қазақ тілі 6-сынып ІІ бөлім «Ұлттық және отбасылық құндылықтар » Отбасылық құндылықтар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

қазақ тілі 6-сынып ІІ бөлім «Ұлттық және отбасылық құндылықтар » Отбасылық құндылықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: ІІ бөлім «Ұлттық және отбасылық құндылықтар »

Ұл – ұлт болашағы, қыз – ұлт намысы

Мектеп:

Күн: 27.04.2018

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 6


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Отбасылық құндылықтар

Осы сабақта қол жеткізіле-тін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.1 ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.

6.4.2.1 екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Оқылған материалдан ауызекі және көркем стильдік ерекшеліктерін таниды.Екпін және оның түрлерін біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Ауызекі және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін тілдік құралдар арқылы тани алады.

Екпіннің түрлерін ажырата алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Ауызекі және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін, тілдік құралдарын пайдалана отырып,мәтін құрай алады.

Екпіннің түрлерін ажыратады және сөйлем ішінде орынды қолдана отырып, түрлі мысалдар келтіре алады.

Бағалау критерийі

-Оқылым мәтіннің мазмұнын түсініп, ауызекі және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін ажырата алады, қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды.

-Екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде ажыратып, орынды қолдана алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін ережелелін білу,көркем және ауызекі сөйлеу стильдік ерекшеліктерін анықтау, себебебін түсіндіру.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін, сөз, сөйлем.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Ата-бабамыз,салт – дәстүріміз, кешірімді болу, ертеңгі елді қорғайтын ер,ұлттың намысты азаматы,үйде туып, түзде өлетін жігіттер,қыз – өмірдің гүлі,қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шұқтырмай,нәзіктік пене инаббаттылық,...нағыз қазақ қызы болумүлдем бөлек, ата- дәстүр, салт-сана.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Ауызекі сөйлеу стиль дыбыстары ассимиляция түседі, неліктен?Халқымыз ұл балаға қандай сенім артқан?

Не себепті екпін әр түрлі боп келеді? Ауызекі және көркем стильдік ерекшеліктеріне не үшін тілдік құралдар қажет деп ойлайсыз?


Мәтіндегі қанатты сөздерде қандай екпіндер бар?

ишара:

Бет,қол,дене қимылдары

Құндылықтарға баулу

Зайырлы қоғам және руханият


Ойлау дағды

оқылым

Пәнаралық байланыс

Ортақ тақырыптарға негізделген пәндер

Алдыңғы оқу:

6.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану;комментарий жасау іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу.



Жоспар

Сабақтың кезеңдері


Ресурстар





«Кіші шеңбер» әдісі

«Төрттік» әдіс


Қима қағаздар

Топ аттары


Бағалау парақша

Сабақтың басы

5-мин

Психологиялық ахуал

«Шаттық шеңбер» әдісі.

Сабақ басталар алдында оқушылар үлкен шеңберге тұрады, кезектесіп тілек айтады.
Өткенді пысықтау.

«Кіші шеңбер» әдісі арқылы алдыңғы сабақты пысықтау.

Жұп арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды.
Топқа бірігу. Әке, ана, бала, қызға деген жазулары бар парақшалар таратылады, сол аттар бойынша топтарға бірігеді

І топ: Болашақ

ІІ топ: Намыс

ІІІ топ: Ұл

ІV топ: Қыз

Топ басшыларына бағалау парақшасын тарату.

Сабақтың ортасы/

сабақтың негізгі бөлімі

2- мин
















2-мин




ТЖ.



15- мин










































ТЖ

5- мин



























ЖЖ

6- мин



































Қызығушылықты ояту:

Сурет бойынша тақырыпты болжа.


-Суретте кім бейнеленген?

-Бұл суреттен қандай құндылық көріп тұрсыңдар?

-Ұлға, қызға қатысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?


Оқылым. Оқылым алды тапсырма

1-тапсырма: Мәтінді түсініп оқып,пікірлеріңді түйінді сөздермен қорытындылаңдар .

Ұл-ұлт болашағы, қыз-ұлт намысы

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады.Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын,ұлттың намысты азаматыретінде әділдікке ,қайсарлыққа, кешірімді болуға,өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген.

Халқымыз ер белены 12-15 жасынан бастап алдағы өмірдің ауыртпалықтарына дайындап, намысын қайрап, жүрегіне батылдықтың отын жаққан. «Аты аталмаған жігіттен, аты аталған төбе артық»деп намыстандыратын, «айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт» таңдандыратын, «өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар» деп шамдандыратын, «ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «ерлік білекте емес, жүректе» деп қайраттандыратын, «ақыл-жастан, асыл-тастан»деп сеніміне шек келтірмейтін, «атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді»деп армандайтын еді халқымыз.

Ал қыз – өмірдің гүлі, барлық адамзаттың қадірлеп, аялайтын асыл аруы.Қыз баланы қазақта кішкентайынанмәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген. Нәзіктік пен инабаттылықтыәрбір қыздың бойына сіңіріп өсірген.

Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева «Өмірде қыз болу бар да,нағыз қазақ қызы болу мүлдем бөлек»деген пікір айтқан. Ата-дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен қазақ қызы қай ортада болсын, өзінің ерекше болмысыменкөзге түсетіні анық. Қазақ қызының бойындағы асыл қасиеттерімен бірге сыр-сымбатты да ерекшеленіп тұруы тиіс

Кері байланыс: Осы кезде «Ой түрткі»сұрақтар қойып отырамын

1 Халқымыз ұл балаға қандай сенім артқан?

2.Неге қыз баланы ұлт намысы деген?

3 Мәтінде кездесетін қанатты сөздердегі екпін қандай?

4.Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева қандай пікір айтқан?


ҚБ: «Ым ишарат» әдісімен бағалаудың ауызша түрі(керемет, тамаша,өте жақсы)




Дескриптор

- мәтінді мұқият түсініп оқыды;

- Өз пікірлерін түйінді сөздермен қорытындылады .



ТЖ.2-тапсырма. Топтық жұмыс «Кім жылдам?» әдісі

Өлеңде екпіннің қандай түрлері кездеседі? Кестеге түсіріңдер.

Мен жастарға сенемін

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін!

Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін!

Жас қырандар – балапан,

Жайып қанат ұмтылған

Көздегені көк аспан,

Мен жастарға сенемін!


Сөз екпіні

Ой екпіні

Дыбыс екпіні

Тіркес екпіні





Кері байланыс:»Сіздің нәтижеңіз қандай?» (жаман емес

-5-6 сөз, жақсы-8 сөз, өте жақсы -10 сөз)

ҚБ:

«Бас бармақ» әдісімен бағалау

Дескриптор:

-өлеңдегі көркем әдеби стильде жазылған тілдік құралдарды тапты;

-өлең жолдарын екпін түрлеріне қарай ажыратты


ЖЖ.3-тапсырма.Өлеңнен теңеулерді табыңыз, ауызекі сөйлеу стиліне айналдырыңыз.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін!

Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар,

Кері байланыс:

ҚБ:

«Смайлик» әдісімен бағалау


Дескриптор:

-өлеңдегі көркем құралдарды тапты;

-өлеңдегі көркем әдебиет стиліндегі тілдік құралдарды ауызекі сөйлеу тіліне айналдырды.



Саралау жұмысы. «Үш саты» әдісі бойынша саралау сұрақтары


І саты:

Ауызекі және көркем әдебиет стильдерді ВЕНН диаграммаға салыңыз


ІІ саты:

Ауызекі және көркем әдебиет стиль түрінде екпін түрлеріне мысалдар келтір


ІІІсаты:

«Ұл – ұлт болашағы, қыз – ұлт намысы» тақырыбында көркем әдебиет стильде шағын әңгіме жазыңыз.





Слайд




























«Джигсо»әдісі













































«Кім жылдам?» әдісі

Кесте, маркер, стикер.

«Бас бармақ» әдісі









































«Смайлик» әдісі







«Үш саты» әдісі



Сабақтың соңы

5- мин

«Бағалау пирамидасы» бойынша өзін-өзі бағалауды қолданамын . Бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгендері

бойынша өзін-өзі бағалайды. Оқушылар пирамида сатысына қарай

өз стикерлеріне есімдерін жазып, жапсырады.

Picture 2

Рефлексия

«Құнды. Қызық. Қиын» әдісі арқылы кері байланыс алу.

Құнды

Қиын

Қызық









Үйге тапсырма: Оқу мақсатын

негізге ала отырып стильдер мен тілдік ерекшеліктерді байланыстырып

«Мен қандай боламын» тақырыбында эссе жазу. (сөз саны 100)

Топ басшыларына сөз беріледі. Бағалау.


«Бағалау пирамидасы» әдісі

«ҚҚҚ»әдісі


Бағалау парақшасы

Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенінтексеруді

қалайжоспарлайсыз?

Пəнаралықбайланыс

Қауіпсіздікжəнееңбекті

қорғауережелері

АКТ-менбайланыс

Құндылықтардағы

байланыс

  • Үш деңгейлі тапсырма беру арқылы жоспарладым.

  • Бағалау парақшасы

  • Бас бармақ

  • Смайлик

  • Бағалау пирамидасы


  • әдебиет, мәдениет

  • Бейнежазба

  • Өзгелердіңмәдениетінежәнекөзқарасынақұрметпенқарайды.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары

шынайыма?

Бүгіноқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандайболды?

Мен жоспарлаған

саралаушаралары

тиімдіболдыма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердімбе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер

енгіздім жəне неліктен?



Оқу мақсаттары шынайы болды. Оқушылар мәтіннен негізгі ақпаратты, көтерілген мәселені анықтады. Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратты.Берілген уақыт ішінде жоспарланған тапсырмаларды орындатып үлгердім.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіругекөмектесетінне білдім?









































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
6812
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі