400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

қазақ тілі 4 сынып "Табыс септігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
әрине бұл сабақ бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет,көмегі бар деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Табыс септік

Сабақтың мақсаты : 1.Табыс септігі туралы әр түрлі

материалдар,ойындардан пайдалана отырып түсінік беру.

2.Оқушылардың сөздік қорын молайтып.білімдерін

дамыту,сауатты,көркем жазуға төселдіру

3. Жаңа технологияның элементтерін пайдалана отырып

білімдерін тиянақтау ,әдептілікке,мейірімділікке,тапқыр-

лыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,қима қағаздармен жұмыс.

Болжамдаған нәтиже: Атау септіктегі сөздерді табыс септігінде септей

біледі.

Көрнекілігі: қима қағаздар, семантикалық карта,тест парақшалары т.б.

Сабақтың барысы : Ұйымдастыру:

Сәлемдесіп, түгендеп, балалардың

назарын сабаққа бейімдеу.

Үй тапсырмасын сұрау

40-жаттығу. Барыс септігі

- Барыс септігінің сұрақтарын ата.

- Барыс септік жалғауларын ата.

Жаңа тақырып

а) Сабаққа психологиялық дайындық жасау.

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбінің күні

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кіл бестіктер болсын.

-Балалар,бүгінгі қазақ тілі сабағы ерекше сабақ болғалы отыр.Біздің сыныпқа көптеген қонақтар келіп отыр. Олай болса, балалар ,бүгінгі сабағымызды бастаймыз.Әрбір ісімізге мұқият болайық.


ә) Жаңа тақырып бойынша түсінік беремін.

Өтілген тақырыптарды пысықтай отырып ,жаңа тақырып «Табыс септігі» бойынша түсінік беремін:

- Табыс септіктегі зат есімдер кімді? нені? кімдерді? нелерді? деген сұрақтарға жауап береді.

- Табыс септігі атау септіктегі сөзге –ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті жалғаулары жалғану арқылы жасалады.Бұл жалғауларды табыс септік жалғаулары деп атайды.


б) Дәптермен жұмыс.

43- жаттығу.

Сөйлемдерді көшіріп жазып,қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойып,олардың қай септікте тұрғанын айту. Табыс септік жалғауының астын сызу.

Айжан кітапты көп оқиды. Оқушылар қысқы демалысты қызықты өткізді.Әкесі Әселді мұражайға апарды.Шекараны шекарашылар күзетеді.Ұшқыш ұшақты ұшырады.

44- жаттығу.

Жаңылтпашты оқып, жатқа жазу.

Қанар қаптарды қаптап артар,

Шанақ арбаны аттар тартар.

Табыс септіктегі сөздерді табу.

Сергіту сәті:

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да,

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да.

Шуақпен төгіп нұр.

Сен мен үшін,

Мен сен үшін.

Қуанышты боламыз.


Сабақты бекіту:

Семантикалық картамен жұмыс:

45-жаттығу



Атау септік

Ілік септік

Барыс септік

Табыс септік

Әжеге



+


Күннің


+



Дәрігерді




+

Қамыт

+




Найзағайдың


+



Құрылысшыны




+

Ұшқышты




+

Күннің


+



Дәптерге



+


Көкжиекке



+


жұмысқа



+


ауыл

+







Жұптық тапсырма:

46-жаттығу .

Мақалды түсініп оқып,табыс септіктегі сөздерді бірлесе отырып анықтау.

1.Ұрыс ырысты қашырар,

Ынтымақ халықты асырар.

2.Шеге тағаны сақтайды,

Таға тұлпарды сақтайды.

3.Ерді намыс өлтірер


«Гүл шырынын жина» ойыны арқылы берілген көбелектердегі тапсырмаларды орындап тиісті гүлдерге қондыру.

(бұл көбелектердің қанаттарында Атаусептік,Ілік септік,Барыс септік,Табыс септік сұрақтары,жалғаулары,сол септікте тұрған сөздер берілген)

Қорытындылау. Тест парақшаларымен жұмыс жүргіземін

Тест

1.Барыс септігінде тұрған сөзді тап.

А) балаға Ә) баламен Б) баланы

2.Ілік септігінің сұрақтарын ата.

А) кім? Не? Ә)кімге?неге? Б) кімнің? Ненің?

3. Атау септігіндегі сөздер тобын ата.

А) найзағай,дала,қар Ә) далаға,қарды,найзағай

Б) қарға,найзағай,даланың

4. Табыс септігінің сұрақтарын тап.

А) кімді? Нені? Ә) кімге? Неге? Б) кімнің? Неге?

5.Табыс септік жалғауларын тап.

А) –ға,-ге,-қа,-ке Ә) –ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті Б) –ның,-нің,-дың,-дің

(Берілген жауаптарды пайдалана отырып өздерін-өздері бағалайды)

(Дұрыс жауаптары: 1. А) 2. Б) 3. А) 4. А) 5. Ә)

Балалар жұмыстарындағы жетістіктерімен,кемшіліктерін атап бағалап,сабақты қорытындылаймын

Үйге тапсырма: 47,48 жаттығулар. Табыс септігі.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
985
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі