400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты:1. Білімділік Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарымен таныстыру, Тіл туралы Заңының тараулары мен баптарын оқытып, үйрету; 2.Дамытушылық: Берілген тақырыптардың бірін таңдап, өз ойларын жазу. «Мен-Ана тілім- Болашақ» тақырыбында өз пікірлерін орта салу пікір алмасу ұйымдастыру; 3.Тәрбиелік: Оқушылар Қазақстан Республикасы азамат ретінде тілге қатысты құжаттарды білу, оны сауатты пайдалана білуге тәрбиелеу; Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Әдісі: баяндау, пікірлесу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл

Сабақтың мақсаты:1. Білімділік Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарымен таныстыру, Тіл туралы Заңының тараулары мен баптарын оқытып, үйрету;

2.Дамытушылық: Берілген тақырыптардың бірін таңдап, өз ойларын жазу. «Мен-Ана тілім- Болашақ» тақырыбында өз пікірлерін орта салу пікір алмасу ұйымдастыру;

3.Тәрбиелік: Оқушылар Қазақстан Республикасы азамат ретінде тілге қатысты құжаттарды білу, оны сауатты пайдалана білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Әдісі: баяндау, пікірлесу

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы.1.Ұйымдастыру кезеңі.

  1. ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды?

  2. Тіл саясаты туралы Заң қай жылы қабылданды?

  3. Қазақ тілі –мемлекеттік тіл мәртебесін қай жылы алды?

2. Жаңа сабақ:Сабақтың тақырыбы хабарланып,мақсаты айқындалады.

Әдеби тіл дегеніміз- белгілі бір қалыпқа түскен, қарапйым сөйлеу тілінен жоғары тұрған, жалпыға бірдей міндеті әрі дұрыс қабылданған нормасы бар тіл.

Сөздердің жазылуында да, айтылуында да, грамматикасында да және терминдердің жұмсалуында да орнығып, қалыптасқан бірізділікті норма деп атайды. Нормаға түспеген тіл әдеби тіл деп есептелмейді. Қазақ халқының әдеби тілі-қазақ тілі.

1989 жылы қазан айында республиканың Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстанның Тіл туралы заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.

3.Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Қазақ тілін әдеби тіл деп атаудың мәнін түсіндіріңдер.

  2. Қазақстанда қазақтардан басқа қандай халықтар тұрады?

  3. Қазақ халқы Қазақстаннан басқа тағы қай жерлерде тұрады? Олардың ана тілі қай тіл?

4. Оқулықпен жұмыс:1-жаттығу.

1. Өлеңді оқып, жаттап алыңдар.

2. Қазақ тілін неліктен баба тілі дейтінін жазбаша түсіндіріңдер.

5. Тіл дамыту:2-жаттығу.

Алдыңғы сыныптарда оқыған материалдарыңды еске түсіріп, ана-тілінің қадірі-қасиеті жайында ауызша әңгімелеңдер.

6. Морфологиялық талдау:Төмендегі мақалдарды оқып, олардың мағыналарын анықта.

1.Абыройлы боламын десең, Өз жұмысыңның ұстасы бол. 2. Құт-құтты болса құт, Құтсыз болып келсе жұт. 3. Күн құлақтанса, күрегіңді сайла, Ай құлақтанса, араңды сайла. 4.Ақылды мың жасар, Ақымақ бір жасар.

Құт, жұт, Күн,Ай- дегендер қандай ұғымдардың атаулары екенін айт.

Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.

Үлгі: Абыройлы- абырой+лы, дара, туынды,сын есім (зат есім+лы)

7. Сабақты қорыту.

8. Үйге тапсырма:3-жаттығу.

1. Мәтінге ат қою. Тырнақшаға алынып жазылған сөздердің мәнін ашу.

2. Қазақ тілінің өте бай әрі көркем тіл екендігін мәтіннен аңғарып, пікірлерін жазбаша жазып келу.

3. «Баба тілі» өлеңін жаттау.










Тексерілді:__________ Досманова А

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
505
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі