400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі 5-сынып нолдік срез тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі 5-сынып нолдік срез
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған нөлдік тапсырамалар

Мақсаты: оқу жылы бойы өткен тақырыптар бойынша білім деңгейін тексеру

1.Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға дұрыс жауап беріңіз.

Торғай

Ерте тұрған Омар атай бақшаны аралап келе жатты. Ол жусанның ығында бүрісіп отырған бір торғайды көрді. Өзіне әбден жаңбыр өткен. Торғай Омар атайға жасқана қарады.

Әрі тоңған, әрі қорыққан кішкене құс қалшылдап тұр. Омар атай торғайды үйіне әкелді. Алдына ыдысқа салып жем әкеп қойды. Торғай жемді жемеді. Атай оның себебін сезіп, сыртқа шығып кетті. Сәлден кейін терезеден сығаласа, торғай жемді жеп жатыр екен. Үсті де кеуіпті...

1.Мәтінде асты сызылған сөйлемде неше зат есім бар?

А. 3

В. 2

С. 1

Д. Жоқ


2. Әңгіме мәтіннің қай түріне жатады?

А. әңгімелеу

В. сипаттау

С. пайымдау

Д. баяндау


3. Тасымалдауға келмейтін сөзді көрсетіңіз

А. атай

В. торғай

С. бақша

Д. терезе

4. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

А. Жаңбырлы ауа райы жайында айтылып тұр

В. Құстың жем жемеуі жайында айтылып тұр

С. Жаңбырдан жаурап, әбден тоңған құс жайлы

Д. Адамның құсқа тигізген зияны туралы


5. Қате жазылған қатарды табыңыз

А. Жем жеді, жаңбыр өтті

В. Тоңып қалды, Омар атай

С. Бахшадан, себебын

Д. Құс ұшты, жылы жаққа

6. Сапалық сын есімді табыңыз

А. малды ауыл

В. сүтті сиыр

С. еріншек бала

Д. үлкен үй


7. Реттік сан есімдердің жұрнақтарын табыңыз

А. - ау, - еу 

В. -ы, -і

С. - ыншы, - інші, - нші, -ншы

Д. - ақ, -ек


8. Антоним сөздерді табыңыз

А. шыдам, төзім

В. сәл, азғантай

С. өкіну, қуану

Д. ренжу, рақмет


9. «Торғай» сөзіне фонетикалық талдау жаса.


10. Төменде берілген сөздерді сөз құрамына талда

Жемді, терезеден, жусанның






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
48 ұстаз жүктеп алған
4 қыркүйек
1738
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі