дайындап қойды. Болат сабақты жақсы оқиды. Бос уақытында ата-анасына көмектеседі.

А) дара етістік В) күрделі етістік С) дара зат есім Д) күрделі сын есім

13. У әрпі дауыссыз болатын сөзді тап: [ 1 ұ.]

А) Қуат В) туған С) уақыт Д) жу

14. Дұрыс жазылған сөзді тап: [ 1 ұ.]
А) таяқ В) кіиім С) айаз Д) қәзір

15. Қай бағанадағы сөз дұрыс тасымалданбаған? [ 1 ұ.]

А) а-лтыбақан В) алтыба-қан С) ал-тыбақан Д) алты-бақан

16. Қысқа й дыбысы қай кезде жазылады? [ 1 ұ.]

А) дауыстыдан кейін

Ә) дауыссыздан кейін

Б) әрқашанда жазыла береді

Д) тек қосарлы дыбыстардан кейін

17. Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөздерге қойылатын сұрақты анықта. [ 1 ұ.]

Бір топ оқушы шаңғы тебуге келді. Олар тайғанақ жолмен жүріп, тау етегіне жетті. Биік таудың басына шығу қиын болды.

А) не? В) не істеді? С) қандай? Д) қай?

18. Үш буынды сөзді көрсет: [ 1 ұ.]

А) кітап В) аурухана С) сексеуіл Д) ұшқыш

19. Қарама –қарсы сөздерді тап. [ 1 ұ.]

А) мөлдір, лас В) ұзын, аласа С) тұнық, мөлдір Д) түзу, кең

20. “Бөлік” сөзіне дыбыстық талдау жаса. [ 1 ұ.]

Әріп- , дыбыс - , буын - .

Б- _________________________________________________________

ө-_________________________________________________________

л- _________________________________________________________

і- _________________________________________________________

м- _________________________________________________________

Барлығы 20 ұпай, сенің нәтижең_____ ұ.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.00.2024
1150
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі