400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі-бай тілім

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды тіл мәдениетін сақтай білуге, тіл тазалығы үшін күресуге, сөз өнеріне баулу.Балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қазақ тілі - бай тілім

Мақсаты: Оқушыларды тіл мәдениетін сақтай білуге, тіл тазалығы үшін күресуге, сөз өнеріне баулу.Балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тіл туралы нақыл сөздер, слайд, ойындар, қима әріптер.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге!

Мұғалім: «Жан көріністерінің ең қымбаты-ой, ой тілі-сөз. Тіл –адам жанының тілмашы. Тілі кем болса, адамның қор болғаны.»- деген Мағжан атамыз. Ендеше тіл туралы ойларымен бөлісу үшін ортаға балаларды шақырамыз.

1-оқушы: Тіл-халықтың тарихы, тіл- ұлттық қазына, тіл- біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.

2-оқушы: Қазақ тілі- өз тілім, ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені.

Болашағым, бақытым, дара тілім.

3-оқушы: «Ана тілін білмейтін адам-бір қолы жоқ шолақ адам секілді.» Ғабиден Мұстафин.

4-оқушы: Дәулет деген ұғыңдар!

Кеше бар да бүгін жоқ.

Тілің болса, үнің бар

Тіл болмаса, түгің жоқ.

5-оқушы: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де болашағынан да қол үзеді.» Ғабит Мүсірепов

«Ана тілін сүйемін» әнін орындау.

Слайдпен жұмыс. Тіл туралы нақыл сөздерді оқып беру,мағыналарын ашу.

Мақал –мәтелдерді айту.

  1. У ішсең ұлтыңмен,

Жұтасаң жұртыңмен.

  1. Өзін-өзі басқарған ел бақытты.

Өзін-өзі билеген ел бақытты.



  1. Берекені көктен тілеме,

Бірлігі мол көптен тіле.

«Кім шапшаң?» ойыны

Балаларды үш топқа бөлу. Қима әріптер тарату. Әр топ өзіне берілген қима әріптерден сөздер құрайды. (Отан, қазақ дос)

6-оқушы: Тіліңді үйрен күнде сен.

Ол іс деме жай ғана.

Өз тіліңмен жиренсең,

Өлім, қылмыс, надандық.

Барлығы хормен:

Ақ сүтіндей ананың,

Ана тілің- жан арың!

Мұғалім:

-Тіл- ата –баба аманаты. Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан, бабадан-балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы.

-Тәлім-тәрбие тілден басталады. Олай болса, тіл-бөбектің үні, тіл-ананың әлдиі, тіл-бесік жыры.

«Бесік жыры» орындалады.

8-оқушы:

Туған тілім-тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім,мен де бірге өшемін.

9-оқушы:

Қазақ тілім-саялаған нұр бағым,

Қазақ тілім-ана тілім, ардағым.

Сен арқылы жетіп жатыр өмірге

Жан сырларым, тілегім, бар арманым.

Бәрі қосылып:

Тілден биік асқар жоқ

Тілден асқан байлық жоқ

Тілден терең теңіз жоқ!

Қорытынды:

Мұғалім: Ардақта тіліңді,

Ал одан білімді.

Өз тілің үйретер

Өнерді ,ғылымды

Тіліңсіз білім жоқ

Білімсіз күнің жоқ.

-Ананың ақ сүтімен берілген ана тілімізді ардақтап, сүйе білейік.

-Осымен тәрбие сағатымыз аяқталады.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
967
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі