400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Қазақ тілі 6- сынып аралық емтихан материалы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі 6- сынып аралық емтихан материалының үлгісі 4 нұсқада жасақталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аралық аттестаттау тапсырмасы

(оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)

1 - нұсқа

6-сынып

1.Оқылым (1 балл)

1-тапсырма. Берілген мәтінді оқыңыз. Мәтінде көтерілген мәселені анықтап, сол мәселеге қатысты өз пікіріңізді білдіріп, комментарий жазыңыз.

Опера өнері

Театр – гректерден енген, түрлі таңғажайып құбылыстар,қызықтар көрінісімен қаншама халыққа көрсете алған. Бұрын көне театр Грекияның Афины қаласында ашық аспанның астында, таудың етегінде орналасқан, таудың етегін арнайы ойып, орындықтар жасап, мұнда 17мың көрермен отыратын болған, театрдың ортасы дөңгелек, шеңбер болған. Оны «орхестра» деп атаған.

Опера Еуропаның классикалық музыка мәдениетінің ең жоғары жетістігі болып есептеледі. Ең алдымен жазушы операның либреттасын ақырын жазады, мазмұны мен мәтінін құрайды, кейін, композитор дереу музыкасын жазады.

Опера – бір үлкен өнердің топтастырылған күрделі жанры. Басты рөлде – орындаушы, әншілер,балет әртістері,хор ұжымы болады. Ол музыка ғана емес, бүтін театр, яғни, біртұтас драмалық қойылым. Қойылымды басқаратын – режиссер, әншілерді. Оркестр басқаратын – дирижер, қойылымды суреттейтін – суретшілер, себебі сахнаны қойылымға қарай безендіреді, әртістердің киім үлгілерін жасап шығады, біраз тігіншілер – суретшінің дайындаған үлгілері бойынша едәуір киім тігіп даярлайды, гримдеушілер, шаштараздар – әртістерді сахнаға шығуға дайындап, бет әлпеті мен шаштарын сәндейді. Дыбыс шеберлері – сахнаға жарық беріп тұрады.

Операны қоюшылар, орындаушылар тыңдармандарына терең мазмұнын жеткізуге күш – жігерін аямайды.

Опера – 16-17 ғ Италияда пайда болды. Италияндық композитор Клаудио Монтеверди операға күрделі ариялар, вокалдық ансамбльдер, хор ұжымы мен оркестр сүйемелін енгізеді. Опералық ән - қайталанбас, қайталанбас, күшті. Онымен ешқандай поп-спектакль салыстыра алмайды. Мүмкін, сондықтан да опера дәуірлердің өзгеруіне немесе музыкалық тенденцияларға қарамастан сұранысқа ие және сүйікті болып қала береді. Қазіргі таңда көрерменнің опера өнеріне деген сұранысы әбден қалыптасқан. Бұл өнер түрінің жұлдыздары - әлемге әйгілі адамдар, олардың есімдері музыка тарихында мәңгі қалады.


Комментарий:_____________________________________________________ __________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Жазылым (3 балл)

«Қазіргі таңда көрерменнің опера өнеріне деген сұранысы біршама қалыптасқан.Сіз осыған келісесіз бе?» тақырыбында көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп, кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерін қамтып, «келісу-келіспеу» эссесін жазыңыз.(110-120 сөз)



3. Әдеби тіл нормасы (1 балл)

Оқылым мәтіні бойынша үстеулерді теріп, мағыналық түрлерін ажыратыңыз және синонимдік қатарларын тауып жазыңыз.

Үстеу

Мағыналық түрі

Синонимдік қатары







Қамтылған оқу мақсаттары:

6.2.6.1. Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу.

6.3.4.1. Эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі).

6.4.4.3 Үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану.

Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсырма реті

Дескрипторлар

Балл

Оқылым

Комментарий жасап оқу стратегиясын қолданады

1

Көтерілген мәселені анықтайды [0.5 балл]

Мәселеге қатысты пікір білдіріп, комментарий жазады [0.5 балл]


1 балл

Жазылым

Құрылымын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу эссесін жазады

2

Эссе құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдер) сақтайды [1 балл]

Көтерілген мәселемен келісу-келіспеу себептерін айқындайды[1 балл]

Орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады[1 балл]

3 балл

Әдеби тілдік нормалар

Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарын табады

3

Үстеулерді тауып, мағыналық түрін ажыратады

[0.5 балл]

Синонимдік қатарын табады [0.5 балл]

1 балл

Балл қою кестесі

р/с

Дағдылар

Тапсырмалар

Балы

Балл шкаласы

1

Оқылым

1-сұрақ – 0.5 балл

2-сұрақ 0.5 балл

1 балл

6 балл

2

Жазылым

Құрылымының сақталуы -1 балл

Мазмұны( сипаттауы) – 1 балл

Лексика-грамматикалық норманы сақтауы - 1 балл

3 балл

18 балл

3

Әдеби тіл нормалары

1-сұрақ – 0.5 балл

2-сұрақ 0.5 балл

1 балл

6 балл




5 балл

30 балл

Аралық аттестаттау тапсырмасы

(оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)

2 - нұсқа

6-сынып

1.Оқылым (1 балл)

1-тапсырма. Берілген мәтінді оқыңыз. Мәтінде көтерілген мәселені анықтап, сол мәселеге қатысты өз пікіріңізді білдіріп, комментарий жазыңыз.

Су – тіршілік ететін жалпы адамзат баласы мен табиғатқа ауадай қажет құбылыс. Себебі сусыз адам да, табиғат та, жан-жануарлар да ешқашан өмір сүре алмайды. Сондықтан да, «Су – тіршілік көзі», - деп бекер айтылмаса керек-ті.

Бүгінгі таңда, су әлемдік маңызы бар мәселе ретінде қарастырылады. Оның басты себептерінің бірі – су ресурстарының тапшылығы немесе шамадан тыс артуы. «Әлемдік жылыну» әсерінен Антарктида мұздары ерісе дәл қазір Жер шарының ¾ бөлігін алып тұрған су күллі ғаламшарды қамтуы ғажап емес. Дегенмен, әзірге судың жетіспеуі қатты алаңдатуда. Мысалы, бір Африка құрлығының су тапшылығынан диқаншылар егіншілікке кері әсер бергеніне таңырқады.

Судың сан қырлы қасиеттері бар. Ерекше бір қасиеті – көптеген дертке шипа бола алатыны. Оның бәрі баршаға аян. Су адам ағзасына өте қажет, әрі сирек кездесетін минерал болғандықтан, оны үнемдеп пайдалануды естен шығармаған дұрыс. Барлығының тіршілігі сумен байланысты. Сондықтан да «Су – тіршілік көзі», - деп бекер айтылмаса керек-ті.

Судың сан қырлы қасиеттері бар. Ерекше бір қасиеті – көптеген дертке шипа бола алатыны. Өз халқымыз шипалы су, артезиан суы деген сеніммен арнайы бұлақтарға, құдықтарға барып су алып жатады. Дегенмен, суды шамадан тыс пайдалануға да болмайтынын ескерген жөн, ол тірек-қимылдары жүйесі жұмысының баяулауына әкеліп соқтырады екен.

Комментарий:_____________________________________________________ __________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Жазылым (3 балл)

««Су – тіршілік ететін жалпы адамзат баласы мен табиғатқа ауадай қажет құбылыс» деген пікірмен келісесіз бе?» тақырыбында көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп, кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерін қамтып, «келісу-келіспеу» эссесін жазыңыз.(110-120 сөз)

3. Әдеби тіл нормасы (1 балл)

1. Сөйлемдегі есімдіктің қызметін анықтаңыз.

Барлығының тіршілігі сумен байланысты.

2. Зат есімнің орнына есімдікті қолданыңыз.

Диқаншылар егіншілікке кері әсер бергеніне таңырқады.





Қамтылған оқу мақсаттары:

6.2.6.1. Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу.

6.3.4.1. Эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі).

6.4.4.1 сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану;

Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсырма реті

Дескрипторлар

Балл

Оқылым

Комментарий жасап оқу стратегиясын қолданады

1

Көтерілген мәселені анықтайды [0.5 балл]

Мәселеге қатысты пікір білдіріп, комментарий жазады [0.5 балл]


1 балл

Жазылым

Құрылымын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу эссесін жазады

2

Эссе құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдер) сақтайды [1 балл]

Көтерілген мәселемен келісу-келіспеу себептерін айқындайды[1 балл]

Орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады[1 балл]

3 балл

Әдеби тілдік нормалар

Сөйлемдегі есімдіктің қызметін анықтайды. Зат есімнің орнына есімдікті қолданады.

3

Сөйлемдегі есімдіктің қызметін анықтайды. [0.5 балл] Зат есімнің орнына есімдікті қолданады.

[0.5 балл]

1 балл

Балл қою кестесі

р/с

Дағдылар

Тапсырмалар

Балы

Балл шкаласы

1

Оқылым

1-сұрақ – 0.5 балл

2-сұрақ 0.5 балл

1 балл

6 балл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
13.05.2024
616
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі