400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі. 9-сынып. Биотехнология: гендік инженерияның пайда болуы мен дамуы

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сыныпта қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді сабақ жоспары: 6-бөлім. Биотехнология және гендік инженерия келешегі

Мектеп: № 277 мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Анесова Жаннат Каруовна

Сынып: 9

Пәні: қазақ тілі

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың

тақырыбы:

Биотехнология: гендік инженерияның пайда болуы мен дамуы

Оқу мақсаттары

9.Т/А3. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу

9.ӘТН4.3.Сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: Тыңдалым арқылы гендік инженерия жөнінде ақпараттарды біледі. Мәтіндегі сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін ажыратады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Негізгі ақпараттарды өмірлік мәселелермен байланыстыра мазмұндайды. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып құрмалас сөйлем құрап жазады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Гендік инженерия тақырыбы бойынша сыни көзқарасын білдіреді. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді қатыстыра отырып, гендік инженерия тақырыбында монолог жазады.

Бағалау критерийлері

-тыңдалым арқылы негізгі ақпаратты анықтайды

-сабақтас құрмалас сөйлемдерді қатыстырып сөйлем, мәтін жазады

Ойлау деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Құндылықтарға баулу

Топтық жұмыс барысында өзара сыйластықты, құрметті, ынтымақтастықты, жауапкершілікті сезінеді. Ғылыми зерттеу дағдыларын дамытады. Проблемаларды шеуге, сын тұрғысынан ойлауға және шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрене отырып, өмір бойы білім алуға дайын болуға ұмтылады.

Пәнаралық байланыс

«Қазақстандағы селекция жетістіктері» Биология, 8-сынып


Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Гендік инженерияның адам өміріндегі маңызы туралы ақпараттарды біледі.


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Биотехнология- биотехнология - вiotechnology

Генетика- генетика -genetics

Молекула- молекула -мolecule

Фиксация - фиксация-fixing

Геном – геном – genome

Атмосфера – атмосфера- atmosphere

Микроағза – микроорганизм- micrograph

Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: гендік инженерия, генетикалық және биохимиялық әдістер, медицина саласы, атмосфералық азот

Талқылауға арналған сұрақтар:

*Гендік инженерияның пайдалы жақтары қандай?

* Неліктен «гендік инженерия» деп атайды?

* Геннің медицина саласына қандай қатысы бар?

Алдыңғы оқу

«Гендік өзгеріске ұшыраған өнімдер» Қазақ тілі, 7-сынып.

«Қазақстандағы селекция жетістіктері» Биология, 8-сынып



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығулар


Ресурстар


Сабақтың басы


5 мин





















2 мин










1мин



2 мин







Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар арасында психологиялық жағымды ахуал орнату мақсатында «Сиқырлы қобдиша»  тренингі ұйымдастырылады.

Мақсаты: оқушыларды өзара сыйластыққа, өзара құрметке, өзіне сенімділікке және жауапкершілікке бағыттау. Қатысушылар шеңбер құрады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер. 
Жаттығу шарты: қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. 

Тренинг соңында қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке шапалақ ұрып қошемет көрсетіледі.

ҚБ. Мадақтау

Топқа бөлу. Оқушылар қорапшадан суреттер алады. Сәйкес суреттер арқылы үш топқа бөлінеді.

ҚБ. Мадақтау

«Ашық микрафон» әдісі. Мұғалім оқушыларға бірнеше сұрақтар қояды, микрафон ұсынады.

* «Биотехнология» дегенді қалай түсінесің?

*Ген дегеніміз не?

*Неліктен «гендік инженерия»деп аталады?

*Гендік инженерия қай ғылым саласымен (пәнмен) байланысты?

ҚБ. Шапалақпен бағалау

Алдыңғы оқу сұрақ – жауап барысында еске түсіріле отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбы ашылады. Жаңа сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.


қобдиша


қағаз қиындылары


Рисунок 1



Сабақтың ортасы


31 мин










10 мин















3 мин
































10 мин



















8 мин


Білу. Түсіну.

ТЖ. «Гендік инженерия» тақырыбындағы мәтінді аудиожазбадан тыңдайды. Қажетті ақпараттарды «Кувёртка» әдісі арқылы анықтайды. (А-4 парақ екіге бүктелініп, топта кезек –кезек идеялар жазылып, ой бөліседі)

ҚБ. Асықтармен бағалау

Ж. «Білем-Білдім-Білгім келеді» (БББ) әдісі. (Донна Огл)

Білем

Білгім келеді

Білдім


Білетін ақпараттар

тағы да білгісі келетін сұрақтар тізбесін жасайды.


қандай ақпарат білгенін тұжырымдайды

ҚБ. Жұлдызшалармен бағалау

ЖЖ. «Диалог сабақта» әдісімен тыңдалым мәтініндегі ақпараттарды пайдаланып диалог құрады.

ҚБ. Бас бармақпен бағалау

Кері байланыс. «Кері байланыс бутерброды» әдісі

Мадақ

Сын

Мадақ

Мұғалім түсіндірмесі. Тілдік бағдар

Тыңдалым мәтінінде кездескен құрмалас сөйлемдерді еске түсіре отырып, сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері туралы ақпарат беріледі.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері

Мезгіл бағыныңқы сабақтас

Шартты бағыныңқы сабақтас

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас

Себеп бағыныңқы сабақтас

Мақсат бағыныңқы сабақтас

Қарсылықты бағыныңқы сабақтас

Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Сұрақтары

Баяндауыштары


қашан?

жатыс септік тұлғасындағы есімшеден болады


қашаннан бері?

есімше тұлғалы есімше мен кезде, күнде, шақта, уақытта деген мезгіл мәнді сөздердің тіркесінен болады


қашанға шейін?

барыс және шығыс септік тұлғасындағы есімше мен шейін, дейін, кейін, соң, бері, бұрын шылауларының тіркесінен болады


-ша, -ше тұлғалы есімшеден болады


көсемшенің –ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғасынан болады


етістіктің шартты райынан болады


-ысымен (-ісімен) қосымшалы етістіктен болады



Ж. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

1-тапсырма. Мезгіл бағыныңқы сабақтас және ыңғайлас салаластың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын «Венн» диаграммасы арқылы толтыр





2-тапсырма.

«Қазіргі кезде гендік инженерия не береді?» тақырыбында сурет бойынша мәтін құра






Қ Б. Дескриптор арқылы бағаланады

ҚБ. Өзін өзі бағалау

Қолдану. Сараланған жаттығулар

С деңгейінің тапсырмасы:

Кестені толтырады

Түрі

Ережесі

Мысалы

Мезгіл бағыныңқы сабақтас



В деңгейінің тапсырмасы:

Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып тыңдалым мәтінінің мазмұнына сәйкес мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем құрап жазады. (гендік инженерия, ғылым саласы, бөліп алу, қалыптасу, даму, болашақ, биотехнология)

А деңгейінің тапсырмасы:

Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді қатыстырып, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдап, орта көлемді монолог дайындайды.

Кері байланыс. «Ойды аяқта» әдісі

Бүгін мен білдім ..............................

Мен үйрендім....................................

Қиындық тудырды...........................

Қолымнан келді.................................










Рисунок 3








Ж. Дәулетбекова,

А. Рауандина,

М. Дусимбаева


Қазақ тілі

Жалпы білім беретін орта мектептің

9-сыныбына арналған оқулық

Алматы «Атамұра» 2019




кесте



тапсырмалар жазбасы























Сабақтың соңы


4 мин





3 мин






1 мин


Рефлексия: «SMS-хат» әдісі

1.Бүгінгі сабақтан қандай маңызды ақпарат алдым?

2.Мен кіммен ынтымақтаса жұмыс жасадым?

3.Бүгінгі көңіл күйім қандай?

Стикерге жазылған сабаққа қатысты ұсыныс, пікірлерін қағаз телефонға жабыстырады

Үйге тапсырма: «Гендік инженерияның пайдасы мен зияны» тақырыбында шағын баяндама жазу




Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау

Денсаулық-

ҚТС

Оқушылардың ерекшеліктері мен қабілеттеріне сай саралау тапсырмаларын дайындаймын. Тақырыптағы негізгі мәселелердә шынайы өмірмен байланыстырады.

Оқушылардың белгілі бір тобына оқу үдерісін ұйымдастыру мақсатында саралауға бағытталған тапсырмалар беріледі. Қалыптастырушы тапсырмаларда «Венн» диаграммасымен жұмыс жасайды. Оқушылармен белсенді оқу әрекетін жүргізу үшін түрлі тапсырмалар орындау барысында ерекше идеялар ұсынуына қолдау көрсетемін.


Оқушылардың қызығушылығын арттыру және дағдыларды игеруін бағалау үшін қалыптастырушы бағалаулар

қолданылады. Тыңдалымдағы мәтінді түсіну деңгейін анықтауда «Асықтармен», «Мадақтау сөздермен» «Бас бармақпен» бағалау пайдаланылады. Топтық, жұптық, жеке жұмыс барысында бағалау критерийлеріне сай дескрипторлар анықталады. Орындалған жұмыстар

туралы қорытынды шығару

мақсатында «Кері байланыс бутерброды», «Ойды аяқта» әдістерімен кері байланыстар алынады.



АКТ мүмкіндігі


Қауіпсіздік

техникасы

ережелері

сақталады.


Ықшам сабақ ықпалы. Оқу мақсатына сай сабақ мақсатын құрудың жүйелілігін түсіндім. Сабақ мақсатына сәйкес критерийлер алуда тренер көмегіне сүйендім. Сабақты жоспарлауда әріптестермен кеңесе отырып, оқушылардың шынайы қызығушылығы мен ынтасын арттыру үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануды басшылыққа алдым. Оқушылардың тақырып пен дағдыларды игеруін бағалау үшін қалыптастырушы бағалауларды пайдаланудың маңыздылығын түсіндім.

Жоспарлаудағы рефлексия:

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. Сараланған сабақ мақсаттарын айқындау

  2. Қалыптастырушы бағалау түрлерін қолдану

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. Оқу үдерісінде белсенді оқу әдістерін қолдану

  2. Оқушыларды уәждеу тәсілдері



Бағалау критерийлері

Дескриптор

-тыңдалым арқылы негізгі ақпараттарды анықтайды

-сабақтас құрмалас сөйлемдерді қатыстырып монолог жазады.

-мәтінге мазмұндық талдау жасайды

-әдеби тіл нормаларын сақтап жазады



Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар


1-тапсырма. Мезгіл бағыныңқы сабақтас және ыңғайлас салаластың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын «Венн» диаграммасы арқылы толтыр








2-тапсырма. «Қазіргі кезде гендік инженерия не береді?» тақырыбында сурет бойынша мәтін

құра












Бағалау критерийлері

Дескриптор

-құрмалас сөйлемдердің ережесін біледі;

-ерекшеліктері мен ұқсастықтарын ажыратады

-салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолын ажырата алады;

-ыңғайлас салалас пен мезгіл бағыныңқы сабақтастың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін табады;

-негізгі ақпараттарды тұжырымдап мәтін жазады

-сурет бойынша ой қозғайды;

-термин сөздерді орынды қолданады;

-өмірмен байланыстыра біледі
































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
26 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
5838
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі