400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі Ашық сабақ Сөйлеу мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдептілікті білдіретін сөздермен тереңірек таныстыру.Оларды пайдаланудың жолдарын үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:Сөйлеу мәдениеті 538-541-жаттығу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Әдептілікті білдіретін сөздермен тереңірек таныстыру.Оларды

пайдаланудың жолдарын үйрету.

Тәрбиелілігі:Мәдениетті сөйлеуге,әдепті,кішіпейіл болуға тәрбиелеу,үлкенді

сыйлауға баулу.

Дамытушылығы:Сыпайы сөздерді пайдаланып сөйлем құрау,сауатты жазу

қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:көрініс,талдау,саралау,дәлелдеу,рөлдік ойын.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,слайдтар,телефон.

Сабақтың жүрісі:

I.Психологиялық дайындық.

Біз білімді боламыз

Айтқан тілді аламыз

Сабақты үнемі жақсы оқып

Кілең бестік аламыз.

II.Өткен материалды пысықтау.

1.Үй тапсырмасын тексеру.535-жаттығу.

Ребусты шешіп,шешуіндегі сөзді қатыстырып,сөйлем құрау.(Барлық оқушыдан сұралады)

2.Пысықтау сұрақтары:

-«Бесеу»-қандай сан есім? (жинақтық)

-Осы сан есімді реттік сан есімге(бесінші) есептік сан есімге(бес) топтау сан есімге(бес-бестен)айналдырыңдар.

-Сан есімнің тағы қандай түрлерін білеміз?(болжалдық,бөлшектік сан есімдер)

-Біз сан есімді несіне қарай топтап,бөлдік?(мағынасына қарай)

III.Жаңа сабақ.

1.Ой қозғау.

-Сөйлеудің неше түрі бар?(ауызекі,жазбаша)

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:Сөйлеу мәдениеті.

-Сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесіңдер?

-Мәдениетті сөйлеген адамды қандай адам дейді?

2.Олай болса мені тыңдаңдар!

Өте ертеде бір дана қария өлер шағында қасына ұлын шақырып алып:

-Балам,менің дүниемен қоштасар күнім жақын.Өзіңе қалдырып бара жатқан асыл қазынам бар.Сен соны іздеп тап,ұқыпты пайдалан,ұқсатып қолдан,-депті.

Күндердің күнінде бала әке қалдырған іздеймін деп әбден шаршайды.Бірақ әкеден қалған қазына таптырмайды.Амалы таусылған бала ел ішіндегі көпті көрген бір қариядан ақыл сұрайды.

-Әкеңнің сөзі рас,балам.Оның саған қалдырған мұрасын табу үшін әуелі менің мынадай өсиет сөздерді оқып,мағынасын түсін.Содан соң ол қандай қазына екенін мен айтпай-ақ білесің,-депті.

-Ал біздер де сол қарияның өсиеттерімен танысып,тыңдайық,мағынасын түсінейік.Ол қандай қазына екен?Бірге іздейік!

Өсиет: «Сөз сүйектен өтер»

1-тапсырма.Сыпайы сөзді тауып,өлеңді рөлге бөліп оқы.

Нұржан қандай елгезек,

Берді ағайға жол кезек:

-Ағай,... ...!

-... , ұланым,

Ізетіңмен ұнадың!-деп,ағай да Нұржанды жақын көріп,нұрланды.

-Өлеңге ат қоялық.-Нұржан қандай бала екен?

Өсиет: «Ойнап сөйлесең де,ойлап сөйле»

2-тапсырма.

-Қандай сыпайы сөздер білеміз?

Өсиет: «Өтірік сөз өрге баспас»

3-тапсырма.538-жаттығу.

Жұмбақты оқып,шешуін табу.

Он көз бар өзінде

Он цифр бар көзінде.

Көзіне саусақ саласың

Жырақтан хабар аласың. (телефон)

Өсиет: «Жақсы сөзге жан семірер»

4-тапсырма.539-жаттығу.

1.Сөйлеу мәнерінің қайсысы дұрыс?

(Қолдарына телефон аппаратын ұстап,мәтінді рөлге бөліп оқып,кейіпкерді сомдайды)

2.Дұрыс үлгіні дәптеріңе көшіріп жаз

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық

Қолды белге қояйық

Бір отырып,бір тұрып

Біз тынығып алайық.

Өсиет: «Ердің өзіне қарама,сөзіне қара»

5-тапсырма.Көрініс көрсету.

Ауыр сөмкесі бар бір әжей келе жатады.Алдынан бір оқушы шығады.

-Қандай іс-әрекет жасайды,әжейге қандай сыпайы сөз айтады?

III.Қорытындылау.

Өсиет: «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар»

6-тапсырма.540-жаттығу.

1.Берілген жауаптардың қайсысы дұрыс екенін дәлелде.

2.Сенің үйіңе бөгде біреу нөмірден қателесіп телефон соқты.Сен оған қалай жауап бересің?

Соңынан қазынаның не екенін балалардан сұрап,іздестіріледі.(қазына-сөз)

V.Үйге:541-жаттығу.

VI.Бағалау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
528
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі