400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қазақ тілі- менің тілім» ( тәрбиешілер арасында сайыс)

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілер арасында тілдерді насихаттау мақсатындТіла елжандылыққа, туған тілін қастерлеуге, Отанды сүюге, ата-баба дәстүріне адал болуға шақыру. көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы тәрбиешілердің дүниетанымын, ой өрісін .
Материалдың қысқаша нұсқасы












«Қазақ тілі- менің тілім»

( тәрбиешілер арасында сайыс)






Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Г.Тұңғатарова















Талдықорған қаласы







Қазақ тілі- менің тілім.

( тәрбиешілер арасында сайыс)

Мақсаты:Тәрбиешілер арасында тілдерді насихаттау мақсатында елжандылыққа, туған тілін қастерлеуге, Отанды сүюге, ата-баба дәстүріне адал болуға шақыру.

Тіл көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер    арқылы тәрбиешілердің дүниетанымын, ой өрісін кеңейту.

Жүргізуші: Қайырлы күн бүгінгі сайысқа қатысушы қадірлі ұстаздар! Бәріміз осы жерде дүниеге келіп, бәріміз осы таңғажайып Қазақстан мемлекетінде тұрамыз, әр алуан тілде сөйлейміз. Себебі,Қазақстан көпұлтты мемлекет. Бүгінгі мейрам - тілдер күні!

Ведущая: Добрый день уважаемые участники языкового конкурса, наши дорогие коллеги ! Жители необъятного Казахстана! Все мы родились на этой прекрасной земле, и говорим на разных языках. И все это потому ,что Казахстан – многонациональное государство. Сегодня мы празднуем День языков.

Ана тілің - арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!


Ендеше тіл мерекесіне арналған «Қазақ тілі-менің тілім» атты сайысымызды бастайық.

Сайысымыз 5 кезеңінен тұрады:

1 кезең: «Сәлем- сөздің анасы» (Таныстыру) (Приветствие)

2 кезең: «Мақал – сөздің мәйегі» (Мақал сайысы)Пословицы, поговорки.

3 кезең: «Четыре фото, одно слово»

4 кезең: «Тест»

5 кезең: Игра «Пошаговая»


Әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Гүлниса Досанқызы, Асем Мұхтарқызы, С.Дұрыскелдықызы.

Жұмысымызды оңтайландыру үшін кезегімізді анықтап алайық.



1 кезең: «Сәлем- сөздің анасы»

Бұл кезеңде әр топ өздерін таныстырады.

Ортаға (тобын) шақырамыз.

2 кезең: «Мақал – сөздің мәйегі» мақал сайысы.


Бұл сайыста таблодағы мақал-мәтелдерді жалғастырады


1.Өнер алды-қызыл тіл.

2.Тіл тас жарады- тас жармаса бас жарады.

3.Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ
4. Тіл қылыштан өткір.
5. Басқа бәле тілден.


Тренинг « Қызықты демалыс»


3 кезең: «Четыре фото, одно слово»


Ойынның шарты: экрандағы төрт суретке тән ортақ ұғым білдіретін сөзді

тауып, үш тілде айту.


4 кезең: « Тест»


Бұл сайыста қойылған сұрақтарға жауап беру.


Тест сұрақтары. 

1. «Қазақстан Республикасының тілдер туралы» Заңы қашан қабылданды?

А) 1989 ж.

ә) 1997 ж.

б) 2000ж.

в) 1999ж.

2. ҚР-ның конституциясы қашан қабылданды?

А) 14 наурыз 2006ж.

ә) 16 желтоқсан 1986ж.

б) 1 желтоқсан 1991ж.

в) 30 тамыз 1995ж.

3. «Мектепке дейінгі ересек жастағы баалардың ұйымдастырылған оқу қызметі нің жалпы көлемі:

а) 9 сағат

ә) 11 сағат

б) 12 сағат

в) 20 сағат

4. Қазақстанда тұңғыш мектеп жасына дейінгі бала тілінзерттеген ғалым кім:

А) Б.Баймұратова

ә) Ғ. Дукенбаева

б) С.Бәтібаева

в) Ә.Әмірова

5.  Тұңғыш балаларға арналған хрестоматияның авторы кім?:

а) М.Жумабаев.

ә) А.Байтұрсынов.

б) Ы.Алтынсарин.

в) Ж.Аймауытов.

6. Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті:

а) еңбек.

ә) тәрбие.

б)спорт.

в) ойын.

7. Балабақшада балаларды оқыту жүйесін алғаш жасаған педагог:

а) Я.А.Коменский.

ә) И.Г.Песталоцци.

б) Д.Локк.

в) Ф.Фребель.

8. ҚР Гимнінің авторы кім?

А) Ы. Алтынсарин, Н. Назарбаев.

ә) Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев

б) Ж. Жабаев, Н. Назарбаев

в) А. Құнанбаев, Н. Назарбаев.

9. Балабақшада қолдануға тиімді технология:

а) Дамыта оқыту технологиясы.

ә) Сатылай талдау технологиясы.

б) Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

в) модульдық оқыту технологиясы.

10. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына « Өзін-өзі тану» оқу қызметі қай білім беру саласына жатады?

а) Қатынас.

ә) Әлеуметтік орта.

б) Таным.

в) Шығармашылық.

г) Денсаулық.

5 кезең: Игра « Пошаговая-10»

 Бұл кезеңде қатысушы тандаған әріпіне басталатын қазақ тілінде сөздер айтып шығу.

 Тренинг: « Пожелайка»

Начиная с « А» и далее по алфавиту придумать пожелания на разных языках.

Мысалы: А ашық аспан, Б-болақ жарқын болсын!, В-вечной любви и т.д.


Әділ-қазыларға сөз берейік.

 

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылады сыр ойдағы,
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.- деп Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырламақшы біздер де әрқашан тілімізді бірінші орынға қойып жүрейік.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
1022
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі