қазақ тілі 3 сынып 3 тоқсан

Тақырып бойынша 31 материал табылды

қазақ тілі 3 сынып 3 тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сынып 3 тоқсан бойынша қазақ тілі пәні бойынша қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Етістік туралы білетінімді еске түсіремін

Бөлімі:

Атақты тұлғалар

Педагогтің аты-жөні:

Камбарова Нурзия Бахтияровна

Күні:

09.02.2023

Сыныбы: 3

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Етістік туралы білетінімді еске түсіремін.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.4.2.3 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.

3.4.2.3 Сөйлемнен сөз таптарын зат есім, сын есім, сан есім, етістік табады.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Оқушылар өтілген тақырыптар бойынша білімдерін шыңдайды;

Көптеген оқушылар: Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Кейбір оқушылар: Оқушылар түсіндіру барысында қосымша мәліметтер пайдаланады;

Құндылықтары:

Оқушыларды бір – біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

Ұжымдық жұмыс.

7 мин.


Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіздер ме оқушылар! Бүгінгі көңіл күйлерің қалай?

Сабақтың басын ойынмен бастайық. Ол үшін түзу отырып мені тыңдаңдар.

Мен сөз айтамын, сендер сол сөзге сұрақ қойып, сөз табын анықтайсыңдар.

Сәлеметсіз бе !

Бүгінгі көңіл күйіміз жақсы\ орташа.

Мұғаліммен бірге сабақтың басын ойынмен ойнайды.

Айтылған сөзге сұрақ қойып, оның қай сөз табы екенін анықтайды.

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Тамаша! Керемет! Өте жақсы! Талпын!»

ДК экраны


Миға шабуыл.

Жеке жұмыс.



5 мин.


Тақтадан мәтінді оқып, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар:

Айналаңа бір уақыт зер салып қарашы. Сені жан-жағыңнан заттар қоршап тұр.

Заттардың атын білдіретін сөздерді ..... дейміз.

Заттардың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді ..... дейміз.

Заттардың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді ..... дейміз.

Заттардың ретін, санын білдіретін сөздерді ..... дейміз.

Ал енді сабаққа кірісейік. Тақтаға назар аударыңдар не көріп тұрсыңдар?

Иә дұрыс тақтада жүгіріп бара жатқан балалар суреттелген. Енді екінші суретке қараңдар, бұл жерде не бейнеленген? Иә бұл суретте хат, өлең, шығарма, поэма, ертегі жазып отқан адамның қолы, енді осы хатты кім жазады.

Осы суреттерден не байқадық?

Яғни, біз осы тарауда етістік туралы білетінімізді еске түсіреміз. Осы тарауда біз атақты тұлғалармен танысып, олар жайлы ақпарат аламыз.

Енді кітапқа назар аударайықшы. 40 бет. Суреттерден кімдерді көріп тұрмыз?

Оларды не үшін біз атақты тұлғалар деп санаймыз.

Жарайсыңдар балалар, енді қасында сөздер берілген, соны талдайықшы. Осы тарауда сендер не үйренесіңдер соны оқып шығайықшы.

Енді осы сөздерге қатыстырып сөйлем құрайық.

Жақсы ол сөйлемді тақтаға жазамын. Енді сөйлем мүшесіне талдайық.

Тақтада көрсетілген тапсырмаға назар аударады. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, ережені айтады.

Заттардың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.

Заттардың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз.

Заттардың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз.

Заттардың ретін, санын білдіретін сөздерді сан есім дейміз.

Тақтаға назар аударады. Суретте балалардың жүгіріп бара жатқандары бейнеленген.

Екінші суретте жазушы және оның қолы. Ол шығарма, өлең, поэма, ертегі жазады.

Осы суреттерде біз іс-қимылдың бейнеленгенін байқадық.

Кітаптарын ашып, суреттерге қарайды. Ой толғау.

Суретте би, жазушы, күресші, соғыс ардагері бейнеленген.

Бұл біздің атақты тұлғаларымыз. Себебі. Олар ел үшін жанын қиып, соғысқа қатысқан. Біздің қазір осындай тыныш елде өмір сүруіміз осы тұлғаларымыздың арқасында.

Кітаптағы сөздерге назар аударады. Осы бөлімде не үйренетіндерін оқып шығады.

Сөздерге қатыстырып сөйлем құрайды.

Ажар жазғы демалыста көп кітап оқыды.

Дескриптор:

-көп нүктенің орнына тиісті сөзді қояды.

Жалпы - 1 ұпай.

Сонымен қатар, өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!»

«Керемет»

«Сенің қолыңнан келеді» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

ДК

экраны



Сұрақтар топтамасы.



Оқулық 3-сынып.


Сабақтың ортасы



8 мин.



Жарайсыңдар балалар! Дәптерімізді ашып бүгінгі күнді жазамыз, көркем жазуды орындаймыз.

Көркем жазу

Атаңның баласы болма,

Адамның баласы бол.

Сөйлем мүшесіне талдаймыз.

Жалпы – 2 ұпай.

Жақсы орындап болсақ, көршімен дәптер алмасып, көркем жазған ба, дұрыс талдаған ба соны қарап шығып, ұпай қоямыз.

Енді кітапқа назар аударамыз. Бізде мәтін берілген екен. Мәтінді тізбектеп бір сөйлемнен бір-бірден оқимыз. Бастап оқыңдар.

Енді мәтін не немесе кім туралы екен?

Астында берілген пікірлердің ақиқат немесе жалған екенін мәтіннен тауып тексеріп көрейік.

Кестеге назар аударайық. Екі атақты тұлғалардың бойындағы қасиеттер берілген, оны біз нақты кімнің бойындағы қасиет екенін анықтауымыз керек.

Дәптерлерін ашып көркем жазу тапсырмасын орындайды.

Көркем жазу

Атаңның баласы болма,

Адамның баласы бол.

Мақалды сөйлем мүшелеріне талдап, астын сызады.

Жалпы – 2 ұпай.

Орындап болып, көршісімен дәптер алмасып, бір-бірін тексереді.

Кітаптарына назар аударады. Мәтінді бір сөйлемнен тізбектеп оқиды.

Мәтінді талдайды.

Мәтіндегі сөздерді талқылайды.
Мәтін соңындағы пікірлердің ақиқат жалған екенін анықтайды.

Кестеге назар аударады. Екі тұлғаның бойындағы қасиеттерін анықтап, талқылайды.

Дескриптор:

-мақалды сөйлем мүшесіне дұрыс талдайды, әрі көркем жазады.

2 ұпай

- Сөздерді сөз таптарына дұрыс ажыратады.

2 ұпай.



Сонымен қатар, өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» «Керемет» деген мадақтау сөзімен ынталандыру




ДК экраны

3-сынып оқулығы










Сергіту сәті

1 мин

Қазір біз ойын ойнаймыз. Бір оқушы келіп менің алдымдағы партадан сөз алады. Оны оқып, сыныпқа оны айтпай, іс-қимылмен, эмоциямен көрсету керек.

Сөздер: терезе, кітап, жүгіру, күлу, көйлек, көрікті, ұйықтау, секіру, ән айту, би билеу.

Ойын ойнауға қатысады. Берілген сөздерді іс-қимылмен түсіндіру.


«Мадаутау сөзі» әдісі арқылы жаттығуларды жақсы орындағандары үшін мадақтау сөздері айтылады.

Сөз жазылған парақтар.


Жеке жұмыс.

6 мин.





Ойын аяқталды орындарымызға отырамыз. Енді тапсырмалар орындауды жалғастырайық.

Ендеше тақтада көрсетілген тіркесін тап тапсырмасын орындаймыз.

Келесі тасырмада сөздердің орны ауысқан, сол ауысөан сөздерді жөндеп сендер басқа сөйлем құрауларың керек.Сөздердің орнын ауыстырып сөйлем құраймыз.

а) Көтерді, үйлер, биік, бой, қалада.

ә) Оқыды, Қайрат, кітап, қызықты.

б) Терді, бақшадан, Айгүл, алма, қызыл.

в) Айжан, добымен, ала, ойнады


Орындарына жайғасады. Тақтада көрсетілген тапсырманы орындайды.

Тақтада көрсетілген сөздердің тіркесін тап тапсырмасын орындайды.

Зат есім мен етістіктерді тіркестіріп жазады.

Қайық жүзеді. Бала жүреді. Бақа секіреді. Доп ұшады. Ұшақ ұшады. Ағаш өседі. Балақай жүреді.

Көршісін тексеру арқылы, тиісті ұпайларын қояды.

Экранда көрсетілген сөздердің орнын дұрыстап сөйлем құрап шығады.

а) Биік үйлер қалада бой көтерді.

ә) Қайрат қызықты кітап оқыды.

б) Айгүл бақшадан қызыл алма терді.

в) Айжан ала домбырамен ойнады.

Дескриптор:

-Зат есіммен етістікті дұрыс тіркеп жазады.

3 ұпай


ДК экраны

3-сынып оқулығы.




Жеке жұмыс.

  1. мин.

Кестемен жұмыс

Тақтада сендерге сөздер беріледі, сендер ол сөздерге сұрақ қою арқылы оларды сөз таптарына ажыратасыңдар. Дәптерімізді төрт бөлікке бөлеміз, сөздерді бірінің астына бірін жазып шығамыз.

Жұлдыз, тау, ата, көк, екі, оқыды, үлкен, ақын, жуынды, жеті, отыз, адам, құс, жүзді, биік, жасыл.



Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім



Кестемен жұмыс

Тақтада көрсетілген сөздерді сөз таптарына ажыратады.

Жұлдыз, тау, ата, көк, екі, оқыды, үлкен, ақын, жуынды, жеті, отыз, адам, құс, жүзді, биік, жасыл.



Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім



Дескриптор:

-сөздерді сөз таптарына дұрыс ажыратады.

2 ұпай.

ДК экраны

3-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.



Жеке жұмыс.

5 мин.



Жазылым және айтылым.

Балалар енді кітаптағы 2 жаттығуға назар аударамыз.

Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді толықытырп жазамыз.

Сөйлемдерде етістіктер не үшін керек?

Сөйлемдегі етістіктерді атап, оларға сұрақ қояйықшы.

Кітапқа назар аударады. 2 жаттығуды орындайды.

Мұхтар Әуезов Абай жолы романын жазды. Онда Абайдың бүкіл өмір жолы баяндалады.

Сөйлемде етістік аяқталған ойды білдіреді.

Дескриптор:

-берілген тапсырманы дұрыс орындайды;

2 ұпай

ДК экраны

3-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.



Сабақтың соңы.

Ой толғаныс.

Рефлексия





Жеке жұмыс:

6 мин.

«Ашық микрофон» әдісін пайдаланып сабақ бойынша түсінгеніңді айт.

Бүгінгі сабақта біз сендерен қандай тақырыпты қарастырдық?

Қандай тапсырмалар орындадық?

Қандай тапсырманы орындау қиындық туғызды?

Осымен сабақ аяқталды, келесі сабаққа дайындалыңдар!

Оқушылар өздерінің тақырып бойынша оқып, зерделегенін сөйлемдер арқылы тұжырымдайды.

Бүгінгі сабақта біз етістік туралы білетінімізді еске түсірдік.

Түрлі тапсырмалар орындадық.

Жұрнақтарды жалғау кезінде қиын болды\ тез орындадым.

Дескриптор:

-Өз ойын ашық жеткізе алады;





ДК экраны

3-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.04.2024
309
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі