Материалдар / Қазақ тілі 7 сынып «Қазақстандағы ұлттар достастығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақ тілі 7 сынып «Қазақстандағы ұлттар достастығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған жиынтық бағалау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2020
2938
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Бөлім

Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология


Оқу мақсаты

7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;


7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе);


Бағалау критерийі

  • Публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдікерекшелігінсалыстырады.

  • Эссе құрылымы мен даму желісінсақтап, мәселеніңоңтайлышешілужолдарынемесесебептерінеөзкөзқарасынжазады.


Ойлау дағдысының деңгейлері


Жоғары

Орындау уақыты

20 минут

1-тапсырма.Мәтінді оқыңыз,тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, тілдік ерекшелігін салыстырыңыз.

1-мәтін. Достығымыз әлемге әйгілі

Қазақстан көпұлтты Республика екені бұрыннан белгілі. Кеңестік дәуірде ҚСРО-дағы жалғыз интернационалды ел аталғанымыз тегін емес. Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр-тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, оларды туған-туыстарындай жақсы көрді. Міне, сондықтан, қазір Қазақстан көпұлтты мемлекет атанып отыр. Дәл Қазақстан сияқты ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі – дүниежүзінде ел жоқ. Біздегі халықтың ынтымақ, бірлігіне, жарастығына тәнті болған шетелдік саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері «Қазақстаннан үйрену керек» дегенді жиі айтады. Барлық ұлттардың терезесі тең, мүдде-мақсаты бір және олардың еркін еңбек етуіне, кәсіппен шұғылдануына, саясатпен айналысуына барлық жағдай жасалған ғой. Ең ерекшелік сол – кейбір ұлт өкілдерінің балалары мектепте өз ана тілінде оқиды. Мысалы, Ресейде мұндай үрдіс жоқ.

Қазір адал еңбектерінің арқасында кәсіппен шұғылданып, байып жатқан отбасылар көбейіп, қауымға айнала бастаған ұлт диаспоралары бар. Ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, бір шаңырақ аясында тату-тәтті өмір сүріп жатқан халық тек Қазақстанда жасап жатыр. Бұған әрине, қуанасың және мақтанышпен айтасың. Осындай ел бірлігі мен тұтастығы жолында өз бағдарламасы мен мақсаты бар Қазақстан Халық Ассамблеясының жұмысына дүниежүзі риза десек артық айтпаймыз. Әрине, оның басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғаны айтпаса да түсінікті.

Сілт. http://kazgazeta.kz/?p=26787


2-мәтін. М. Мағауин «Бір атаның балалары» әңгімесі

Үш-төрт аптаның ішінде аяғын күс басқан қара сирақ қара торы бала болды да шықты. Шашы ұстарамен алынған тақыр басы да қарақұйқа. Бірақ түр-тұлғасы әлі де бөлек. Тұнық көкпең көк көзі, ақшыл сары кірпігі мен қасының өзінен бұл баланың бөтен нәсіл екені айқын танылатын. Әйткенмен, бұған жұрттың көзі үйреніп қалған еді. Көп ішінде бұрынғыдай аңдағайлап тұрмайтын сияқты. Тілі де біршама бастыққан. Балалардың арасынан жақын достар ғана емес, алты атадан, жеті атадан табысатын қандас туысқандар да табылды. Ес білетін ересектері, тіпті, Нарымбет ағаға тартқан десетін. Аханның үлкен ұлы Келімбет соғыста неміс әйелін алыпты, содан қалған бала екен деп те соғушылар болды. Әйтеуір көп ұзамай Зигфрид балалар мемлекетінің тең мәртебелі, хан сайлауға, "Айгөлек" ойнауға, алысуға, күресуге толық хақысы бар қатардағы азаматы боп шықты. Басқа балалармен қол ұстаса тұрып: "... Қанжығадан қан керек. – Тебінгіден тер керек, – Маған анау тұрған пәленнің қу басы керек" – деп қыза айғайлайтын, иық тірестіре отырып "Хан жаман" деп еркін сөйлейтін дәрежеге жетті.

Сілт. https://kitap.kz/


Венн диаграммасы


1 мәтін

Ұқсастығы

2 мәтін

1.Тақырыбы



2.Құрылымы



3.Мақсатты аудиториясы




4.Тілдік ерекшелігі





1.Тақырыбы



2.Құрылымы



3.Мақсатты аудиториясы




4.Тілдік ерекшелігі





2-тапсырма«Ұлттар достығын нығайту жолдары» тақырыбы бойынша

эссе жазыңыз . (дискуссивті эссе) Көлемі: 60 сөз.


Кіріспе:

____________________________________________________________________

Негізгі бөлім:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Қорытынды:

____________________________________________________________________


Бағалау критерийлері

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

1.Публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердіңтақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдікерекшелігінсалыстыраталдайды.

1

публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбын салыстырады.

1

мәтіндердің құрылымын салыстырады.

1

мәтіндердің мақсатты аудиториясын табады.

1

тілдік ерекшелігін салыстырады.

1

2.Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап,тақырыпқа байланысты мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазады.

2

эссе құрылымы мен даму желісін сақтайды.

1

мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын жазады.

1

өз көзқарасын білдіреді.

1

Барлық балл саны:

7



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!