Қазақ тілі 5 сынып 2 тоқсан ТЖБ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі 5 сынып 2 тоқсан ТЖБ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен 2 тоқсанға арналған ТЖБ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Оқылым

Тапсырма

Берілген тапсырмаларды орындаңыз. [10]

А мәтіні

Б. Тұржан, фотограф: Хобби өмірлік ісіме айналды

Фотоға түсіру әлеміне қалай келдіңіз?

Өзім мектеп жасынан бастап ұйымдастырушылыққа жақсы болатынмын. Сонымен қатар музыкалық мектепте оқып, ән айтатынмын, жалпы айтқанда шығармашыл адам едім. Мектеп жасында кішкентай фотоаппаратыммен сыныптастарымды суретке түсіріп жүргенде, қызығушылығым өмірлік ісіме айналып кетті. Мектеп уақытында суретке түсіру мен үшін хобби болатын, ал қазір нағыз өнердің бірі деп есептеймін.

Суретке қай жерде түсіргенді жақсы көресіз?

Маған табиғатта суретке түсіру қатты ұнайды, ал студияда жарықтардың, көлеңкелердің қосындысын қолдану бір керемет әсер береді. Дегенмен де табиғаттың орны ерекше ғой!

Тұжырымның дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсетіңіз. [2]

Тұжырым

Дұрыс

Бұрыс

  1. Мәтін кейіпкері мектеп қабырғасында

жүргенде өз кәсібін таңдаған.



2. Б.Тұржан суретке табиғат аясында түсіргенді ұнатады.



3. Суретке түсіруші үшін маңыздысы – еңбегінің жақсы бағалануы.







2. Мәтін кейіпкері сияқты сенде де нақты хобби бар ма? Ол қандай іс екенін түсіндіріп, 3 сөйлем көлемінде жазыңыз.

1.


2.


3.


Ә мәтіні Ақпараттық хабарлама

1 маусым күні сағат 10.00де Республика Сарайы алдындағы алаңда Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған «Біз – сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүретін боламыз» атты мерекелік шаралар өтеді. -

Бағдарлама аясында: «Мейірім жұлдыздары жарқырайды» атты балалардың қалалық фестивалінің ашылуы болады. Онда ұлттық спорт ойындары, отбасылық эстафета, балабақшалар мен спорт мектептері түлектерінің спартакиадасы, балалар суретінің байқауы және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады.

Бұл күні қала кинотеатрларында балаларға арналған фильмдер мен мультфильмдер тегін көрсетіледі.

1 маусым күні сағат 12.00-де Алматы циркінде мектеп-интернаттар мен тұрмысы төмен отбасылар балалары үшін цирк әртістерінің қатысуымен «Жануарлар әлемі» атты жабайы хайуандардың (аю, жолбарыс, арыстан, қасқыр) өнері ұсынылады. Ұйымдастырушы: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Мәтіннен сөзжасамның тәсілдері жұрнақ арқылы, сөз тіркесі, біріккен сөздерді теріп жаз (4)

жұрнақ арқылы

біріккен сөздер

Қос сөздер

Сөз тіркесі












3. Мәтіндегі шаралардың барлығы кім және не үшін ұйымдастырылады деп ойлайсыз? Ойыңызды 2 сөйлеммен жазыңыз. [1]



1.

2.

Жазылым

Оқушылар екі сұрақтың (тақырыптың) біреуін таңдайды.

Құрамы 120-150 сөзден тұратын жазба жұмысын орындау керек.

1. Сіз «Уақыт» сөзінің мәні мен маңызын ойланып көрдіңіз бе? Бәріміз бұл сөздің мән-мағынасын білеміз, бірақ оның маңызы туралы аз ойланатын сияқтымыз. Халықта мынадай сөз бар: «Өмірдегі ең қиын үш нәрсе: сыр сақтау, уәдеде тұру және уақытты босқа өткізбеу». Сіз ең жақын досыңыздың бос уақытын қалай өткізетінін сипаттап эссе жазыңыз.


2. «Қазақстанның Қызыл кітабы» – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым екені белгілі. Қызыл кітапқа енген қандай жануарлар мен өсімдіктерді білесіз? Жауабыңызды сипаттап жазыңыз.











































Балл қою кестесі Оқылым

Сұрақ

Жауап

балл

1

дұрыс

1

2

дұрыс


3

бұрыс

1

2

Оқушы жауабы ескеріледі.

3


Жұрнақ : Мерекелік, қалалық

1


Біріккен : балабақша, кинотеатр, баспасөз

1


Сөз тікесі : Республика Сарайы, «Жануарлар әлемі», Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі , балаларды қорғау

Қос сөз : мектеп-интернат

1

8

Ықтимал жауабы: Мәтіндегі шаралардың барлығы балалар үшін ұйымдастырылады деп ойлаймын. Қазақстанда балалардың жарқын болашағына барлық жағдай жасалған. Балалар - еліміздің болашағы, үміті./ Оқушы жауабы ескеріледі.

2

Барлығы

1 0

Жазылым

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің) құрылымын сақтаған.



2

Тапсырманы орындауда шығармашылық танытады.


2

Көркем тіл құралдары орынды қолданылған

2

Ойын еркін, әрі әсерлі етіп толық жеткізеді,

2

Орфографиялық қателерді жібермейді.

2

Барлығы 10



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2023
986
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі