15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ тілі 5-сынып БЖБ барлық. Тоқсан бойынша жауаптарымен
«Қазақ тілі» пәнінен
(оқыту қазақ тілінде)
жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсынымдар
5-сынып
Нұр-Сұлтан, 2022ж
Құрметті мұғалім!
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 5-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестірушілеріне арналған.
Мазмұны:
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Мәдениет: тіл және қарым-қатынас.Фонетика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.........................................................................................................................................4
Ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика...................................................................5
Ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика....................................................................8
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
Ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика..................................................................11
«Менің бос уақытым және хобби. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ......12
Ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика..................................................................13
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Қиял әлемі. Морфология» бөлімі тақырыптар бойынша жиынтық бағалау..…...............15
Ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика..................................................................16
Ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика..................................................................19
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Аспан әлемінің құпиялары. Синтаксис» бөлімі бойынша жиынтық бағалау..................21
Ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика..................................................................22
«Саяхат және демалыс. Синтаксис» бөлімі бойынша жиынтық бағалау............…............24
Ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика..................................................................25
1-тоқсан «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика»
|
Оқу мақсаты |
5.ӘТН1. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу |
|
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білім алушы
Білу және түсіну Қолдану |
|
Орындау уақыты |
15-20 минут |
Тапсырма.
-
Мәтінді мұқият оқып шығып, тақырып қойыңыз. Тірек сөздерді анықтаңыз.
-
Мәтіндегі қарамен белгіленген сөйлемді дыбыстарды, үндестік заңын, емле ерекшеліктерін сақтай отырып, орфографиялық нормаға сай жазыңыз.
Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазағ тілінің биязы мақамы – дұмбыраның гүмбір ғаққан сазндай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. Туған тіл біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан “Ана тіліміз” дейміз. Қазақтар “Ананың тілі” деп ерекше құрметтейді. Басқа тілді білу - әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты етуге болмайды.
|
Бағалау критерийі |
№ тапсырма |
Дескриптор |
Балл |
|
Білім алушы |
|||
|
Мәтінге тақырып қойып, тірек сөздерді анықтайды |
1 |
Тақырып қояды |
1 |
|
Тірек сөздерді анықтайды |
1 |
||
|
Мәтіндегі сөздерді орфографиялық нормаларға сай жазады |
2 |
Емле ерекшеліктерін сақтайды |
1 |
|
Дыбыстарды жүйеге сай жазады |
2 |
||
|
Орфографиялық нормаға сай көшіріп жазады |
2 |
||
|
Барлығы |
7 |
||
«Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________
|
Бағалау критерийі |
Оқу жетістігі деңгейі |
||
|
Төмен |
Орташа |
Жоғары |
|
|
Мәтіндегі сөздерді орфографиялық нормаларға сай жазады; |
Тірек сөздерге сүйене отырып, мәтін мазмұны не туралы болатындығына болжамын айтуда қиналады
|
Тірек сөздерге сүйене отырып, мәтін мазмұны не туралы болатындығына болжамын айтуда қателеседі
|
Тірек сөздерге сүйене отырып, мәтін мазмұны не туралы болатындығына болжамын айтады |
|
Мәтінге тақырып қойып, тірек сөздерді анықтайды |
Мәтін мазмұнына қатысты сұрақ құрастырып, қойылған сұрақтарға дәлелді жауап беруде, ойын жүйелі жеткізуде қиналады
|
|
Мәтін мазмұнына қатысты сұрақ құрастырып, қойылған сұрақтарға дәлелді жауап беруде, ойын жүйелі жеткіз
|
Бөлім «Киім. Сән. Талғам. Фонетика», «Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер» бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
|
Оқу мақсаты |
5.1.1.1 Ииллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау. 5.Т/А4 Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау. |
|
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білім алушы
Білу және түсіну Қолдану |
|
Орындау уақыты Тапсырма. ЖЖ |
15-20 минут |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген