400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Қазақ тілі 4 сынып "Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ мектептегі LS кезінде оқушыларды зерттеу жүргізілген сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі: М.Жайгалиева

Пәні:

Қазақ тілі

Мектеп: Егіндікөл жалпы орта білім беретін мектебі

Күні :

20.10.2017 ж

Мұғалімнің есімі: Утегалиева А.О.

СЫНЫП:

4-сынып

Қатысқандар саны: 16


Қатыспағандар саны:- 0

Сабақ тақырыбы:

Жай сөйлем және құрмалас сөйлем

Оқу мақсаты:

Сөйлемнің жай және құрмалас түрімен танысу, ажыратып үйрену

Күтілетін нәтиже

барлығы: сөйлем, айтылу мақсатына қарай үшке бөлінетінін біледі


көбі: жай, құрмалас сөйлемдерді ажырата алады, мәтін ішінен табады


кейбірі:жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдырып жазады, сурет бойынша құрмалас сөйлемі бар мәтін құрастырады


Тілдік мақсат:

Жай сөйлем, құрмалас сөйлем, дара сөйлем, көп жай сөйлем.

Құндылықтарға баулу

Адамгершілік, ынтымақтастық.

Алдыңғы оқу

Сөйлем туралы қайталау, 6 - жаттығу

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған жаттығулар

Дереккөздер,ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Психологиялық көңіл-күйді реттеу.

«Көңіл-күй неге ұқсас?» әдісі


Мақсаты: жағымды эмоция орнату.


Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру.

Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сендердің ше?

Әрбір күн – таңертеңнен басталады. Біз көңіл-күйімізді реттеуге тиіспіз. Бұл үшін мен келесіні ұсынамын – мен сендерге өлең оқимын, сендер оны қимылмен орындайсыңдар.


Қарашы күз келді, күз келді,

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.


Б) Парақшадағы жауын атаулары атымен топқа бөліну.


1-топ «Ақ жаңбыр»

2-топ «Нөсер»

3-топ «Қара жаңбыр»

4-топ «Өткінші жаңбыр»


3 мин




2 мин

Үй тапсырмасын тексеру.

6- жаттығу Тапсырмаларды көршілері сағат тілімен бағыттас тексереді.

«Бәйге»

1.Сөйлем дегеніміз не?

2. Сөйлем неден құралады?

3.Сөйлем қандай әріптен басталады? 4.Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

5.Сөйлем аяқталған соң қандай тыныс белгісі қойылады?

6.Айтылу мақсатына қарай неше түрге бөлінеді?

7.Сөйлем түрлерін ата.


Слайд № 1





Слайд № 2

«Жетондар»

ІІ.Сабақтың ортасы

20 мин



























Дәптермен жұмыс.

Күннің жады, тақырып жазу.

Ой шақыру.

*Тақтада берілген сөйлемдерге назар аудар.

-Не ойладың? Ойыңа не келді?

Күз келді. Күн суытып, өзендерде мұз қатты. Құстар қайта бастады. Балалар құстармен қоштасып, қол бұлғады.

Оқулықпен жұмыс.

  1. жаттығу

Екі бағанмен берілген сөйлемдерді оқы.Оларды салыстыр. Сөйлемдердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? Сөйлемдерді көшіріп жазып, бастауышы мен баяндауышын тауып белгіле.

Ережемен жұмыс.

2-жаттығу

Топтық тапсырма.Берілген жұмбақтардың екінші жай сөйлемін тауып сәйкестендір. Шешуін тап.

«Сәйкестендір»

3-жаттығу

Өзіндік жұмыс. Мақалдарды көшіріп жаз. Әр мақалда қанша сөйлем бар екенін айт. Әр сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын тап.

5-жаттығу.

*Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер құрастырып жаз. Ауызша талдау. 2,3-ші сөйлемдерді жазу.

Үлгі: Қазақта баланы атқа мінгізіп, той жасайды.

6-жаттығу. (ауызша)


Топтық жұмыс.

  1. топ «Сурет бойынша 2 құрмалас сөйлем құрастырып жаз.»

  2. топ. «Жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдырып жаз.

Жел тұрды. Жапырақтар түсе бастады.


3-топ «Сурет атауын пайдаланып, мақал жаз»

Кітап.

4-топ. «Жұмбақтың шешуін тап, сөйлемнің қай түрі екенін айт»

Қанаты бар, ұшпайды,

Су астында қыстайды.

(балық)



Слайд № 3








Оқулық.







Оқулық.




Оқулық.











Суреттер.

Флипчарт.

Маркерлер.

ІІІ.Сабақтың аяқталуы

3 мин








«Аяқталмаған тезис»

1.Бір ғана тиянақты ойды білдіретін ................. ..........деп аталады.

2.Екі немесе одан да көп ........................................деп аталады.

3. Жаңбыр сіркіреп жауды. Бұл .......... сөйлем.

4. Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. Бұл ............... сөйлем.

Слайд № 4

Рефлексия

5 мин



«Білім қоржыны»

Түстер бойынша: қызыл түс өте жақсы түсіндім.

Көк түс: мен сабақты жақсы түсіндім.

Сары түс: тақырып бойынша әлі де ізденуім керек.


Түрлі түсті қоржын суреттері.

Саралау –Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бердіңіз?

Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.Ақпарат

тық –коммуникация

лық технологиялар

ды қолдану




Қорытынды

бағамдау





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
7614
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі