В.
Комаров атындағы жалпы орта мектебі
5
«Б» сынып
Қазақ тілі апталығының
жабылу салтанатына орай жазылған
сценарий
Қазақ
тілі мұғалімі мен әдебиеті
пәні мұғалімі:
Ибрагимова А. И.
Арыс
2016-2017 жыл
«Мәңгілік
ел - мәртебелі ел»
атты
тіл апталығының жабылу салтанаты
Мақсаты:
Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет
сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру,
таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне
деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің
тұғырының мықты болуына негіз қалаған
бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ
тілінің мәртебесін көтеру.
1-жүргізуші:
Армысыздар қадірменді оқушылар және
ұстаздар!
2-
жүргізуші:
« Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
онкүндігінің жабылу» салтанатына
қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Құрметті көрермендер! Сөз кезегін
мектеп директоры Ранджибари Хусен
Хасановичке береміз.
2-
жүргізуші:
Қазақ
тілі – бай тіл, оралымды, ырғақты
теңеу-бейнелеулері ерте туған тіл. Абай,
Ілияс, Мұхтар сияқты алыптар туғызған
тіл.
1-жүргізуші:
«Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да
қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға
ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы.
Өз ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін
адам жоқ. «Халықтың мәңгі ғұмыры – оның
тілінде. Әрбір тіл өз халқы үшін – ұлы»,
- деген Шыңғыс Айтматов.
2-жүргізуші:
Ана
тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана,
Мен
өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің
әр бір тынысыңмен күн кешем,
Сен
арқылы тіршілікпен тілдесем.
1-жүргізуші:
«Қазақстан
бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын
мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс.
Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік, орыс
тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын
тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай
кірігу тілі», - дейді Елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев.
(үш
тілде өлең оқылады)
Жанерке:
Ана
тілім бал тілім
Өзің барда шалқыдым.
Өз
тілімде ән шырқап
Термелетіп
балқыған.
Тілім барда мақтанам
Тілім
менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.
Арон:
Diffrent
languages
I met a litte giri
Who came from another
land
Icoudnt speak her languages
But took her by the
land
We danced togerher
And such fun
Danging is a
languages
You can speak with anyone
Ақжол:
Язык
наш прекрасный
Богатый и звучный,
То
мощный и страстный,
То нежно певучий.
В
нем есть и усмешка,
И мягкость и
ласка.
Написаны им
И рассказы и
сказки.
Страницы волшебных,
Волнующих
книг!
Люби и храни
Наш великий
язык!
2-жүргізуші:
Ана тіліңді қадірлеу – мемлекетіңді,
ұлтыңды, өзіңді қадірлеу. Қазақстан
егемендігін баянды етіп, оны әлемдегі
озық елдердің қатарына қосу үшін
мемлекеттік тілдің жетекші рөлі зор.
1-жүргізуші:
Сондықтан туған тілімізді көзіміздің
қарашығындай қорғау – ол біздің, яғни
жастардың басты міндеті.
2-жүргізуші:
Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл
қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен
дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта
да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз
ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.
Аяжан:
Тілім
менің
Тіліп
түсер білгенге тіл дегенің,
Тілім
барда мен басқа түрге енемін.
Тілімнің
арқасы ғой әрқашанда,
Бойыма дарыса
егер білмегенім.
Ұқтыратын
анаңның жырын,мұңын,
О, жастар тіліңнен
түңілмегін.
Шұбарламай түсіріп бір
арнаға,
Өз тіліңде сөйлейтін күнің
бүгін.
Мұзафар
Әлімбаев
1-жүргізуші:
Қазақстанда
тұратын барлық ұлттар еліміздің ашық
аспаны мен көк туының астында бейбіт
өмір кешіп жатыр. Біздің жүрегіміз
тәуелсіздікті қалайды.Бәріміз
тәуелсіздіктің көк туын жоғары көтеріп,
болашаққа нық қадам басайық.
(әнді
айтылады)
Ақымбек
Әсел
Көк
тудың желбірегені (әнді Әсел мен Ақымбек
бірге айтады, қайырмасында оқушылар
бірге хормен айтады.)
2-жүргізуші:
Қадірменді көрермендер! Осымен қазақ
тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігін
жабық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
онкүндігін қорытындылау мақсатында
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
бірлестік жетекшісі Муратова Гулстан
Асанханқызына сөз береміз. ( Муратова
Гульстан Асанханқызы онкүндікті
қорытындылап, ОНКҮНДІККЕ атсалысқан
сыныптарды алғыс хаттармен марапаттайды)
(ән ұран орындалады).