жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
қазақ тілі 6 сынып Телғара
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: «Отан-отбасынан басталады» |
Мектеп: Ақтөбе қаласы № 25 ЖБОМ |
||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Касенова А.Т. |
||
Сынып: 6 класс |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Телғара
|
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
6.Т3. Тұрмыстық –әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну 6.А6.Тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру |
||
Сабақтың мақсаты |
Барлығы:Тұрмыстық –әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсінеді Көпшілігі тірек сөздерге сүйеніп сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады. Кейбірі өзбетінше сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады. |
||
Бағалау критерийі |
1. Мәтіннен тұрмыстық -әлеуметтік тақырыбына байланысты жаңа сөздерді табады, мағынасын түсінеді. 2. Тірек сөздерге сүйеніп сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады. |
||
Құндылықтарға баулу
|
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы (патриотизм, еңбексүйгіштік) |
||
Пәнаралық байланыс |
Тарих, әдебиет
|
||
Алдыңғы білім |
«Қайтқанда» (М.Әуезов «Абай жолы» романынан үзінді)
|
Сабақ барысы |
|||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
|||||||||||
Сабақтың басы 2 мин 2 мин 2 мин 2 мин |
Қызығушылықты ояту «Ситуациялық сұрақтар» Музыка әуенімен оқушылар қалпақты шеңбер бойында бір-бірінің басына кигізеді. Әуен тоқтаған кезде қалпақ кімнің басында қалып қойса, мұғалім сол оқушыға сұрақ қояды.(мұғалім сұрақты барынша түрлендіріп, нақтылап отырады) Үлгі сұрақтар:
(сағындыңыз). Бүгінгі мәтінде «Сағыныш» тақырыбы қозғалады.
«Топтастыру» стратегиясы бойынша сөздің бірнеше формасын анықтайды (сағынған, сағындық, сағынбақ, сағынған,сағыну).
Бағалау: сұраққа жауап берген әр оқушыға смайлик беріледі. Мәтіннің атын анықтау
2ҚАРА
назар аударып, сөздің нені білдіретінін тауып көріңдер.
(Екі адам бір баланың, екі сиыр бір бұзаудың, екі ешкі бір лақтын суреттері берілген). Сонымен, Телғара деген сөз: екі ананың баласы дегенді білдіреді.
Мұғалім оқушыларды оқу мақсатымен, сабақ мақсатымен таныстырады. -Мәтіннен тірек сөздерді табамыз. Жаңа сөздерді табамыз. Мәтінді тыңдаймыз. Сұрақтарға жауап береміз. Бағалау критерийлерімен таныстырады. (2 минут) Топқа бөлу. |
Қалпақ
Түсті стикерлерді пайдаланып |
|||||||||||
Сабақтың ортасы Мәтінді тыңдау-5 мин 5 мин 10 мин Әр топқа 1,5 мин беріледі 3 мин |
Тыңдалым алды І.Тапсырма: Мәтінді тыңдап, ішінен тұрмыстық-әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздерді, түртіп отырыңдар (жаңа сөздер мен тірек сөздер, олардың қолдану шамасына қарай, тақтаға мұғалімнің басқаруымен жазылады )
ТЕЛҒАРА -Қалашылар, қалашылар келді! -Анау Абай, Абай ғой, айналайын-ай!!!Апасына айтайыншы,-деді бір қартаң әйел. -Басе, Телғара ғой...жаным-ау, мынау...Телғара! Әпкеме айтайыншы,-деп тағы бір жас әйел, жеңге де үлкен үйге қарай ұмтылысқан. Сағынған баласының келер мөлшерін Байтас кеткеннен бері шешесі Ұлжан да есептеп, осы бүгінге ұйғарып жүр еді... ...Кезек өз шешесіне келгенде, ол сүйген жоқ. Қатты бір қысып, бауырына басып тұрды да, маңдайынан иіскеді. Абайдың әкесіндегі тартымды салқындық шешесіне де көптен бергі мінез болған. Бала осыдан арғыны күтпеуші еді. Бірақ бауырына басқанның өзінде де Абайдың жүрегін қатты-қатты соқтырған аса бір өзгеше жақындық білінеді. Ана құшағы!.. Ұлжан көп ұстаған жоқ. -Әжеңе бар, әнеки!-деп, үлкен үйдің алдына қарай бұрып жіберді. Кәрі әжесі Зере бәйбіше таяғына сүйеніп, ұрсып тұр екен. - Жаман неме, маған бұрын келмей, әкеңе кеттің-ау! Жаман неме!-дей беріп, қасына, құшағына немересі барғанда, «жаман неменің» артынан лезде: -Қарашығым, қоңыр қозым... Абай жаным... –деп кемеңдеп, жылауға айналып кетті...
Таныс емес сөздердің мағынасын әртүрлі стратегиялар арқылы ашу (топтық жұмыс) 1 топ-Сурет бойынша сөздердің мағынасын ашу -Қартаң 2 топ –«Графикалық органайзер» - Кемсеңдеу-жыламсырау
3 топ – «Графикалық органайзер 2» -Құшағы
4 топ- Сөздіктің көмегімен сөздік қорды байыту-Ұйғарып
Сөздіктің көмегімен сөздік қорды байыту Сөздікпен орындалатын жаттығу
Дескрипторлар:
2.Таныс емес сөздердің мағынасын аша алады.
«Керемет», «Жарайсың», «Тамаша» сөздері арқылы мадақтау Тыңдалым кезі ІІ. Тапсырма: Тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырыңдар. 1топ- «Ауыл»
2топ- «Отбасы»
3топ- «Қала»
4топ-«Отан»
Әр топ өз жұмыстарын қорғайды. Дескрипторлар: 1.Сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырғанда тірек сөздерді пайдалана алады. 2. Сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыра алады. Тыңдалым соңы ІІІ. «Кофе таяқшалары» (Таяқшаларға оқушылардың аттары жасырын түрде жазылған.) -Мәтінде Абайға деген сағыныш қалай берілген? - Абайды кімдер сағынады? -Әжесі Зере Абайды қалай еркелетеді? -Оны қалай атаған? -Бүгін біз қандай сөздермен таныстық? - Нені уйрендік?
«Керемет», «Жарайсың», «Тамаша» сөздері арқылы мадақтау |
Аудио № 4
Түсіндірмелі, аударма сөздңктерді пайдаланады. (Қажет болса)
Кесте «Графикалық органайзер»
Әр топқа суреттер мен тірек сөздер, сөз тіркестері жазылған кеспе, үлестіріледі.
|
|||||||||||
Сабақтың соңы 2 мин 1 мин |
Кері байланыс. «ЖҚБА» әдісін пайдаланып, өздеріңді бағалаңыз . Ж-жақсы Қ-қызық Б- бөгет жасады А-алып кетер едім
Үйге тапсырма: Қарт адам туралы мақал-мәтел мағынасын ашып,, жаттап келіңдер.
1.Қарт адам туралы мақал-мәтелдің мағынасын аша алады. 2. Мақал-мәтелді жаттай алады. |
|
|||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасын сақтау |
|||||||||||
Нәтиже немесе жауап бойынша саралау «Тыңдалым алды» және «Тыңдалым кезінде» алынды. Саралау барысында оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылса да, түрлі деңгейдегі жауап күтіледі және қабылданады. Сабақтағы жылдамдық бойынша саралау. Оқушылардың кейбірі ақпаратты баяу қабылдап, басқаларының қабылдау жылдамдығы өте жоғары болғандықтан, сабақты жоспарлау барысында қанша тапсырма ұсынылатындығы және оларды орындау жылдамдығы ескерілді. Қарым-қатынас формалары бойынша саралау сабақ барысындағы топтық жұмыс кезеңдерінде байқалады. Шағын топтардағы қабілеті орта оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға мүмкіндігі бар, ал қабілетті оқушылар өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлсін қоса алады. Диалог негізінде саралау сабақтың басы мен «Тыңдалым соңы» және Кері байланыс кезінде жүзеге асады. Диалог негізінде саралау барысында мұғалім мен оқушы арасындағы сұхбатқа мән беріледі. Мақсат бойынша саралау белгілі бір мақсатқа сай түзету, жетілдіру, педагогикалық қолдау көрсету шаралары кезінде байқалады.
|
Сабақта ҚБ «Допты лақтыру» бойынша, смайликтер арқылы, «Шапалақ ұру», «Керемет», «Жарайсың», «Тамаша» сөздері арқылы бағалау жүреді.. Мақсаты: оқушылардың сабаққа қосқан үлестері үшін қолдау көрсету. Еркін сөйлеп, ойларын ортаға салуға жетелеу. Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Кері байланыс «ЖҚБА» әдісімен өзін-өзі бағалау арқылы жүреді. |
Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. Аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады. |
|||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
|
||||||||||||
Оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттары шынайы, қолжетімді болды, өмірмен байланыс байқалды (сюжетті суреттер желісі бойынша әңгіме құрастыру, психологиялық ахуал кезінде). Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізетіндей жағдай жасауға тырыстым. Сабақ барысында саралаудың бірнеше түрі жүрді: Нәтиже немесе жауап бойынша саралау, қарым-қатынас формалары бойынша саралау, диалог негізінде саралау, мақсат бойынша саралау . Сабақ кезінде уақытты тиімді пайдалануға тырыстым. Сабақ жоспарында ауытқулар болды (мәтін алды жұмыс кезінде,сабақтың ортасында), бірақ ықшам сабақ көрсеткенде әріптестерім мен тренердің пікірлері мен ескертулерінен кейін сабақ жоспарына түзетулер енгіздім. |
|||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Қабілеті жоғары оқушылар деңгейі төмен оқушыларға көмек көрсететінін, алға қарай бір-бірін жетелейтін тәжірибе жүзінде көрдім, сондықтан қарым-қатынас формасы бойынша саралау жұмыстарын пайдалану тиімді болатынын білдім. Оны Сюжетті суреттердің желісі бойынша трек сөздердің көмегімен әңгіме құрастыруда байқадым. 2: Сабақта таныс емес сөздердің мағынасын әртүрлі стратегиялармен ашудағы топтық жұмыс жақсы өтті. Себебі, біріншіден, уақыт үнемделді, екіншіден, әртүрлі стратегиялармен сөздің мағынасын ашуда оқушылардың қызығушылықтары артты деп ойлаймын. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Ресурстардың жеткілікті деңгейде болуы; АКТ-мен байланыс; бейнеүзінді болса; Жоспарыма мынадай өзгерістер енгіздім: сыныптағы оқушы санын, топ санын, жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақтың ортасындағы тыңдалым кезіндегі тапсырмаға өзгеріс енгіздім. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? Қалыптастырушы бағалаудың оқушылардың оқу жетістігіне жетуінде, алға ілгерілуіне ықпал етуіне ықпалын тигізетінін түсіндім. Сабақтың нәтижелі болуы сабақ жоспарлаған кезде саралаудың неғұрлым тиімді болуына байланысты екенін түсіндім. Сабақтың соңындағы кері байланыс мүғалім мен оқушының оқу мақсатын шешудегі оңтайлы әдіс екеніне көзім жетті. |

